Жалпы алғанда ортанғы құлақ бұлшықеттерінің қызметі әр алуан : 1 ) дабыл жарғағы мен дыбыс сүйекшелері тізбегінің қалыпты тонусын сақтау ;
2 ) ішкі құлақты шамадан тыс дыбыстық тітіркендірулерден қорғау және
3 ) дыбыс өткізгіш аппаратты түрлі толқындағы дыбыстарға бейімдеу . Ортаңғы құлақтың негізгі жұмыс принципі , тұтас алғанда лабыл жарғағынан кіреберістің сопақша терезесіне дыбыс өткізу болып табылады .
Есту түтiri , tuba audіtіvа немесе Евстахий түтігі ( Eustachii , осыдан түтіктің қабынуы • cвстахит ) , ауаның жұтқыншақтан дабыл қуысына келуіне арналған , осы арқылы , қуыс iшi мен сырткы атмосфера қысымы арасындағы тепе - теңдік сақталады . Бұл лабиринтке дабыл жарғағы тербелістерін дұрыс өткізу үшін қажет . Бұл лабиринтке дабыл жарғағы тербелістерін дұрыс өткізу үшін қажет . Дыбыс түтігі өзара қосылатын сүйекті және шеміршекті бөліктерден тұрады . Олардың қосылған жерінде istmus tuhae түтік өзегі тар келеді . Дабыл қуысында тесіктен tium tympanicum tubae аudіtіvас - ден басталатын түтіктің сүйекті бөлігі самай сүйектің бұлшықеттүтікті өзегінің төменгі үлкен болімін canalis tubae auditivae алып жатады . Сүйекті боліктің жалғасын құрайтын шеміршекті бөлік серпімді шеміршектеп түзіледі .
Түтік төменгі жақта жұтқыншақтың латералды қабырғасында жүтқыншақ тесігімсі - ostium pharyngeum tubae аudіtіvае аяқталады , осы жерде шеміршек жиегі жұтқыншаққа ене torus tubarius - ты түзеді . Есту түтігін астарлайтын шырышты қабық кірпікшелі эпителимен жабылған , бұл қабықта шырышты бездер мен лимфалық түйіншелер орналасқан . Бұл түйіншелер жұтқыншаққа ашылатын тесік жанында көп молшерде ( түтік бадамшасы ) жиналады . Түтіктің шеміршекті бөлігінен m . tensor veli palatine басталады , сол себепті жұту кезінде осы бұлшықет жиырылғанда түтік кеңейіп , одан ауаның дабыл қуысына енуі жеңілдейді .
7. Ішкі құлақ, бөлімдері, құрылысы, қызметі. Ішкі құлақ немесе лабиринт , самай пирамидасының қабатында дабыл қуысы мен ішкі дыбыс жолы арасында орналасады . Ішкі есту жолы арқылы лабиринттен т . vestibulocochlearis шығады . Сүйекті есту жолы арқылы лабиринттерді ажыратады . Жарғақты лабиринт сүйекті лабиринттің ішінде жатады .