Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттеріне арналған жалпы микробиология бойынша соөж және тәжірибелік сабақтарды


Сұйық қоректік ортадан жағынды дайындаудың техникасы



бет3/31
Дата15.11.2023
өлшемі415,99 Kb.
#123131
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
метод. пособие -Жалпы микробиология каз

Сұйық қоректік ортадан жағынды дайындаудың техникасы

  1. Жағындыны дайындаудың мақсатын анықтау.

  2. Спиртшамды жағу.

  3. Зат әйнекшесін екі жағынан салфеткамен (майлықпен) сүрту.

  4. Зат әйнекшесін екі жағынан майсыздандыру.

  5. Стеклографпен (шыныжазбамен)1х2см. көлемінде шеңбер жасау.

  6. Әйнекшенің шеңбер сызылған жағын төмен қаратып көпірдің үстіне қою

  7. Оң қолға ілмекті жазатын қалам сияқты ұстау, және спиртшамның жалынына ілмекті залалсыздандыру. Дақылы бар пробирканы сол қолға горизонтальді-иілген түрде бас бармақ, екінші және үшінші саусақ аралығында ұстау. Оң қолдың бесінші саусағымен (кішкентай бөбек) мақталы тығынның сыртқы аймағынан қолдың алақан беткейіне тығыз ұстап, пробиркадан тығынды суырып алу. Спиртшамының жалынына прбирканың шетін күйдіру. Ілмекті пробиркаың қабырғасында суыту. Дақылды ілмекпен алу, физ.ерітіндінің тамшысына шеңбердің барлық бойына біркелкі үлестіру.

  8. Ілмектегі дақылдың қалдығын спиртшамның жалынына жағу.

  9. Жағынды препаратты 20 см. биіктікте ұстау арқылы жылы ауа ағынында кептіру. Спиртшамның жалынында. Кепкен жағынды күңгірт (матовый) болады.

  10. Препаратты бекіту: Бас бармақпен және сұқ саусақпен әйнекшенің шетінен жағындыны жоғары қаратып ұстау және спиртшамының жалынының ортасынан үш рет 3-5 секунд аралығында өткізу.



Жабдықталуы:

  1. Зат әйнекшесі – 12 дана

  2. Дәкелі салфетка (майлық) – 12 дана

  3. Стеклограф (шыныжазба) – 12 дана

  4. Бактериологиялық ілмек– 12 дана

  5. Ет-пептонды сорпада стафилококк – 6 проб.

  6. Спиртшамы спиртпен – 6 дана

  7. Сіріңке (шырпы)

  8. Көпірі бар кювет – 6 дана

  9. Штативтер – 6 дана



Қарапайым әдіспен бояу
Қарапайым әдіс бойынша бояу үшін бояғыштың бір түрі ғана қолданылады.



  1. Ішек таяқшасының дақылынан дайындалған бекітілген жағындыға Пфейффер фуксинін жағу және 1-2минут ұстау. Сумен шаю және сүзгіш қағазбен кептіру. Бактериялар күлгін түске боялады.



Жабдықталуы:

  1. Студент дайындаған ішек таяқшасының дақылы, бекітілген жағындыда

  2. Пфейффер фуксині – 6 проб.

  3. Үлкен флакондағы су – 6 дана

  4. Сүзгіш қағаз – 6 дана

  5. Көпірі бар кювет – 6 дана

  6. Штативтер – 6 дана

  7. Микроскоп

  8. Иммерсионды май




  1. Антракоид дақылынан дайындалған бекітілген жағындыға метилен көгін жағу және 3-5 минут ұстау. Сумен шаю және сүзгіш қағазбен кептіру. Бактериялар көк түске боялады.



Жабдықталуы:

  1. Студент дайындаған антракоид дақылы, бекітілген жағындыда

  2. Метилен көгі– 6 проб.

  3. Үлкен флакондағы су – 6 дана

  4. Сүзгіш қағаз – 6 дана

  5. Микроскоп

  6. Иммерсионды май





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет