Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы



Pdf көрінісі
бет16/76
Дата29.06.2023
өлшемі1,9 Mb.
#103694
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76
Байланысты:
каз

ІІ
ОҚЫТУ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
МЕН 
ТӘРБИЕЛЕУДІ 
ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 
  
2.1 
БІЛІМ БЕРУДЕГІ САБАҚТАСТЫҚ 
Білім берудегі сабақтастық оқушының бір білім деңгейінен екіншісіне 
ауысқан 
кезінде 
психологиялық 
және 
педагогикалық 
дайындығын 
қалыптастыруға бағытталып, толыққанды дамуын қамтамасыз етеді. Бұл 
сабақтастық бір деңгейден екінші деңгейге тұрақты, үдемелі өтуді қамтамасыз 
ететін тиімді құралдар мен әдістердің көмегімен жүзеге асырылады.
Білім беру деңгейлерінің сабақтастығы, ең алдымен Мемлекеттік жалпы 
білім беру стандартымен қамтамасыз етіледі онда сабақтасу байланыстарын 
ескере отырып, мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі, орта білім деңгейлері 
бойынша білім мазмұнының сәйкестігі, оқытуды іске асыру тәсілдері, жеке жас 
ерекшеліктері, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері негізінде 
әрбір баланың дамуы қарастырылады.
«Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп - негізгі мектеп – орта мектеп» 
деңгейлеріндегі бір деңгейден келесісіне өту кезінде оқушы өзі үшін маңызды 
сәттерді басынан өткізеді. Білім алушы үшін өтпелі уақыт оқу іс-әрекетіне, оқыту 
мен тәрбиелеу әдіснамасына, сонымен қатар, құрдастарымен және 
мұғалімдермен жаңа қарым-қатынасқа, жаңа талаптарға көшу кезіндегі маңызды 
кезең болып саналады.
«Мектепке дейінгі - бастауыш мектеп» деңгейіндегі сабақтастық
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру деңгейлері арасындағы 
сабақтастық білім беру үрдісінің әдіснамасы мен мазмұнының үздіксіздігі мен 
бірлігі, баланың мектепте оқуға физикалық, психологиялық, эмоционалдық
әлеуметтік дайындығына мүмкіндік беретін білім алушылардың білімі мен 
дағдыларын кезең-кезеңімен арттыру болып табылады. Бастауыш мектеп 
баланың одан әрі жан-жақты дамуы үшін мектепке дейінгі білім беру 
нәтижелеріне сүйенеді.
Мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы шеңберінде 
мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің тығыз ынтымақтастығы қажет, оның 
міндеттері балалардың мектепке деген қызығушылығын дамыту, олардың тиісті 
мектепалды даярлығы, балабақшадан мектепке көшудің табиғилығын 
қамтамасыз ету, мектепалды даярлық мәселелерінде мектеп пен отбасының өзара 
іс-қимылы болып табылады.
Аталған міндеттерді іске асыру үшін жазғы уақытта білім беру ұйымдары 
жанындағы балабақшалар мен мектепалды даярлық сыныптарына бармаған 
балалар үшін 2 аптадан 1 айға дейін мектепалды даярлық курстары өткізіледі. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары «Денсаулық», 
«Пікір», «Таным», «Шығармашылық», «Қоғам» сияқты білім беру салаларын 
кіріктірілуі көзделген курстардың мазмұнына негізделеді.


25 
Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру сатыларының сабақтастығын 
іске асыру жөніндегі жұмыс түрлері:
1. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп педагогтерінің бірлескен 
семинарлары мен педагогикалық кеңестері.
2. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің бастауыш сыныптарында 
оқитын педагогтердің, ата-аналардың бірлескен іс-шаралары (мерекелер, 
экскурсиялар, спорттық жарыстар, балабақшалардағы «Түлектер күні»);
3. Мұғалімдерге, ата-аналарға арналған психологиялық тренингтер.
4. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептің психологтарының, 
медицина қызметкерлерінің бірлескен іс-қимылдары.
5. Балалардың мектепке дайындығын диагностикалау.
6. Мектепке дейінгі ұйымдардың түлектерінен 1-сыныпқа жасақтауда 
жасалатын жұмысты мектеппен бірлесіп атқару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет