ТАҚЫРЫБЫ: «Нәруыз алмасуының бұзылыстары»
Азоттық тепе-теңдік (азоттық баланс)
- организмнен шығарылатын
азоттық өнімдердің мөлшерi тағаммен түсетiн мөлшерге тең болатын жағдайы.
Оң азоттық баланс -
организмде құрамында азоты бар нәруыздардың
ыдырауынан, организмге тағаммен түсетiн азот мөлшерiнің басым болуы.
Теріс азоттық баланс
- организмнен шығарылатын азоттық өнiмдердің
тағаммен түсетiн азоттың мөлшерiнен артық болуы.
Алмастырылмайтын (эссенциальді) амин қышқылдар
- организмде
өндірілмейтін (түзiлмейтiн), тек тағаммен ғана түсетiн
аминқышқылдары
(фенилаланин, валин, триптофан, метионин, лизин, лейцин, треонин, изолейцин).
Дезаминделу
-
аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы.
Аминооксидаза ферменттерінің әсерiнен аминқышқылдары аминтоптарынан
азотты жоғалтады, ал ол аммиак түрiнде шығарылады.
Переаминделу (трансаминделу)
- аминқышқылдардың аралық алмасуының
этапы. Трансаминаза ферменттерінің әсерiнен (бос аммиак түзусiз өтетiн)
аминқышқылдан альфа- кетоқышқылға аминтоптарды
қайтымды тасымалдау
процесi.
Достарыңызбен бөлісу: