Жалпы патофизиология



Pdf көрінісі
бет38/39
Дата17.09.2023
өлшемі334,67 Kb.
#108297
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Декарбоксилдену 
- аминқышқылдардың аралық алмасуының этапы. 
Декарбоксилаза ферменттерінің әсерiнен карбоксильдi топтан СО

шығарылып,
биогендiк аминнiң түзiлуі. 
Алиментарлық нәруыз жеткiлiксiздiгі-
организмге тағаммен бiрге 
нәруыздардың жеткiлiксiз түсуi, олардың қорытылуы мен сiңiрiлуiнiң бұзылуы. 
Гипераминоацидемия 
(грек. hyper – жоғары, басым + англ. amino acid - 
аминқышқылы + греч. haima қан) – қанда аминқышқылдардың мөлшерiнің артуы. 
Гиперазотемия 
(грек. hyper – жоғары, басым + ázōos - тіршіліксіз + haima 
кровь) - қанда қалдық азот мөлшерiнiң жоғарлауы. 
Өнімдік гиперазотемия - 
1) бауырдың ауыр зақымдануларынан 
несепнәрдің (мочевина) бауырда түзілмеуі салдарынан қанда қалдық азоттың 
жоғарылауы (несепнәрдің мөлшері жоғарыламайды, жиі төмендейді; қанда 
аммиактың мөлшері артады; бауырда аминқышқылдарының дезаминделуі 
бұзылады; бауырда ыдыраған нәруыздардың бактериялық өнімдерінің 
концентрациясы қан құрамында артады); 2) тіндердің ауқымды ыдырауы кезінде 
қанда қалдық азот мөлшері жоғарылайды (жарақаттық шок, күйіктер, өспелер). 
Ретенциялық гиперазотемия 
– нәруыз алмасуының соңғы өнімдерінің 
шығарылмауынан, яғни бүйректiң бөлу қызметiнiң және несеп жолдарының 
патологияларынан қанда қалдық азоттың мөлшерiнiң жоғарылауы (бүйректік 
жеткіліксіздік).
Қалдық азот- 
мочевина азотынан (50%), аминқышқылдар азотынан (25%) 
және басқа азоттық өнiмдерден (25%) тұратын қандағы нәруыздық емес азот. 
Гиперурикемия 
(грек. hyper – жоғары, басым + uricum – зәр қышқылы + 
haima - қан) – қанда зәр қышқылы мөлшерiнiң жоғарылауы. 
Подагра 
(грек. pus (podos) – аяқ + agra - қақпан, , «аяқтағы қақпан») - зәр 
қышқылы түзiлуiнiң және бөлiнуiнiң бұзылуынан зәр қышқылы тұздарының 
буындарда, сiңiрлерде жиналуымен сипатталатын ауру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет