(ең алдымен бас миының) өршитін гипоксиясы, ацидозы
және бұзылған алмасу
өнімдерімен уыттануы жатыр.
Өлім –
организмдегі тіршіліктің тоқтауы процесі.
Клиникалық өлiм – жүректің қызметі, тыныс алу тоқтағаннан кейін басталатын
және орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінде қайтымсыз өзгерістер
дамығанша жалғасатын терминальдік жағдай.
Ми өлімі – бас миының қайтымсыз зардапталуы; ол жүрек қызметі және газдар
алмасуы сақталған жағдайда да дамуы мүмкін.
Биологиялық өлiм – организм
тіршілігінің қайтымсыз тоқтауы; даралық
тіршіліктің соңғы сатысы.
Реанимация (лат. re-қайтадан+animatio-тiрiлту) –
арнайы тiрiлтетiн шараларды
(жасанды тыныс алу, жүрек массажы, жүректiң электрлiк дефибрилляциясы)
қолдану арқылы жойылған немесе дөрекi бұзылған, организмнiң
өмiрiне қажеттi
қызметтердiң орнын толтыру не қалыпка келтiру.
Реаниматология (лат. re-қайтадан+animatio-тiрiлту+logos-iлiм) – организмнiң
жаңа
ғана жойылған, тіршілік етуге қажет қызметтердi қалыпқа келтiру және
алдын алудың нәтижелi әдiстерiн өңдеу мақсатымен
организмнiң өлуі және
тiрiлуі заңдылықтарын зерттейтiн iлiм.
Неговский В.А. (1909) – реаниматологияның iлiм ретiнде дамуының негiзiн
салушысы. 1936 жылы әлемде алғаш рет организм тiрiлтуiнiң тәжiрибелiк
физиологиясының лабораториясын құрған.
Корпачев В.Г. (1935-1998) – Қазақстандағы тәжiрибелiк реаниматологияның
негiзiн салушысы. Негiзгi жұмыстары тiрiлтiнгеннен
кейiнгi дамитын
энцефалопатияның даму жолдарын зерттеуге арналған.