«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет20/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54
Көз алмасының ортаңғы кабығы немесе тамырлы қабық, tunica vasculosa bulbi, үш біркелкі емес бөлікке бөлінеді :
1) арткы, үлкен, склераның 2/3 ішкі бетін көмкеріп тұратын меншікті тамырлы қабық, chorioidea;
2) склера мен мөлдір қабық шекарасында орналаскан ортаңғы бөлік, кірпікті немесе цилиарлы дене, corpus ciliare;
3) алдыңғы, кіші бөлік, ол мөлдір кабық арқылы көрінетін нұрлы кабық, iris.
МЕНШІКТІ ТАМЫРЛЫ ҚАБЫҚ
Меншікті тамырлы қабық, chorioidea, алдыңғы бөліктерде айқын шекарасыз цилиарлы денеге ауысып өтеді. Олардың арасындағы шекара ретінде тістік жиекті, ora serrata, атауға болады. Меншікті тамырлы қабық барша бойында сары дақты, macula (lutea), және көру нерві емізікшесіне сәйкесетін жерді санамағанда склераға толық жанасады. Көру нерві емізікшесі маңында тамырлы қабықта меншікті тамырлы қабықтың көру тесігіне, foramen opticum chorioidea, ие, осы тесік арқылы көру нервінің талшықтары склераның торлы табақшасы сыртына шығады. Меншікті тамырлы қабықтың қалған қабаттары ірі тамырлар қабатынан - тамырлы табақшадан, lamina vasculosa кұралады, тамырлардың басым бөлігі веналар, сонымен қатар артериялар, олардың арасында эластикалық дәнекертінді және пигменттік жасушалар орналасады; Капиллярлык жүйе, әсіресе сары дақ маңында жақсы дамыған. Меншікті тамырлы қабықтың ен терең бөлігі эластикалык құрылымсыз қабат саналады.
КІРПІКТІ ДЕНЕ
Цилиарлы немесе кірпікті дене, corpus ciliare ішкі беткей жағынан шынытәрізді немесе эластикалық табақшамен, lamina elastica, жамылған, ол меншікті тамырлы қабықтың дәл осындай жапыракшасының жалғасы болып табылады. Цилиарлы дененің негізгі массасын цилиарлы бұлшықет пен борпылдақ, пигментті дәнекертінді жасушаларға бай және көп мөлшерде тамырлары бар цилиарлы дене стромасы кұрайды. Цилиарлы денеде цилиарлы немесе кірпікті бұлшықетті, т. ciliaris, цилиарлы немесе кірпікті тәжді, corona ciliaris, цилиарлы немесе кірпікті шеңберді, orbiculis ciliaris, айырады. Цилиарлы бұлшыкет, т. ciliaris, цилиарлы дененің сыртқы бөлігін алып, бірден склерамен жанасады. Цилиарлық бұлшықет жылтыр бұлшықетті талшықтардан құралады, олардың ішінде меридиалді және дөңгелек талшықтарын айырады, fibrae meridionales et circulares. Меридиалді талшықтар жақсы дамып, меншікті тамырлық кабықты тартып тұратын бұлшықеттерді құрайды, оныц талшықтары көздің алдыңғы камерасы бұрышы мен склерадан басталып, артқа бағытталады да, тамырлы қабықта білінбей кетеді. Осы бұлшыкеттің жиырылуы меншікті тамырлы қабықтың алдыңғы бөлігі мен цилиарлы дененің артқы бөлігін тартқылап, көзбұршақты іліп ұстап тұратын байламдар (цинналық байлам) тартылысын азайтады. Дөңгелек талшықтар дөңгелек бұлшықет кұралуына қатысады, оның жиырылуы цилиарлы дене түзетін сакина саңылауын кішірейтеді, осылайынша цинналық байламның көзбұршаққа бекітілетін орнын экваторға жақындатады.
Цилиарлық шеңбер - orbiculis ciliaris, цилиарлы дененің артқы-ішкі бөлігі, ол доға тәріздес пішінде болады, беті тегіс емес және айқын шекарасыз артына қарай меншікті тамырлық қабыққа жалғасады. Цилиарлық тәж, corona ciliaris, цилиарлы дененің алдыңғы-ішкі бөлігін алып жатады. Онда радиалді бағытталатын кішігірім цилиарлық қатпаршалар, plicae ciliares, бар, олар алдына таман цилиарлық өсінділерге ауысады, processus ciliares. Осы өсінділер шамамен 70 шақты мөлшерде еркін түрде көздің артқы камерасы қуысына салбырап ілініп тұрады. Цилиарлық шеңбердіц цилиарлы тәжге ауысу орны қайырылған шет жасайды да, көзбұршақты іліп ұстайтын цилиарлық байламның бекітілу орны саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет