«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»


Кіреберіс – ұлу нерві (n.Vestibulocochlearis)



бет34/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Кіреберіс – ұлу нерві (n.Vestibulocochlearis). Жалпы бізде кіреберіс-ұлу нерві,арнайы сезімтал нерв. Кіреберіс-ұлу нервтің ядролары, nuclei n.vestibulocochlearis, мидың бағаналық бөлігінде, көпірмен сопақша мидың арасында жатады. Олар ромб тәрізді шұңқыр жағынан area vestibularis аймағында проекцияланады. Нерв ми негізіне сопақша мидың оливасынан тысқары, екі түбіршік түрінде көрінеді:
1) жоғарғы түбіршік, radix superior, немесе кіреберіс нерві, n. vestibularis;
2) төменгі түбіршік, radix inferior, немесе ұлу нерві, n.cochlearis.
Екі түбіршік бірігіп, кіреберіс-ұлу нервін n.vestibulo-cochlearis, түзеді.
Ұлу нервтің перифериялық талшықтары спиралді түйіннен (бірінші нейрон), ganglion spirale, басталады. Спиралді түйін жасушаларының перифериялық өсінділері спиралді ағзада, organum spirale, басталады.Спиралді түйін жасушаларының орталық өсінділері ұлу бөлігін, pars cochlearis, немесе ұлу нервін, n. cochlearis, түзеді, ол самай сүйектің тастық бөлігінен meatus etporus acusticus interni аркылы шығып, ми затына кіреді.
Ұлу нервті құрайтын талшықтар ұлу нервтің дорсалді және вентралді ядроларында, nucleus dorsalis et nucleus ventralis nervi cochlearis немесе nucleus cochlearis dorsalis et ventralis, аяқталады.Дорсалді ядрода калыптасатын талшықтар striae medullares құрамында ромбтәрізді шұңқыр бетімен жүріп, ортаңғы сызық аймағында ми заттегіне батырылып, қарама- қарсы жаққа шығады және жоғары бағытталып, естудің қыртысты орталығына жетеді.
Вентралді ядрода қалыптасатын талшықтар көпір заттегіне батырылып, қарама-қарсы (талшыктардың көп бөлігі) және өзі жағындағы жоғарғы оливалар жасушаларында аяқталады. Жорғарғы оливалардан және дорсалді ядродан басталатын талшықтар жоғары көтеріліп, әрбір жағынан латералді ілмек, lemniscus lateralis, қалыптастырады, олар естудің қыртысасты орталықтарында - colliculus inferior laminae tectae және corpus geniculatum mediale аяқталады.
Соңғысынан жаңа талшықтар басталып, ішкі капсула аркылы қыртыстың есту аймағына-жоғарғы самай қатпарының ортаңғы бөлігіне бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет