ТАҚЫРЫБЫ: «Липидтер алмасуының бұзылыстары»
Гиперлипемия
(грек. hyper - жоғары, басым + lipos - май + haima - қан) -
қанда майлардың мөлшерiнiң жоғарылауы (қалыпты мөлшері 3,5-8,0 г/л)
Липурия
(грек. lipos - май + uron – несеп, зәр) – зәрде майдың пайда болуы.
Стеаторея
(грек. stear, steatos - май + rhoia – ағу) - нәжiсте майдың, май
қышқылдарының немесе сабынның көп мөлшерде болуы.
Майлы инфильтрация
(лат. in - ішке + filtratio – сүзу)
- май тiнiне қатысы
жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы.
Майлы дистрофия
(грек. dys - бұзылу, trophe - қоректену) - май
жасушаларының протоплазмасының бұзылуымен қабаттасатын, май тiнiне
қатысы жоқ жасушаларда майлардың артығымен жиналуы.
Майлы декомпозиция
(лат. decompositio – қайта құрылу) - нәруыздық-
липидтiк комплекстердiң бұзылуынан жасушада майдың жиналуы.
Кетоз
- бауырда кетондық денелердiң түзiлуi (ацетон, ацетосiрке және бета-
гидроксимай қышқылдары), олардың тiндерде тотығуынан басым болуымен
сипатталатын аралық май алмасуының бұзылуы.
Семіздік
- майлы тiндерде майдың артығымен жиналуы.
Гиперпластикалық семіру
- май жасушаларының санының көбеюiне
байланысты май тiндерiнде майдың артығымен жиналуы.
Гипертрофиялық семіру
- май жасушаларының көлемiнің ұлғаюына
байланысты май тiндерiнде майдың артығымен жиналуы. Бозбала шақта жиі
кездеседі.
Атеросклероз
(грек. athere- ботқа + scleros- қатты) – артериялардың
интимасында липидтердiң, көмiрсулардың күрделі қосындыларының, қан
элементтерiнің және қанайналымдағы өнiмдердің ошақты жиналуымен, дәнекер
тiндердің түзілуімен және кальцийдің шоғырлануымен көрінетін көптеген
өзгерiстердің жиынтығы.
Достарыңызбен бөлісу: