ТАҚЫРЫБЫ: «Көмірсу алмасуының бұзылыстары»
Қантты диабет
(diabetes mellitus)- - зат алмасу бұзылыстарымен (әсiресе
комiрсулардың) қатар жүретiн инсулиннiң абсолютті немесе салыстырмалы
жеткiлiксiздiгiнен дамитын ауру.
Инсулин
(лат. insula - аралшық) - ұйқы безінің Лангенгарс
аралшықтарындағы бета жасушаларда түзілетін табиғи пептидті гармон. Зат
алмасуға көптеген септігін тигізеді. Инсулин негізінен қандағы глюкоза
мөлшерінің төмендеуіне әсер етеді.
Контринсулярлы гормондар
- инсулиннiң гормондық антагонистерi
(соматотропты гормон, адренокортикотропты гормон, глюкокортикоидтар,
адреналин, норадреналин, тироксин, трийодтиронин, глюкагон). Олардың
артығымен бөлiнуi гипергликемия дамуына ықпал етеді.
Гликемия
(грек. glykys - тәтті + haima - қан) - қандағы глюкоза мөлшерi
(қалыпты мөлшері 3,3-5,5 ммоль/л).
Гипергликемия
(грек. hyper - жоғары, басым + glykys - тәтті + haima - қан) –
қандағы глюкоза мөлшерінің 5,5 ммоль/л –ден жоғары болуы.
Гиперкетонемия
- қанда кетонды денелердің жоғарылауы(ацетосірке
қышқылы, бета-оксимай қышқылы және ацетон), (қалыпты мөлшері 0,5-2,5 мг%).
Глюкозурия
(грек. glykys-тәтті + uron – несеп, зәр) - екiншiлiктi зәрде
глюкозаның болуы.
Достарыңызбен бөлісу: