40
«қарапайымнан күрделіге қарай, таныстан таныс емеске қарай» принципі
бойынша құрастырылған. Жанды және жансыз табиғаттың құбылыстары мен
процестерінің өзара байланыстарының себебін ұғыну және түсіну,
қоршаған
ортаның көптүрлілігі мен күрделілігін саналы аңғару білім алушылардың
ойөрісін кеңейтеді. «Жаратылыстану» оқу пәні – білім берудің кейінгі
деңгейлерінде дербес пән ретінде оқылатын «Биология», «Физика», «География»,
«Химия» оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын, сондай-ақ білімнің
барлық салаларында маңызды орын алатын зерттеу
дағдыларының іргетасын
қалайды.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы Негізгі орта білімнің мақсаты
функционалдық білім мен біліктерді, жоспарлау, талдау және өңдеу, түсіндіру,
жүйелеу, алгоритм бойынша жұмыс, зерттеу, практикалықэксперименттік
дағдыларды жетілдіру, қорытындыларды бағалау
және тұжырымдау дағдыларын
қалыптастыруды; әлемнің қазіргі жаратылыстану көрінісінің негізінде жатқан
іргелі ұғымдарды, заңдылықтарды, теориялар мен қағидаттарды, табиғатты
ғылыми тану әдістерін, табиғатты, экономиканы және қоғамды кешенді зерттеу
негізінде адамзаттың ғаламдық және жергілікті проблемаларын түсінуді
тереңдетуді; экологиялық мәдениетті, ғылыми, жобалық және кеңістіктік
ойлауды дамытуды; патриоттық сезімдерді,
қоршаған ортаға деген
жауапкершілікті және ұқыпты қарауды тәрбиелеуді; білім алушыларды
жаратылыстану ғылымдары бағытында кәсіби бағдарлауды іске асыруды
қамтамасыз ету.
«Жаратылыстану» білім беру саласындағы Жалпы орта білім берудің
мақсаты: кең ауқымды дағдыларды дамыту
негізінде білім алушылардың
жоғары оқу орындарында білімін жалғастыруы және кәсіби өзін-өзі анықтауы
үшін академиялық дайындығын қамтамасыз етуге қолайлы білім беру кеңістігін
жасау болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: