Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған жалпы микробиология бойынша соөж және тәжірибелік сабақтарды


Патогенділік тобы бойынша адам ағзасы үшін патогенді микроорганизмдердің жіктелуі



бет6/31
Дата15.11.2023
өлшемі415,99 Kb.
#123131
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
метод. пособие -Жалпы микробиология каз

Патогенділік тобы бойынша адам ағзасы үшін патогенді микроорганизмдердің жіктелуі

Микроорганизмдер патогенділік дәрежесі бойынша 4 топқа жіктеледі:


1.топтағы патогенділік –оба қоздырғышы
2.топтағы патогенділік-тырысқақ, күйдіргі, туляремия, бруцеллез, Ку қоздырғыштары, бластомикоз, кокцидиоидоз безгектері.
3. топтағы патогенділік- көкжөтел, қайталама сүзек, сіреспе, ботулизм, дифтерия, алапес, іш сүзек, дизентерия және кейбір микоздардың қоздырғыштары.
4. топтағы патогенділік- пневмония, тағамдық токсикоинфекциялар, газды гангрена, септицемия, кандидоздар қоздырғыштары, қоршаған ортаның санитарлық жағдайының көрсеткіштеріне жататын – микробтар.


Кесте №5

Микроорганизмдердің атауы

Осы микроорганизм тудыратын ауру

III топ

Bordetella pertussis

Көкжөтел

Borelli recurrent

Қайталама сүзек

Campylobacter fetus

Асцесстер, септицемия

Campylobacter j ej uni

Энтерит, холецистит, септицемия

Clostridium botulinum

Ботулизм

Clostridium tetani

Сіреспе

Corinebacterium diphteriae

Дифтерия

Helicobacter pylori

Гастрит, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы

Leptospira interrogans

Лептоспироз

Listeria monocytogenes

Листериоз

Mycobacterium leprae

Алапес

Mycobacterium tuberculosis, Mycobacterium bovis, Mycobacterium avium

Туберкулез

Neisseria gonorrhoae

Гонорея

Neisseria meningitidis

Менингит

Salmonella paratyphi A

Паратиф А

Salmonella paratyphi В

Паратиф В

Salmonella typhi

Іш сүзегі

Shigella spp

Дизентерия

Treponema pallidum

Сифилис

Yersinia pseudotuberculosis

Псевдотуберкулез

Vibrio cholerae 01 (не токсигенный)

Диарея

Vibrio cholerae non 01

Диарея, жарақаттық инфекция, септицемия және тағы басқалары

Clostridium perfringens

Г азды гангрена

Escherichia coli

Энтерит

Flavobacterium meningosepticum

Менингит, септицемия

Pseudomonas aeruginosa

Сепсис, жергілікті қабыну үрдістері



Зертханада жұмыс істеу үшін арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар
(санпин №8.01.001.04 21.01.2004ж-нан)
Микробиологиялық зертханада әр түрлі материалдармен жұмыстар жүргізіледі, сондықтан жеке бас тазалығы, және барлық қоғамның оның қадағалауына және орындауына қатаң талап етіледі. Жұмыс міндетті түрде халат және бас киіммен жүргізілуі тиіс. Жұмыс үстөлінде артық заттар болмауы тиіс. Әр білімгердің өз жұмыс үстөлінің болуы керек. Жұмысқа қажетті материалдарды топ жетекшісі, кафедра лаборантынан алып білімгерлерге таратуы тиіс. Оқытушының қатысуымен сабақтың соңында білімгерлер барлық материалдарды кезекшіге жинап береді, ал кезекші оларды кафедра лаборантына қайта өткізеді. Барлық қолданылған материалдар өз уақытында залалсыздандырылып, тазартылып, отқа күйдіріліп немесе дез.ерітіндіге салынылуы керек. Егерде білімгер микробы бар шыныны сындырып алса немесе төгіп алса, онда тез арада оқытушыны ескертіп, сол жерде тазарту жұмыстарын жүргізуі тиіс.

  1. Оқу бөлмелерінде қатаң тыйым салынады:

а) қараусыз жағылған спиртшамын немесе сол сияқты жанатын заттарды қалдыруға болмайды.
б) жағуға қауіпті (істен шыққан) спиртшамымен жұмыс жасауға болмайды.
в) отқа тез жанатын заттарды жақын ұстауға болмайды
г) жұмыс бөлмесінде темекі шегуге, тамақтануға, арнайы киімсіз жұмыс жасауға жылу приборларында әр түрлі заттарды кептіруге болмайды.

  1. Термостатты экспоутациялау кезінде келесі ережелерді сақтау қажет:

а. тез жанатын заттарды термостатқа салуға тыйым салынады.
б. термостатты ток көзінен ажыратқаннан кейін ғана тазалауды және жууды жүргізуге болады.
3. Тамшуырға микробты сұйықтықты сору үшін груша немесе дозатор қолдану керек.
4.Шынымен жұыс жасау үшін, оның бүтіндігіне көз жеткізу керек.
5.Сабақ соңында білімгер өз жұмыс орнын жинап , қолын сабынмен жуу керек.


Микроскопиялау техникасының қадамдары





Микроскопиялау қадамдары

1

Микроскопиялау мақсатын анықтау

2

Микроскопты дұрыс қосу. Жарықты қажетті деңгейге келтіру

3

Жағындыға иммерсиялық майды тамызу

4

Жағындыны микроскоптың заттық үстелшесінің тетігіне дұрыс орналастыру және ұстағышпен бекіту

5

Екi окулярдан бiр суреттi бақылайтындай етiп окуляр қашықтығын ретке келтiру. Окулярлы тубусты төмен, жоғары қозғалта отырып жағындыны қараушы окуляр биіктігін өзіне сәйкестендіру.

6

Қажет объективті дұрыс таңдап орналастыру.

7

Жағынды орналасқан зат стөлшесін объективке сәйкестендіріп дәл ортасына келтіру.

8

Қапталдан қарай отырып, макровинтпен ақырын үстелшені көтеріп объективті майға батыру.

9

Макровинтпен бұлынғыр көріністі анықтау.

10

Микровинтті қолдану арқылы бейненің анықтығын айқындау, оқытушыға көрсету.

11

Бактерия морфологиясын, орналасуын, бояуын анықтау, оқытушыға түсінік беру.

12

Зат стөлшесін түсіру, жағынданы алып тастау. Револьверді бейтарап жағдайда қою. Объективті салфеткамен сүрту.



Фазо-контрастты микроскоптың жұмыс істеу принципі
Фазо-контрастты микроскоп «Olympus» фирмасының
СХ41, бұл бактериялардың қозғалғыштығын зерттеу үшін қолданылады.


Мақсаты:

  1. Бактериялардың қозғалғыштығын зерттеу үшін

  2. Бактерияларға иммобилизация реакциясын қою үшін



Міндеттері:

  1. Фазо-контрастты микроскоптың әдістерін меңгеру

Бұл әдіс арқылы қандай да бір өңдеуден өтпеген түссіз, мөлдір, оптикалық, бір қарағанда бірі-бірінен аз ажырытылатын объектерді зерттеуге болады. әр түрлі көрінбейтін микробтарды зерттеуге болады.
Адамның көзі жарықтың интенсивтілігін, жарық амплитудасының өзгерісі кезінде боялған препараттар арқылы өтетін жарықты жақсы анықтайды.
Бірақ көз жарықтың фазалық өзгерістерін қабылдай алмайды. Сондықтн мөлдір түссіз объектілер қарапайым микроскопиялау кезінде көрінбей қалады.


Осы әдіс бойынша бактерияларыдң қозғалғыштығын зерттеу үшін:

  1. Зерттелінетін материал (Bacillus таяқшасы, сұйық ортадағы протей)

  2. Зат әйнекшесі

  3. Жабынды әйнек

  4. Спиртшамы

  5. Бактериологиялық ілмек

  6. Көпірі бар кювет

  7. Иммерсионды май



Езілген тамшы дайындаудың (қадамдары) әдісі:

  1. Зат әйнекшесін майсыздандыру дәке салфеткасымен сүрту, спиртшамының алауына екі жағынан өңдеу, қыздырылған күйі көпірдің үстіне қою..

  2. Зерттелінетін дақыл жылы болуы керек, яғни термостаттан алынған (360-370)

  3. Бактериологиялық ілмекпен зерттелінетін дақылдың тамшысын алып, зат әйнекшесіне жағу.

  4. Дақылды тамшыны жабынды әйнекпен жабу керек. (бұл препарат «езілген тамшы»).

  5. Жабынды әйнекшеге иммерсионды майдың тамшысын тамызу.

  6. Микроскопиялау.



Фазо-контрастты микроскопты жұмысқа дайындау:

  1. Тринокумер және оның камераға арналған адаптері бар (шығыс)

  2. Окуляр (50-750)диапазонында өзгереді

  3. Барлық жұмыс JPEG (JFIF) форматында сақталады.

Фазо-контрастты микроскопты (қадамдары) әдісі

  1. «Olympus» фирмасының фазо-контрастты микроскопы ток көзіне жалғау, процессорды қосу, монитор және микроскоп.

  2. Зат үстелшесіне езілген тамшы препаратын қою, және ұстағышпен бекіту.

  3. Керекті үлкейткіште объективті таңдау. Микробтардың қозғалғыштығын зерттеу үшін үлкейткішті х100 деп таңдау.

  4. Plan C100 – бұл Ph3, конденсордағы тұрақтыны бір уақытта Ph3 күйіндеауыстыру:

  • 40 Ph2 – Ph2

  • 20 Ph2 – Ph1

  • 10 Ph2 – Ph1

Қалған жарықөріс объективтері– 0 күйінде.

  1. Бағдарламаны жүктеп алу. Жұмыс үстеліндегі «cellA» заттаңба белгісі барды таңдап - “ok”. Сосын «Closs» басқышын таңдау. Әрі қарай «Acquire imagt»-ға кіру, «Auto» экспозиционды уақытты жүктеу, сосын «Scan», әрі қарай (Save as) сақтауды жағынды суреттері сақталатын қажетті бумаға таңдау. Кейіннен - Camera control Wait – командасын таңдап, ақ балансын бір рет суреттегі бос орынға түстің ретін келтіру үшін шерту .

  2. Түсті реттеу – таңдау (Color Settigs) – егер түнұсқадағы суретті сақтау қажет болса - «ok»,қалпына келтіру «Default»

  3. Көк әйнекше –порилизатор фильтрі вирустарды, нативті препараттарды зерттеуде қолданылады, яғни рельефті контраст жоғары болады.

  4. «Df» - қараңғыөрістік жарық беру.

  5. «Olympus» фирмасының бұл микроскоптың модификациясында СХ41, бейнежазба жоқ.

  6. Микроскоптың бұл моделі тек қана фотожазбамен ғана шектелген.



«LEICA 1000 DM» ФИРМАСЫНЫҢ ЛЮМИНЕСЦЕНТТІ МИКРОСКОПЫ
Иммунофлюоресцентті әдіс




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет