Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет8/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


ТАҚЫРЫБЫ: «Жалпы патогенез. Реактивтілік және оның
патологиядағы маңызы» 
Патогенез 
(гр. pathos-ауру,зардап шегу+genesis- туу, пайда болу) – аурулар, 
патологиялық процестер мен патологиялық жағдайлардың даму жолдары, ағымы, 
аяқталуы мен салдарлары туралы ілім.
Патогенездік факторлар 
– этиологиялық фактор әсер еткенде пайда болатын 
және мұнан былай ауру дамуында «себептiң» рөлiн атқаратын организмдегi 
өзгерiстер. 
Функциялық элемент 
– ағзаның барлық тiндерiнiң жасушалық, талшықтық 
құрылымдарынан тұратын, белгілі ретке келтірілген құрылымдық-функциялық 
кешен бола алатын, сонымен қоса, осы кешеннің негізінде тіндік алмасу 
процестері қамтамасыз етілетін микрожүйе. Сайып келгенде, бұл жасушалардың, 
микроқанайналым бiрлiгiнiң, жүйке талшықтарының, дәнекер тiннiң жиынтығы. 
Бастапқы, маңызды тiзбек 
– барлық қалған тізбектердің дамуына қажетті тізбек. 
Патогенездiң кері айналып соғу шеңбері 
(лат. сirculus vitiosus) – аурудың 
патогенезіндегі бір салдар кері айналып соғу арқылы шеңбер түзуі мүмкін. 
Шеңбердің қалыптасуы оң керi байланыс принципіне негізделген.
Құрылымдық-қызметтiк бiрлiктердiң ұстамалы белсендiлiгiнiң заңы 
– әр 
ағза тұтас қызмет атқарады, бiрақ оның қызметтiк бiрлiктерi бiр уақытта жұмыс 
iстемейдi (олардың бөлiктерi уақытша қорда сақталынады); қызметтiк бiрлiктер 
тұтас жұмыс iстемейдi (олардың бөлек жасушалары қорда орналасады); 
жасушаның бәрi бiр уақытта жұмыс iстемейдi (оның бөлек органеллалары 
тыныштық қалпында сақталынады). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет