«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»



бет33/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Дыбысты өткізу жолдары ( есту анализаторының схемасы ) . Функ ционалдық жағынан есту мүшесі ( есту анализаторының шеткі бөлігі ) екі бөлікке бөлінеді :
1 ) дыбыс өткізгіш аппарат сыртқы және ортаңғы қүлақ , сонымен қатар ішкі құлақтың кейбір элементтері ( перилимфа мен эндолимфа ) ;
2 ) дыбыс қабылдағыш аппарат ішкі құлақ . Құлақ қалқаны жинайтын ауа толқындары дабыл жарғағына соғып , оның тербелісін тудырады . Керілу дәрежесі m . tensor tympani - дің ( n . trigcmi nus нервтендіреді ) жиырылуы арқылы реттелетін дабыл жарғағының тербелісі , онымен бітісіп - өскен балғалық сабын қозғалысқа келтіреді . Балғашық төс сүйекшені , ал тос сүйекте ішкі құлаққа апаратып fenes tra vestibule - ге орнатылған үзеңгіні қозғалтады . Үзеңгінің кіреберіс терезесіндегі ығысу шамасы m . stapedius - тің ( n . stapedius , n . facialis тен ) жиырылуымен реттеледі . Сөйтіп , жылжымалы байланысқан сүйекшелер тізбегі дабыл жарғағының тербелмелі қозғалыстарын бағыттай кіреберіс терезесіне қарай өткізеді .
Кіреберіс терезесіндегі үзеңгінің ішке қарай қозғалысы лабиринт сүйықтығын жылжытып , ал ол ұлу терезесінің жарғағын сыртқа қарай томпайта итереді . Бұл жылжулар иірімді мүшенің өте сезімтал элемент терінің қызмет атқаруы үшін қажет . Бірінші болып кіреберіс перилим фасы жылжып ығысады : оның тербелістерi scala vestibule арқылы ұлудың күмбезіне дейін жетеді , одан helicotrema арқылы scala tympani - дің перилимфасына беріледі , сол бойынша ұлу терезесін жабатын және ішкі құлақтың сүйекті қабырғасындағы әлсіз жері болып табылатын membrane tympani secundaria - ға қарай төмен түсіп , дабыл қуысына қайта келеді . Дыбыс дірілі перилимфадан эндолимераға , ал ол арқылы иірімді мүшеге беріледі . Сөйтіп , ауаның сыртқы және ортаңғы құлақтағы тербелістері дабыл қуысындағы дыбыс сүйекшелері жүйесінің арқасында жаргақты лабиринт сүйықтығының тербелістеріне айналады , ол тербелістер иірмелі мүшедегі дыбыс анализаторының рецепторын құрайтын арнаулы түкті сату жасушаларын тітіркендіреді
“ Кері " микрофон сияқты болып табылатын рецепторда сүйықтық ( эндолимфаның ) механикалық тербелістері өткізгіш жолдар арқылы ми қыртысына дейін таралатын нервтік импульсқа айналады . Есту өткізгіш жолдары бірқатар буындардан тұрады . Бірінші нейронның жасуша денесі ganglion spirale - де жатады . Оның биполюсті жасушаларының шеткі өсіндісі иірімді мүшеде рецепторлар түрінде басталады , ал орталық өсіндісі раrѕ cochlearis п . vestibulocochlearis құрамында , ромбтәрізді шұңқыр аймағында жайғасқан оның ядроларына nucleus cochlearis dorsalis et ventralis - терге барады . Есту первінің түрлі бөліктері тербеліс жиілігі әртүрлі дыбыстарды өткізеді .
Аталған ядроларда екінші нейрондардың денелері жайғасады , олардың аксондары орталық есту жолын түзеді . Бұл жол трапециятәрізді дененің артқы ядросы аймағында қарама - қарсы жақтың аттас жолымен айқасып , латералды ілмек lemniscus lateralis - ті түзеді . Орталық есту жолының вентралды ядродан шығатын талшықтары көпірде трапеция тәрізді дене түзеді , ол қарсы жаққа отіп , сол жақтың lemniscus lateralis тің құрамына енеді . Орталық жолдын дорсалды ядролан шығатын тал шықтары striae medullaris ventriculi quarti түрінде IV қарынша түбімен жүріп , көпiрлiц formation reticularis - іне өтіп , трапециятәрізді дененің талшықтарымен бірге қарсы жақтың латералды ілмегінің қүра мына енеді .
Lemniscus lateralis - тің бір бөлігі ортаңғы ми қақпағының төменгі төбешіктерінде , бір бөлігі үшінші нейрондар орналасқан сог pus geniculatum mediale - де аяқталады . Ортаңғы ми қақпағының төменгі төбешіктері есту импульстары үшін рефлекс орталығы қызметін атқарады . Олардан жұлынға tractus tectospinalis шығады , ол арқылы ортаңғы миға келетін дыбыстық тітіркендірулерге қозғалыс реакциялары жасалады . Дыбыс импульстарына рефлекстік жауаптар . басқа да аралык дыбыстық ядролардан - қысқа жолдар арқылы ортаңғы ми , копір және сопақша мидың қозғалыс ядроларымен байланысқан трапециятəрізді дене мен латералды тұзақ ядроларынан да алынуы мүмкін .
Есту функциясына қатысты түзілістерде ( төменгі төбешіктер мен сот pus gcniculatun mediale ) аяқталуымен қатар , есту талшықтары және олардың бүйір тармақтары медиалды будаға қосылады . Олар көз қозғалтқыш бұлшықеттер ядролары және басқа да бассүйек нервтері қозғалыс ядроларымен байланысқа түседі . Corpus geniculatum mcdiale де аксондары ішкі капсула құрамында үлкен ми самай бөлігінің қыртысына жететін соңғы нейрондардың жасуша денелері жатады .
Есту анализаторының ұшы gyrus temporalis superior - да жатады . Бұл жерде сыртқы күлақтың ортаңғы құлақша дыбыс сүйектерінің қозғалысын және ішкі құлақта сұйықтық тербелісін туғызып , одан әрі рецепторда нерв импульстарына айналып , кондуктор бойымен ми қыртысына беріліп есту түйсіктері түрінде қабылданады . Демек , есту анализаторының комегімен ауаның тербелістері , дыбыстық түйсіктер түрінде қабылданады . Есту анализаторының арқасында біздің миымызда дыбыстық сезімдер және сезімдер кешені түйсіктер түрінде қабылданатын әр түрлі дыбыстық тітіркендіргіштер қоршаған ортаның өмірлік маңызды құбылыстарының сигналдарына бірінші сигналдарға айналады . Бұл шылықтың бірінші сигнал жүйесін ( И.П. Павлов ) , яғни жануарларға да тән нақты - көрнекі ойлауды құрайды . Адамда создің көмегімен абстрактылы , дерексіз ойлау қабілеті бар Сөз бірінші сигналдар болып табылатын дыбыстық сезімдер туралы хабар беретіндіктен , сигналдардың сигналы ( екінші сигнал ) болып табылады . Осыдан келіп ауызша сөз шындықтың аламға ғана тән екінші сигнал жүйесін құрайды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет