Байланысты: ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)
Есту анализаторының құрылысы . Жарғақты лабиринттің сүйекті ұлуда орналасқан алдыңғы бөлігі ұлу түтігі ductus cochlearis есту мүшесінің ең маңызды бөлігі болып табылады . Ductus cochlearis кіреберістің recesus cochlearis - та үлу озегі мен sacculus - ті қосатын duс tus reunions - тің артында түйық шетімен басталады . Содан кейін ductus cochlearis сүйекті ұлудың бүкіл иірмелі өзегімен өтіп , оның үшында тұйық аяқталады . Көлденен кесіндіде ұлу түтігі үшбұрыш пішінді келеді. Оның үш қабырғасының біреуі ұлудың сүйекті өзегінің сыртқы қабырғасымен бітісіп - өседі , басқа қабырғасы membranc spi гаliѕ сүйекті иірімді табақшасының жалғасы болып , оның бос жиегі мен сыртқы қабырға арасында созылып жатады . Үшінші , ұлу түтігінің өте жұқа қабырғасы , раrіеѕ vestibularis ductus cochlearis иірмелі табақшадан сыртқы қабырғаға қарай қиғаш тартылған . Membrana spiralis ішінде жайғасқан базилярлы табақшада ( lаminа bаѕilaris ) дыбыс қабылдаушы аппарат иірмелі мүше орналасады .
Ductus cochlearis арқылы scala ves tibule мен scala tympani бір - бірінен бөлінеді , олар тек ұлу күмбезінде ғана — helicotrета деп аталатын тесік арқылы өзара жалғасады . Scala vestibuli кіреберістің перилимфалық кеңістігімен катысады , ал scala tym pani ұлудың терезесі жанында тұйық аяқталады . Иірмелі мүше – orga поn spirale – бүкіл ұлу түтігі бойында базилярлы табақшада орналасып , оның lamina spiralis Ossea - ға жақын бөлігін алып жатады . Базилярлы табақша домбыра ішегі сияқты керілген ( дыбыс ішектері ) ұзындығы әр түрлі көптеген ( 24000 ) фиброзды талшықтардан тұрады . Гельмгоцтің белгілі теориясы ( 1875 ) бойынша олар өздерінің тербелістері арқылы түрлі биіктіктегі дыбыстық тондарды қабылдауды қамтамасыз ететін резонаторлар болып табылады . Алайда , электрондық микроскопияның деректері бойынша , бұл талшықтар серпімді тор түзеді , ол тор тұтас алғанда катаң бөліктерге бөлінген тербелістер аркылы резонанс тудыра ды . Иірмелі мүшенің өзі эпителий жасушаларының бірнеше қатарынан құралады , олардың арасынан түктері бар сезімтал дыбыс жасушаларын ажыратуға болады . Ол механикалық тербелістерді электр тербелістеріне айналдыратын " кері " микрофон кызметін атқарады .