«Жалпы медицина» мамандығының 1 курс студенттеріне арналған «Бақылау және реттеу. (нерв жүйесі, сезім мүшелері, эндокринді жүйе)»пәнінен жазбаша емтихан сұрақтарының тізімі


/ Сопақша ми; оның құрылысы, қызметтері. Төртінші қарынша. Ромб тәрізді шұңқыр. Бассүйек нервтері ядроларының ромб шұңқырындағы проекциясы



бет16/37
Дата28.03.2022
өлшемі57,34 Kb.
#29061
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37
Байланысты:
«Æàëïû ìåäèöèíà» ìàìàíäû?ûíû? 1 êóðñ ñòóäåíòòåð³íå àðíàë?àí «Áà?

7/ Сопақша ми; оның құрылысы, қызметтері. Төртінші қарынша. Ромб тәрізді шұңқыр. Бассүйек нервтері ядроларының ромб шұңқырындағы проекциясы.

Сопақша ми –конус пішінді, артқы ми немесе ромб тәрізді мидың туындысы, жұлын мен ми сабауын жалғастырушы.Сопақша мидың жуындаған жерін сопақша ми буылтығы деп атайды.

-Жоғарғы шеті- көпірмен шектеседі.

-Төменгі шеті- шүйде сүйектің үлкен тесігіне дейін шектеседі.

1.Сопақша мидың алдыңғы бетінде орталық жүлге алдыңғы орталық саңылау өтеді (ол аттас саңылауының жалғасы) . Оның бүйірлерінде –пирамидалар орналасқан. Бұл саңылау жоғары бағытталады, соқыр тесікпен аяқталады. Алдыңғы орталық саңылау бірінші жұп мойын нервтерінің түбіршіктерінің будалары шығатын деңгейде үзіліп, пирамидалар қиылысынан түзілген беткей саңылау түрінде. Пирамидалардан латералды дөңес – олива жатады, ол пирамидалардын алдыңғы латералды жүлге арқылы бөлінген. Бұл жүлгенің тереңінде сопақша мидың бетіне тіласты нервтің 6-10 түбіршіктер шығады.

2. Сопақша мидың артқы бетінде артқы орта жүлгесі орналасқан, жоғары бағытталып, ми табақшасына, ысырмаға жетеді.

-Олар латералды жақтарында дамымай қалған артқы латералды жүлге арқылы шектелген

-Мишықтың төменгі аяқшалары арқылы құрамына еніп мишыққа келеді.

-Артқы жіпше аралық жүлге арқылы медиалды сына тәрізді буда мен нәзік буда арқылы латералды бөліктерге бөлінеді.

-Оливаның артындағы артқы латералды жүлгеден бассүйек жүйкелерінің ХІ, Х және ІХ жұптары шығады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет