«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»


В) Жоғаргы алдыңғы үяшықтар тармактары, rr.alveolares superiores anteriores



бет12/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

В) Жоғаргы алдыңғы үяшықтар тармактары, rr.alveolares superiores anteriores, бір үш мөлшерінде, ең ірілері. Көзұя астындағы нервтен көзұя астындағы тесік арқылы шығар жеріне дейін тармакталады.
2. Қанат-таңдай нервтері, nn. pterygopalatini, екі-үш мөлшеріндегі кысқа жіңішке тармактар, олар ganglion pterygopalatinum құрылуына қатысады. Бұл тармактардың кейбір талшыктары түйін құрамына кіреді; ал калғандары қанаттаңдай түйінінен тараған тармактармен байланысады. Оларға көзұялык тармактар, rr. orbitales, мұрындық артқы жоғарғы тармактар, nn. nasales posteriores superiores, және таңдайлык нервтер, пп. palatini, жатады.
Қанат-таңдай түйінінен (ganglion pterigopalatinum-нен) шығатын постганглилік секреторлық тармақтар

1) түйіншелік тармақтар (rr.ganglionares) – жоғарыда айтылғандай, қанат-таңдай түйінін n.maxillaris-пен байланыстыратын парасимпатикалық нерв талшықтары; осы байланыс нәтижесінде парасимпатикалық импульстар n.maxillaris-ке, одан n.zygomaticus-ке, содан соң көз нервісінің (n.ophthalmicus) тармағы көзжас нервісіне (n.lacrimalis-ке) беріліп, көзжас безі иннервацияланады, яғни көзжас безінің қан тамырлары кеңейеді және көз жасының бөлінуі күшейеді;
2) мұрынның артқы тармақтары (rami nasales posteriores) – сына-таңдай тесігі (foramen sphenopalatinum) арқылы мұрын қуысына өтіп, оның сілемейлі қабығының бездерін нервтендіреді; олардың ең ірісі мұрын-таңдай нерві (n.nasopalatinum) күрек тіс каналы (canalis incisivus) арқылы ауыз қуысына кіріп, қатты таңдайдың сілемейлі қабығының бездерін иннервациялайды (секрециясын күшейтеді);
3) таңдай нервтері (nn.palatini) – таңдайдың үлкен каналы (canalis palatinus major) арқылы төмен бағытталып, таңдайдың үлкен және кіші тесіктері (foramen palatina majus et minus) арқылы ауыз қуысына шығып, қатты және жұмсақ таңдайлардың сілемейлі қабығының бездерін иннервациялайды (секрециясын күшейтеді).
3. Бетсүйек нерві, п.zygomaticus, жоғарғы жақсүйек нервтен қанат-таңдай шұңкыры аймағында тармақталады және көзұя астындағы нервпен бірге көзұясына көзұяның төменгі саңылауы аркылы кіріп, көзқяның сырткы кабырғасында жатады. Бетсүйек нервінің өз жольшда көзжас нервімен қосатын дәнекер тармақ, ramus anastomoticus cum n.lacrimali, бар, ол ganglion pterygopalatinum-нан тарайтын талшықтардан кұрылған. Кейін бетсүйек нерві foramen zygomaticoorbitale-re кіріп, бетсүйектің ішінде екі тармакка бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет