Байланысты: ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)
Көз алмасының ішкі қабығының, tunica interna oculi) немесе торлы қабықтың, retina, немесе нервті кабықтың, tunica nervosa, құрылысы күрделі. Ол өзінің сыртқы бетімен барлық бойымен тамырлы қабыққа, ал ішкі бетімен шынытәрізді денеге келіп жанасады. Торлы қабықта екі тең емес бөлікті айыруға болады, олар - артқы, үлкен жарық тітіркендіргіштерін қабылдайтын торлы қабықтың көру бөлігі, pars optica retinae, аталған бөлік цилиарлы денеге дейін созылып, тістік жиекпен аяқталады, ora serrata, екінші бөлік алдыңғы, кіші мұнда жарық қабылдайтын элементтер болмайды, оны торлы қабықтың соқыр бөлігі деп атайды, pars сеса retinae. Соңғысы тамырлы қабықтың бөліктеріне сәйкесе отырып, торлы қабықтың цилиарлы бөлігі, pars ciliaris retinae, мен торлы қабықтың нұрлы бөлігіне, pars iridica retinae бөлінеді. Торлы қабықтың көру бөлігі, pars optica retinae ол өзара айырмасы бар түрлі микроскопиялық қабаттардан тұрады:
торлы қабықтың пигментке бай, тамырлы бөліктің ішкі бетімен жанасатын пигментті қабаты, stratum pigmenti;
нервтік эпителиалді жасушалар қабаты, таяқшалар, bacilli, және түтікшелер, соnі, бұлар торлы кабықтың жарық пен түс сезімтал элементтері саналады;
сыртқы шекаралық табақша, membrana limitans externa; 4) таяқшалар мен түтікшелердің ядромен ұштасатын бөліктерінен түзілетін сыртқы дәндесін қабығы; 5) сыртқы торша тәріздес қабық, stratum reticulare externum; 6) ішкі дәндесін қабат, stratum granulosum internum; 7) ішкі торша тәріздес қабық, stratum reticulare internum; 8) ганглиозды мультиполярлық жасушалар қабаты; 9) көру нерві талшықтары қабаты; 10) шыны тәріздес денемен жанасатын ішкі шекаралық табақша, membrana limitans interna. Торлы қабығы көру бөлігінің ен сыртқы қабаты - пигментті қабат, stratum pigmenti, ол анатомиялық тұрғыдан алғанда тамырлы қабықпен тығыз байланыскан және торлы қабықтың өзге бөліктерімен бос байланысады, сондықтан көз алмасын ашқан кездері ағып шығатын шыны тәріздес денеден соң торлы қабық пигментті қабатсыз бөлініп шығуы орын алады. Торлы қабықтың көру бөлігінің сыртқы бетімен айқын байқалатын сопақ пішіндегі төмпешік - көру нервінің дискісі, discus nervi optici, немесе көру нерві емізікшесі, papilla nervi optici (BNA) болады. Осы жерде торлы қабыктың ганглиозды нерв жасушаларының аксондары жиналып, склераны үңгелей түйрейді де, көру нерві бағанын түзеді.
Көз алмасының ішкі ядросы құрамына шынытәрізді дене, corpus vitreum, көз бұршақ, lens және сулы ылғал, humor aquosus, кіреді . Шынытэрізді дене, corpus vitreum, көз алмасы қуысының үлкен бөлігін алып жатады. Шынытәрізді дене мөп-мөлдір тамырлары мен нервілері мүлдем жоқ кілкілдек массадан тұрады. Оның кұрамына шырмалынып жатқан нәзік талшықтар жүйесі мен ақ затқа бай сұйықтық- шынытәрізді дене, humor vitreus, кіреді. Шынытәрізді дененің алдыңғы беті көзбұршақтың артқы жағына қарайды, оның бойында пішініне сәйкес тобықтәрізді, шынытәрізді шұңкырлар, patellaris һуaloiden, болады. Шынытәрізді дененің басқа бөлігі торлы қабаттың ішкі бетіне жанасып, шартәріздес пішінге жақындайды.