Мақсаты: 1.Бактериалардың антигендерін анықтау үшін
2.Иммунофлюоресцентті реакцияны қою үшін (ИФР)
Міндеттері:
ИФР орындаудың әдісін меңгеру
Люминесцентті микроскопиялау фотолюминесцентті құбылысқа негізделген
Люминесценция – бұл заттардың жарқырауы, ішкі сәулеленудің салдарынан пайда болады: жарықтық, ультракүлгін, ионизидтік..
Фотолюминесценция – бұл объектінің жарық әсерінен люминесценциялануы. Егерде люминесцентті объектіні көк түспен жарықтандырса, ол өзінен қызыл, қызғылт-сары, сары, және жасыл түсті сәулелерді шығарады. Нәтижесінде объектінің түрлі түсті бейнесі пайда болады. Жарық сындыратын толқын ұзындығы люминесцирлеуші заттың физико-химиялық құрылымына байланысты.
Биологиялық объектілердің біріншілік люминесценциясы алдын алу бояусыз-ақ байқалады. Себебі өзіндік люминесцирлеуші заттардың болуымен сипатталады.
Екіншілік люминесценция – тек қана арнайы люминесцирлеуші флюрохромды-бояғыштармен препаратты бояғанда пайда болады.
Люминесцентного микроскоптың қарапайым әдістермен салыстырғандағы артықшылығы :
- тірі микробтарды зерттеуге мүмкіндік береді.
- зерттелінетін материалдың аз ғана концентрацияда табуға мүмкіндік береді.