Байланысты: ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)
Жарғақты лабиринт - labyrinthus membranaceus – сүйекті лабиринттің ішіне орналасады да , азды - көпті дәлірек оның пішінін қайталайды. Онда есту және гравитация анализаторларының шеткі бөлім дері орналасады . Оның қабырғалары жұқа жартылай мөлдір дәнекер тінді жарғақтан түзілген . Жарғақты лабиринттің ішіі мөлдір сүйықпен эндолимфамен толған . Жарғақты лабиринт сүйекті лабиринттен біршама кіші болғандықтан , екеуінің қабырғалары арасында перилимфамен толган аралық – перилимфалық кеңістік ( spatium perilymphaticum ) қалады.
Сүйекті лабиринттің кіреберісінде жарғақты лабиринттің екі бөлігі орна ласқан : utriculus ( эллипсті қашық ) және sacculus ( сфералы капшык ) . Тұйық пішінді utriculus кіреберістің recessus ellipticus - iн алып , дәл сондай сүйекті өзектерде солардың формасын қайталап жататын үш жар ғақты жартылай дөңгелекті түтіктермен ductus semicircularis , косылады . Сондықтан алдыңғы , артқы және латералды жарғақты түтіктерді ductus semicircularis anterior , posterior el lateralis ажыратады , оларды сәйкесті ампулалары атрulla membranacea anterior ; posterior et latera lis – бар . Sacculus алмұрттәрізді қалпық , кіреберістің recessus spheri cus - інде жатады және utriculus ұзын тар түтікпен – ductus endolymphat icus - пен байланысты болады . Бұл түтік aqueductus vestibule арқылы өтіп , сүйек пирамидасының артқы бетіндегі қатты қабық қабатында кішкене тұйык куыста saccus endotymphaticus – аяқталады . Эндолимфалық түтікті utriculus және sacculus - пен қосатын кішкентай түтік ductus utriculosacculus деп аталады . Тар ductus reunions - ке айналатын тарылған томенгі шеті арқылы sacculus үлудың жарғақты түтігімен байланысады . Кіреберістің скі қапшығы да перилимфалық кеңістікпен қоршалған .
Жарғақты лабиринт жартылай дөңгелекті түтіктер аймағында жіптер мен мембраналардың күрделі жүйесі арқылы сүйекті лабиринттің тығыз қабырғасында ілініп түрады . Осының арқасында қатты қозғалыстар кезінде жарғакты лабиринт ығысып орын ауыстырмайды . Перилимфалық кеңістік те , эндолимфалық кеңістік те қоршаған ортадан бөлек емес . Перилимфалық кеңістік ұлу мен қоршаған ортадан серпімді әрі жылжымалы терезелері арқылы ортаңғы күлақпен байла нысты . Эндолимфалық кеңістік бассүйек қуысында жатқан эндолимфалық қаншамен эндолимфалық түтік арқылы байланысқан , ол жартылай дөңгелекті түтіктердің ішкі кеңістігімен және лабиринттің қалған бөлігімен байланысатын азды - көпті серпімді резервтер болып саналады .