Микроскопиялық зерттеу техникасы төмендегі негіздерге сүйенеді: Микроскоптаудың мақсатын анықтау.
Микроскопты дұрыс қосу. Жарықты қажетті қарқындылыққа дейін реттеу.
Препаратқа бір тамшы иммерсионды майдан тамызу.
Препаратты зат үстелшесінің ойығына сәйкес келетіндей етіп дұрыс қою және ұстағышпен нықтау.
Окуляраралық қашықтықты екі окулярдан тек бір ғана дөңгелек бейнені көре алатындай етіп жөнге келтіру. Окулярдың биіктігін бақылаушының өзіндік ерекшеліктері бойынша окулярлық тубусты жоғары төмен айналдыру арқылы лайықтау.
Объективті дұрыс таңдау және орнату.
Жағындыны орта тұсқа объективпен сәйкес келгенше зат үстелшесін жөнге келтіру.
Зат әйнекшесін екі жағынан салфеткамен (майлықпен) сүрту.
Зат әйнекшесін екі жағынан майсыздандыру.
Стеклографпен (шыныжазбамен)1х2см. көлемінде шеңбер жасау.
Әйнекшенің шеңбер сызылған жағын төмен қаратып көпірдің үстіне қою.
Шеңбердің ортасына бак.ілмекпен физ.ерітіндінің бір тамшысын тамызу. Оң қолға ілмекті жазатын қалам сияқты ұстау, және спиртшамның жалынына ілмекті залалсыздандыру. Дақылы бар пробирканы сол қолға горизонтальді-иілген түрде бас бармақ, екінші және үшінші саусақ аралығында ұстау. Оң қолдың бесінші саусағымен (кішкентай бөбек) мақталы тығынның сыртқы аймағынан қолдың алақан беткейіне тығыз ұстап, пробиркадан тығынды суырып алу. Спиртшамының жалынына прбирканың шетін күйдіру. Ілмекті пробиркаың қабырғасында суыту. Дақылды ілмекпен алу, физ.ерітіндінің тамшысына шеңбердің барлық бойына біркелкі үлестіру.
Жағынды препаратты 20 см. биіктікте ұстау арқылы жылы ауа ағынында кептіру. Спиртшамның жалынында. Кепкен жағынды күңгірт (матовый) болады.
Препаратты бекіту: Бас бармақпен және сұқ саусақпен әйнекшенің шетінен жағындыны жоғары қаратып ұстау және спиртшамының жалынының ортасынан үш рет 3-5 секунд аралығында өткізу.
Жабдықталуы: Зат әйнекшесі – 12 дана
Дәкелі салфетка (майлық) – 12 дана
Стеклограф (шыныжазба)– 12 дана
Физиологиялық ерітінді– 6 фл.
Бактериологиялық ілмек– 12 дана
Қиғаш агарда ішек таяқшасы мен антракоид дақылдары– 6 дана