Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған жалпы микробиология бойынша соөж және тәжірибелік сабақтарды



бет8/31
Дата15.11.2023
өлшемі415,99 Kb.
#123131
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Нәтижесін бағалау:

  1. егерде жағындыда жетіден аса қанық жасыл түсті флуоресцеуші жасушалар болса, нәтиженің оң болды деп есептелінеді.

  2. Егерде жетіден аз жасушалар табылса, онда бұл нәтиже күмінді болып есептелінеді.

  3. Сары немесе ақ флуоресценция кезінде жарқыраушы денелердің жоқ болуы, нәтиженің теріс екендігін көрсетеді.



Бұл әдісті орындау үшін қажетті:

  1. Зерттелінетін материал

  2. Ойшығы бар зат әйнекшесі

  3. Көпірі бар кювет

  4. Бекітуші

  5. Су

  6. Тұзды-фосфатты буфер

  7. Препаратты бояуға арналған камера (ылғалды фильтрлеуші қағазы бар Петри табақшасы)

  8. Иммерсионды май



Люминесцентті микроскопты жұмысқа әзірлеу:

  1. Жүйелік блокты қосу

  2. АСD see-pro – ны ашу

  3. Құжатқа кіру

  4. Get Photos ашу

  5. From Camera of Card Reader

  6. Leica DF C280 DFC 490

  7. Әрі қарай

  8. JPG (JPEG)

  9. Әрі қарай

  10. Әрі қарай

  11. 2009-11-30

  12. Әрі қарай

  13. Brightness

  14. Color Saturation (түстің айқындылығы)

Егер де сурет түсіру қажет болса - Acquire кіру.


Люминесцентті режимдежұмыс істеу үшін 2 фильтр қолданылады:
А) көк
Б) қызыл
В) фильтр жоқ (жай ғана тесік) – қарапайым режимде


Тақырыбы: Бактерия жасушасының құрылысы. Бактерия жасушасының компоненттерін анықтау әдістері. Бояудың күрделі тәсілдері. Қышқылға төзімді бактериялар.

Міндеттері:



  • Бактерия жасушасының құрылысын (ядросы, цитоплазмасы, кабығы, капсуласы, спорасы) электронды әдістемелік-құрал бойынша зерттеу.

  • Бактерия жасушасының негізгі және қосымша құрауыштары туралы студенттердің білімін қалыптастыру.

  • Бактериялық препараттарды бояудың қиын тәсілдерін студенттерге меңгертуге үйрету және оны қолданудың мақсатымен таныстыру;

  • Бактерия жасушасының химиялық құрамымен студенттерді таныстыру;

  • Бактерия жасушасының құрылымдық құрауыштарын анықтау әдістері туралы білімін және олардың диагностикалық маңызы туралы білімін жетілдіру;

  • Қышқылға төзімді бактериялар туралы және олардың ерекшеліктері жайлы білімін қалыптастыру;

  • Жоғарыда көрсетілген құрауыштарды анықтау тәсілдердін меңгеру (Нейссер, Гисс, Гинс-Бурри, Ожешко бойынша бояу)

  • Қышқылға төзімді бактериялардың химиялық құрылымының ерекшеліктерін меңгеру; (Циль-Нильсон бойынша бояу)



БОЯУ ТӘСІЛДЕРІ:

Қарапайым тәсіл

Күрделі тәсіл

Дифференциальды-диагностикалық тәсіл

Қандай да бір бояғыш затты пайдаланады: метилен-көгі немесе фуксиннің сулы-спиртті ерітіндісі. Боялған препараттарды сумен шаяды, кептіреді және иммерсионды жүйемен микроскопиялайды. Бояудың осы тәсілімен микробтарды табуда, санын, формасын және орналасуын анықтауда қолданады.



Жағындыға екі түрлі бояғышпен әсер етеді, біреуі негізгісі, ал екіншісі қосымша болып табылады. Бояғыш заттардан бөлек күрделі тәсілде әр түрлі түссіздендіретін заттарды; спирт, қышқылдар. Бактерияларды бояу үшін қолданылатын стандартты бояғыштар – Цильдің карболды фуксині, Леффлер бойынша метилен көгі. Ең көп тараған бояудың әдісі – ол Грам бойынша, ал циль-Нильсон бойынша қышқылға төзімді бактерияларды, және Романовский – Гимзе әдісі



Әртүрлі морфологиялық құрылымдарды бояуда қолданылады. Бактерияның капсуласын бояудың және анықтаудың тәсілі. Капсуланы анықтауда – Бурри тәсілі, Гинс әдісі бойынша бояу. Волютин дәндерін Нейссер әдісі бойынша бояу, Бактериялардың байламдарын бояуда Леффлер, Бейли Грей және т.б. бояу әдістері қолданылады. Бактерияның спорасын бояу. Бактериялардың спорасын бояу олардың қабырғасын алдын – ала өңдегеннен кейін Ожешко әдісімен, Пешков әдісімен жүзеге асады.
Леффлер көгімен жағындыны қайнатуды қосқанда, зат әйнекшесін келесі бояғанда бейтарап қызыл түске боялады. Споралар көк түске боялып, вегатативті жасушалар – күлгін түс болады.



Волютин дәндерін Нейссер бойынша бояу:
Бекітілген препаратқа жағылады:

  1. Нейссердің сірке қышқылының көгі – 2-3мин.




  1. Люголь ерітіндісі 10-30сек.

  2. Сумен шаю

  3. Сулы везувин ерітіндісі – ½ - 1 мин.

  4. Сумен шаю

  5. Сүзгіш қағазбен кептіру

  6. Жағынды микроскопиясы

Жағындыда – бактерия цитоплазмасы сары түске, ал волютин дәндері қара-көк түске боялады.




Гисс әдісі бойынша капсуланы бояу: (жағындылар үшін - отпечатков)
Бекітілген препаратқа жағылады:

  1. Синев бойынша генцианвиолет

  2. Сумен сулау

  3. Спиртшамында ысыту – 1-2мин.

  4. Қағазды алу

  5. Медный купорос (CuSO4) – 30 сек.

  6. Шаю.

  7. Кептіру

  8. Микроскопиялау

Бактерия жасушасы күлгін-көк түске боялады, капсуласы –көгілдір фондағы түссіз жиек




Гинс-Бурри әдісі бойынша капсуланы бояу:

  1. Препарат Бурри бойынша дайындалады: сияның бір тамышымен микробты араластыру, әйнекше көмегімен 450 бұрыштық жағынды үстімен өткізу.

  2. Фуксиннің сулы ерітіндісін жағу– 1-2мин.

  3. Сумен шаю

  4. Ауада кептіру

Бактериялар қызыл түске боялады, боялмаған капсула қара фонда контрастты көрінеді.


Ожешко әдісі бойынша спораларды бояу:

  1. Бекітілген жағындыға 0,5% НCL ерітіндісін тамызып және 2-3 мин. Көлемінде спиртшамның алауында қыздырады.

  2. Қышқылды төгіп тастау

  3. Сумен шаю

  4. Цильдің карболды фуксинін фильтірленген қағазға тамызып және 3-5 мин. көлемінде бу пайда болғанға дейін қыздыру.

  5. Қағазды алу

  6. Сумен шаю

  7. Түссіздендіру үшін 5% күкірт қышқылы

  8. Сумен шаю

  9. Метилен көгінің сулы ерітіндісі – 3-5мин.

  10. Сумен шаю

  11. Кептіру

  12. Микроскопиялау

Споралары қызыл түске боялады, ал жасушаның вегетативті бөлімі көк түске боялады.




Спораларды қарапайым әдіспен бояу



  1. Бекітілген жағындыға 3-5 мин. Көлемінде метилен ерітіндісін тамызады.

  2. Шаю

  3. Фильтрленген қағазбен кептіру.

Жағындыда – споралар түссіз, ал жасушаның қосалқы бөлімі – көк түсті.


Қышқылға төзімді бактериялар, және оларды Циль-Нильсон бойынша бояу.
Қышқылға төзімді бактерияларға туберкулез таяқшасы және алапес таяқшасы жатады.
Циль-Нильсон бойынша бояу:

  1. Бекітілген жағынды препаратына жағындыны бүркеуші Цильдің карболды фуксинін фильтрлеуші қағазға тамызады.

  2. 3-5мин. көлемінде бу пайда болғанға дейін қыздыру, фуксинді периодты түрде қосу.

  3. Қағазды бояуымен алып тастау.

  4. Сумен шаю

  5. Түссіздендіру үшін 5% күкірт қышқылы ерітіндісі

  6. Сумен шаю

  7. 3-5мин. метилен көгінің сулы ерітіндісі

  8. Сумен шаю

  9. Кұрғату

  10. Микроскопиялау

Препаратта туберкулез таяқшасы көк фонда қызыл түске, ал қалған бактериялар көк түске боялады.




ЖАБДЫҚТАЛУЫ:

  1. Микроскоп

  2. Иммерсионды май



Дайын препараттардың демонстрациясы

  1. Волютин дәндері, Нейссер бойынша боялған

  2. Волютин дәндері, Метилен көгімен боялған

  3. Гисс бойынша капсула

  4. Гинс-Бурри бойынша (Клебсиелла) Капсула

  5. Ожешко бойынша спора

  6. Қақырықта Циль-Нильсон бойынша M.tuberculosis





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет