Қатты қабықтың беріктігі мен икемділігі коллаген және эластинді талшықтардың байлығымен қамтамасыз етіледі,жылтырлау және ақ түсті. Екі жапырақшадан тұрады: сыртқы, ішкі. Сыртқы қантамырға бай, ішкі жылтыр, тегіс, эндотелимен жабылған. Қатты қабық мидың басқа бөлімдерінің арасында орналасқан, арасында өсінділер орналасады. Өсінділер ми қойнауын қалыптастырады да, қойнауда мидан, көзден, мидың қатты қабығынан веналық қан мойындырық венаға келеді. Қатты қабық өсінділері:
мишық орағы ортаңғы сызық бойымен шүйде іші жағынан өтіп, шүйденің үлкен тесігінен кейін екі аяқшаға келіп, қаусырайды.
мишық шатыры үлкен мидың шүйделік үлесін мишықтан бөліп тұрады.
шатыр тілігі арқылы мидың сауабы өтеді.
ершік диафрагмасы түрік ертоқымы гипофиздік шұңқыр үстінен шатыр түзеді.Қатты қабықтың қойнаулары:
Жоғары сагиталды қойнау үлкен ми сыңарының жоғары жағында орналасады, бүкір лакуналар, бұл лакуналарда грануляциялар жинақталады.. Ол әтеш айдарынан басталып, ортаңғы сызық бойынша көлденең қойнауға дейін келеді.
Төменгі сагиталды қойнау үлкен ми сыңарынан тік қойнауға дейін.
Көлденең қойнау шүйде сүйегінің жүлгесінде орналасады.
Тік қойнау мишық шатырының арасында орналасады.
Үңгірлі қойнау түрік ершігінің жанында орналасады.
Сына төбелік қойнау сына сүйегіне медиалды бағытталады да, үңгір қойнауына кіреді.
Жоғарғы тасты қойнау самай сүйегінің пирамидасының жоғары бетінде орналасады.
Төменгі тасты қойнау шүйде мен сына сүйектерінің пирамида жүйесіне өтеді.
Шүйделік қойнау көлденең қойнау арқылы шығып , екі тармаққа бөлінеді, үлкен шүйде тесігін қоршап, сигматәрізді қойнауға дейін келеді.
Торлы қабыққабықасты трабекулалармен байланысқан. Торлы қабықтың грануляциялары жұлын сұйықтығының веналық ағынына түсуіне жағдай жасайды. Торлы қабықасты кеңістіктерінің үлкен болып келуі цистерна деп аталады.Торлыасты цистерна:
Мишық ми цистернасы мишық пен сопақша ми арасында орналасады.
Үлкен ми латералды шұңқырының цистернасы мидың латералды шұңқырына cәйкес.
Аяқшалар арасындағы цистерна аяқшалардың арасында орналасады.
Қиылысқан цистерна көру нерві мен маңдай үлесінің(lobus frontalis) арасында орналасады.
Жұмсақ қабықбарлық жүлге мен саңылауға енеді, жоғары мимен тығыз орналасады. Кеңістік жұмсақ қабықты тамырдан бөліп, тамырлық негізді tela chroidea құрайды. Жұмсақ қабық қантамыр өрімі plexus choroidei мен тамырлық негізі бүйірліk ІІІ, ІV ми қарыншасымен байланысқан.