«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»


Көз алмасы, қабықтары, олардың құрылысы



бет19/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

2. Көз алмасы, қабықтары, олардың құрылысы.
Көз алмасы ядросы барлық жағынан үш қабықпен қоршалып тұрады:
1. Сыртқы немесе көз алмасының фиброзды қабығы, tunica fibrosa oculi;
2. Ортаңғы немесе көз алмасының тамырлы қабығы, tunica media, s. tunica vasculosa bulbi oculi, s.uvea;
3. Ішкі немесе торлы қабық, tunica interna, s. retina bulbi oculi, оны, сондай-ақ tunica nevrosa деп те атайды.
Көз алмасының сырткы қабығы немесе көз алмасының фиброзды қабығы - tunica fibrosa bulbi oculi, үш қабықтың ең берігі. Оның арқасында көз алмасы өзіне тән пішінін сақтайды. Көз алмасы сыртқы қабығының алдыңғы кіші бөлігі (барлық қабыктың 1/6 бөлігі) мөлдір қабық, cornea (keras) деп аталады. Мөлдір қабық көз алмасының ең шығыңкы бөлігі, ол аздап ұзарған иіліңкі-шығыңкы линза пішінді болады, осы иілген бетімен артқа бағытталады. Мөлдір қабықтың шеткері бөліктерінің қалыңдығы - 1-1,2 мм, ортасы - 0,8-0,9 мм. Мөлдір қабықтың көлденеңінен алғандағы диаметрі 11-12 мм, тігінен алғандағы диаметрі -10,5-11 мм. Мөлдір қабық мөлдір дәнекертінді стромадан, мөлдір қабықтың меншікті заттегін, substantia propria cornea түзетін мөлдір қабықтық денешелерден тұрады. Стромаға алдыңғы және артқы беттерден алдыңғы және артқы шекаралық табақшалар, lamina limitans anterior et posterior, немесе алдыңғы және артқы эластикалык табақшалар, laminae elasticae anterior et posterior (BNA) (немесе шекаралық мембраналар) келіп жанасады. Біріншісі мөлдір кабықтың түр өзгеріске ұшыраған негізгі заттегі болып табылады, екіншісі мөлдір кабықтың артқы бетін жауып тұратын және көздің барлық алдыңғы камерасын көмкеріп жататын эндотелий туындысы саналады. Мөлдір қабықтың алдыңғы беті көп қабатты эпителиймен жамылған, ол айқын шекарасыз көздің дәнекертінді қабығына ауысады. Мөлдір қабық өз тінінің гомогендігі мен кан және лимфа тамырларының болмауына байланысты мөп-мөлдір болады
. Көз алмасының артқы, үлкен бөлігін (барлық қабықтың 5/6 бөлігі) ақ қабық, tunica albuginea немесе склера, sclera кұрайды. Склера мөлдір қабаттың тікелей жалғасы саналады, одан айырмашылығы склера тығыз дәнекертін мен эластикалық талшықтардан тұрады және мөлдір емес. Склераның мөлдір кабыққа өтуі бірте-бірте өтеді. Олардың шекарасында жартылай мөлдір шығыршық, көзұя ұшы, limbus согпеае, болады. Склераның сыртқы беті алдыңғы бөлікте дәнекертінді қабықпен немесе конъюктивамен, ал артқы бөлікте тек эндотелиймен жамылған. Склера қалыңдығы барша бойында бірдей емес. Ең жұқа бөлігі - склераның көз алмасынан шығатын көру нервісімен түйрелінген тұсы. Осы жерде склераның торлы табақшасы, lamina cribrosa sclera, түзіледі. Склераның ең қалың тұсы көру нерві айналасында - 1-1,5 мм; алдына қарай склера калыңдығы азаяды да, экватор маңында - 0,4-0,5 мм; бұлшыкеттердің бекитін жерлерінде ол тиісінше 0,6 мм дейін қалыңдайды. Көру нерві талшыктарымен катар, склераны көптеген жерлерде артериялык және вена тамырлары мен нервтер түйрелеп, онда бірқатар тесіктер кұрайды, оларды склера туындылары, emissaria sclera деп атайды. Склераның алдыңғы болігі бойында, мөлдір қабықұшына жақын жерде склераның циркулярлы бағытта өтетін веналык синусы, sinus venosus sclera (canalis Schlemmi) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет