«Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған емтихан сұрақтары Модуль «Жүйке жүйесі және сезім мүшелері 1»


Кіреберіс бөлігі, pars vestibularis



бет35/54
Дата20.05.2023
өлшемі102,51 Kb.
#95501
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54
Байланысты:
ЭС Нерв жүйесі және сезім мүшелері1 1c286d34efaa96c148ad9f5040ad768e (копия)

Кіреберіс бөлігі, pars vestibularis, немесе кіреберіс нерві, п. vestibularis ішкі есту өтісінде, meatus acusticus internus, жататын кіреберіс түйінінен, ganglion vestibulare, басталады, түйін жасушалары биполярлы. Түйін жасушаларының перифериялық өсінділері қапшык, sacculus, жатырша, utricu­ lus, жартылай дөңгелекті өзектердің, canales semicirculares, рецепторлық жасушаларына барады. Орталық өсінділері n. vestibulocochlearis құрамына кіреді.
Нерв талшықтары ішкі есту өтісінен шықкан соң pedunculus cerebellares inferior дан ішке сопақша ми қалыңдығына кіріп, екі тармаққа жоғарылаған және төмендеген бөлінеді, олар кіреберіс нерв ядроларында: 1) медиалді немесе үшбұрышты ядрода, nucleus medialis, s.triangularis, 2) жоғарғы ядрода, nucleus superior, 3) латералді ядрода, nucleus lateralis, 4) төмендеген немесе жұлындық ядрода, nucleus descendens, s.spinalis, және 5) сыртқы ядрода, nucleus externus, аяқталады. Жоғарғы ядро талшықтары, nucleus vestibularis superior, pedunculus cerebellaris inferior бойымен мишыққа жетеді, nucleus globosus және nucleus fastigii жасушаларында аяқталады. Сонымен қатар n.vestibularis ядроларының ми нервтері мен жұлынмен байланысы бар.
Есту анализаторының құрылысы.
Жарғақты лабринттің сүйікте орналасқан бөлігі - ұлу түтігі - ductus cochlearis – есту мүшесінің ең маңызды бөлігі болып табылады. Ductus cochlearis кіреберістің recesus cochlearis-та ұлу мен sacculus-ті қосатын ductus reunions-тің артында тұйық шетімен басталады. Содан кейін ductus cochlearis сүйекті ұлудың бүкіл иірмелі өзегімен өтіп, оның ұшында тұйық аяқталады. Көлденең кесіндіде ұлу түтігі үшбұрыш пішінді келеді.Оның үш қабырғасының біреуі ұлудың сүйекті өзегінің сыртқы қабырғасымен бітісіп өседі, басқа қабырғасы - membrane spiralis сүйекті иірімді табақшасының жалғасы болып, оның бос жиегі мен сыртқы қабырға арасында созылып жатады. Үшінші, ұлу түтігінің өте жұқа қабырғасы, paries vestibularis ductus cochlearis иірмелі табақшадан сыртқы қабырғаға қарай қиғаш тартылған. Membrana spiralis ішінде жайғасқан базилярлы табақшада (lamina basilaris) дыбыс қабылдаушы аппарат - иірмелі мүше орналасады.
Ductus cochlearis арқылы scala vestibule мен scala tympany бір-бірінен бөлінеді, олар тек ұлу күмбезінде ғана - helicotrema деп аталатын тесік арқылы өзара жалғасады. Scala vestibuli кіреберістің перилимфалық кеңістігімен қатысады, ал scala tympani ұлудың терезесі жанында тұйық аяқталады. Иірмелі мүше - organon spirale - бүкіл ұлу түтігі бойында базилярлы табақшада орналасып,оның lamina spinalis ossca-ға ең жақын бөлігін алып жатады. Базилярлы табақша домбыра ішегі сияқты керілген (дыбыс ішектері) ұзындығы әр түрлі көптеген (24000) фиброзды талшықтардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет