Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет35/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Гиперлактацедемия 
- қанда сүт қышқылының мөлшерiнiң жоғарлауы 
(қалыпты деңгейі - 0,62-1,33 ммоль/л). 
Аралшықты қантты диабет- 
асқынбайтын
 
инсулиндiк жеткiлiксiздiкпен 
сипатталатын қантты диабеттiң патогенездік түрi (гипергликемия мен 
глюкозурия бауыр семiруiмен және кетозбен асқынбайды). 
Тотальді қантты диабет 
- инсулиндiк жеткiлiксiздiкпен қатар липокаиннiң 
тапшылығымен жүретiн диабеттiң патогенездік түрi (асқынулар бауырдағы майлы 
инфильтрация және кетоз түрiнде кездеседi). 
Диабеттік микроангиопатия 
- ұсақ қан тамырларының (капиллярлардың, 
артериолалардың, 
венулалардың) 
жайылымды 
(жалпы) 
дегенеративтi 
зақымдалуы. Ретинопатия, невропатия жатады. 
Гипогликемия
- қанда глюкоза концентрациясының 3,3 ммоль/л-ден 
төмендеуі. 
Кетоацидоздық кома
- инсулин тапшылығының өршуінен дамитын қантты 
диабеттiң асқынуы. Әдетте гипергликемия, глюкозурия, гиперкетонемия, 
кетонурия, ацидоз және сусыздану қабаттасады. 
Гиперосмолярлық кома
- айқын гипергликемиямен (55 ммоль/л), қанның 
жоғары осмостық қысымымен (300 ммоль/л-ден жоғары), гиперазотемиямен 
сипатталатын қантты диабеттiң асқынуы. Бұл кезде кетоацидоз болмайды. 
Гиперлактацидемиялық кома -
гликогеннің пайдаланылуы артқан 
жағдайда, сүт қышқылының тым көп (1,33 ммоль/л-ден артық) түзiлуінен 
дамитын қантты диабеттiң асқынуы. Бұл кезде гиперкетонемия және кетонурия 
жоқ. 
Гипогликемиялық кома- 
қан плазмасындағы глюкозаның мөлшері бірден 
азаюынан, мидағы глюкозаның пайдалануының тез арада төмендеуінен дамитын 
гипогликемия көрінісінің соңғы сатысы. 
Қантты 
емес 
диабет- 
вазопрессин 
гормонының 
өндірілуінің 
жеткіліксіздігінен немесе бүйрек түтікшелерінің сезімталдығының төмендеуінен, 
үлестік тығыздығы төмен несептің көп мөлшерде бөлінуімен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет