Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған жалпы микробиология бойынша соөж және тәжірибелік сабақтарды


Тақырыбы: Бактериологиялық зертхананың ұйымдастырылуы. Жұмыс істеу ережесі. Фазоконтрастты және люминесцентті микроскоптардың жұмыс істеу принципі



бет5/31
Дата15.11.2023
өлшемі415,99 Kb.
#123131
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
метод. пособие -Жалпы микробиология каз

Тақырыбы: Бактериологиялық зертхананың ұйымдастырылуы. Жұмыс істеу ережесі. Фазоконтрастты және люминесцентті микроскоптардың жұмыс істеу принципі.


Міндеттері:
- бактериологиялық зертхананың құрылысы туралы түсінік беру;
- эпидемияға қарсы режим ережелерін сақтау жөніндегі білімдерін жетілдіру;
- микроскопиялау әдістері жөнінде түсінік қалыптастыру, аталған әдістердің кемшіліктері мен қолдану аясы және оның құндылықтарымен таныстыру;
- иммерсионды жүйемен жұмыс жасауда микроскопиялық зерттеу жүргізудің техникасын игеру дағдысын қалыптастыру;
- микроскопиялаудың фазо-контрастты, люминесцентті әр түрлі әдіс-тәсілдері бойынша білімін жетілдіру.


Демонстрация.
-Кафедраның бактериологиялық зертханасын көрсету.


Бактериологиялық лабораторияобъектілердің эпидемиологиялық қауіпсіздігі және олардың санитарлық жағдайын анықтау үшін қоршаған орта объектілеріне микробиологиялық зерттеу жүргізетін құрылым; ауруды емдеуде және алдын алуда, сондай-ақ диагноз қою үшін ақпарат алу мақсатында адамдардан алынатын биологиялық материалдар.
ҚР ДСҰ 10 маусым 2011 жылдан №385 «Микробиологиялық және паразитологиялық лабораториялардың жұмыс істеу шарты мен ұйымдастырылуына, құрылысына, қайта конструкциялауда, жобалауда қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар» Бұйрығы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 10 қаңтар 2012 жыл №13 жарлығы «Лабораторияларға қойылатын санитарлы-эпидемологиялық талаптар» бойынша лабораторияның тиісті бөлмелер жиынтығы және ауданы болуы қажет.


Бактериологиялық зертхананың негізгі талаптары:

  1. Зертхананың екі кірісі болуы шарт.

  2. Зертханаға кірер алдында санитарлық рұқсат қағазы тексеріледі.

  3. Зертхана жоспарында «таза» және «лас» ыдыстар бөлініп тұруы керек.

  4. Бөлме есігінде тағайындалған кесте ілініп тұрады.

  5. Зертханаға кірер алдында регистрация және қабылдау бөлімі болуы керек.

  6. Зертханалық пункта зерттелуші мен сол мекеме жұмысшыларының әжетханалары бөлек болуы керек.

  7. Люминесцентті микросокппен жұмыс істейтін, фотобөлмелерде, жуынатын бөлмелерде, қоймада, сан.бөлімшелерде табиғи жарықтандыру қарастырылмайды.

  8. Зертхана ауаны сорып шығаратын шкафтан сорып алу үшін арнайы вентиляциямен және бөлек (автономды) вентиляциялық құрылғылармен қамтамасыз етіледі.

  9. Зертхана бөлмелерінде жиһаздар ылғалға және дезинфекциялық заттарға төзімді, ашық түсті болуы қажет.

  10. Барлық бокстерде қол жууға арналған раковинасы, айнасы және дезинфекциялық ерітінділері бар предбоксы болуы қажет.

  11. Патогендік биологиялық агенттермен жұмыс жасағанда, бөлмеде бактериоцидтік шамдар болуы қажет.

  12. Аспаптар, құрал-жабдықтар және өлшеуіш заттар, зертханада қолданған заттар аттестациялануы қажет. Техникалық жағдай дұрыс болу керек. Техникалық төлқұжат болуы керек. Биологиялық қауіпсіздік талабы ескерілген жұмыс инструкциясы болуы қажет.

  13. Жаңа құрал-жабдықтарды қолдану және және ПБА мен жұмыс істеуге қолданылатын жаңа әдістер тек кешенді экспертизадан өткеннен кейін қолдануға берілу керек.



Патогенділік бойынша III-IV топтағы микроағзалармен жұмыс жүргізуде бактериологиялық маборатория бөлмелерінің тізімі:



  1. Лаборатория меңгерушісінің бөлмесі

  2. Егу бөлмесі

  3. Ішек таяқшаларын зерттеуге арналған бөлме

  4. Фаготиптеуге арналған бөлме

  5. Холераны зерттеуге арналған бөлме

  6. Санитарлық бактериология бойынша зерттеу жүргізуге арналған бокс және боксалды бөлме

  7. Тамшылы инфекцияны зерттеу үшін арналған бөлме

  8. Серологиялық зерттеулер үшін бокс және боксалды бөлмесі

  9. Термальді бөлмелер

  10. Тоңазытқышты камера

  11. Автоклавтау

  12. Қоректік орталарды дайындауға арналған бөлме

  13. Жуғыш бөлме (жуғыш машинасыз және жуғыш машинаны қолданумен)

  14. Тоңазытқыштарға арналған бөлме

  15. Қоймалар: стерильді лабораториялық ыдыстар, стерильді емес лабораториялық ыдыстар

  16. Анализдерді қабылдау пункті

  17. Қорытындыларды беру пункті

  18. Қызметкерлердің санитарлық пропускник

  19. Қызметкерлер бөлмесі

  20. Сынаманы жинауға арналған және нәтижелерін беру бөлмесі

  21. Оқу бөлмесі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет