Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет11/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
 
Антиоксиданттар 
(гр.anty-қарсы, oxys- қышқыл) – асқын тотығу процестерді
әлсірететін 
химиялық 
қосындылар 
және 
физикалық 
әсерлер 
(супероксиддисмутаза, глутатионпероксидаза, фосфолипаза, альфа-токоферол).
 
Хемилюминесценция 
(гр.chemi-химияға қатысты, lumen- жарық)
 
– жасушадағы 
кейбір биохимиялық реакциялармен қабаттасатын әлсіз жарықтану.
 
Детергенттер 
(лат.detergens- тазартатын, жуатын) – беткейлік тартылысты 
әлсірететін заттар.
 
Альтерация 
(лат. altero- өзгерту, басқаша қылу) – жасушалар құрылысының
метаболизмінің, функцияларының өзгерістері, зардапталуы.
 
Дистрофия 
(лат. dis- бұзылыс, trophe- қоректендіру) – жасушалардың тіршілігі
бұзылуына әкелетін, олардың функциялары, пластикалық процестері, құрылымы 
бұзылуымен қабаттасатын заттек алмасуларының бұзылыстары.
 
Амилоид 
(гр. amylon- крахмал, eldos- түрі) – ақуыздар алмасуы бұзылуының 
өнімі ретінде саналатын глобулиндер мен полисахаридтердің күрделі кешені.
 
Амилоидоз 
– тіндерде амилоидтың жиналуымен сипатталатын дистрофияның 
түрі.
 
Гиалин 
(гр.hyalos- шыны) – кейбір патологиялық процестерде кездесетін, 
жартылай мөлдір, шыныға ұқсас, тығыз ақуыздық зат.
 


Гиалиноз 
– аралық тінде гиалиннің жиналуымен сипатталатын ақуыздық 
дистрофияның түрі.
 
Дисплазиялар 
(лат. dis- бұзылыс, plasis- пайда болу, алып келу, өндіру) – 
жасушалардың нақтылануының бұзылуы, ол жасушалардың функциялары, 
метаболизмі, құрылысының тұрақты өзгерістерімен сипатталады, жасушалардың 
тіршілігі бұзылуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет