«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет18/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Көру ағзасы, organon visus, немесе көз, organa oculi accessoria, кабақтардан, көзжасы oculus, көз алмасынан, bulbus oculi, көру аппаратынан, көз алмасы бұлшықеттерінен нервінен, n. opticus, және қосалқы ағзалардан, және нервтерден тұрады.
Көз алмасы, bulbus oculi (ophthalmos) дұрыс емес шар тәріздес пішінде болады. Қарап зерттеуге тек алдыңғы, кіші, аса шығыңқы бөлігі - мөлдір қабық, cornea, оны коршап жатқан қалған бөлігі қолданымды, үлкен бөлік көзұяның терең бөлігінде жатады. Көз алмасының екі белдеуін айырады: алдыңғы және артқы.
Алдыңғы белдеу, polus anterior, аса шығыңқы орталық бөлікте, мөлдір кабықтың алдыңғы бетінде орналасады, ал артқы белдеу, polus posterior, көз алмасының артқы сегментінің ортасында, көру нерві шығу орнынан сәл сыртына таман орналасады. Алдыңғы және артқы белдеулер арақашықтығы шамамен алғанда - 24 мм.
Көз алмасының екі белдеуін косып тұратын сызықты көз білігі, axis oculi, немесе көздің геометриялық білігі, axis oculi geometrica, немесе көздің сагиталді білігі, axis oculi saggitalis деп атайды. Осы аталған біліктен көздің ішкі білігі шығады, axis oculi interna, ол 21,3 мм жетеді де, мөлдір кабықтың өзіне сәйкес келетін ішкі білігінің оның алдыңғы белдеуімен түйісетін нүктесін, торлы қабаттағы көз алмасының артқы белдеуіне сәйкес келетін нүктесімен қосып жалғайды. Көз алмасының ең үлкен қиғашынан алғандағы көлемі орта есеппен 23,6 мм тең, ал тігінен алғандағы көлемі - 23,3 мм. Көз алмасының фронталді жазықтағы ең көп ауқымын косып тұратын сызықты, экватор деп атайды. Ол мөлдір кабат шетінен 10-12 мм артқа карай орналасады. Экваторға перпендикулярлы өткізіліп, оның екі белдеуін көз алмасы бетінде қосып тұратын сызықтарды меридиандар деп атайды . Олардың көлденең және тік сызықтары көз алмасын жеке шаршыларға (квадраттарға) бөледі. Көз алмасының негізгі массасын ішкі ядро немесе үш қабатпен қоршалынған мөлдір кұрама құрайды, осы мөлдір кұраманың құрамына шынытәрізді дене, corpus vitreum, көзбұршак, lens crystallina, сулы ылғал, humor aquosus кіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет