Жалпы патофизиология


Сауығу – ауру аяқталуының бiр түрi; аурудан кейiнгi организмнiң қалыпты өмiр  сүруiне қайта келуiмен сипатталады.  Терминальдi жағдайлар



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата23.05.2023
өлшемі334,67 Kb.
#96284
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Сауығу – ауру аяқталуының бiр түрi; аурудан кейiнгi организмнiң қалыпты өмiр 
сүруiне қайта келуiмен сипатталады. 
Терминальдi жағдайлар (лат. terminalis – шекаралық, соңғы) – осы күйге 
келтiрген себеп жойылса да жануарлардың және адамның организмi одан өзi 
шыға алмайтын күйi. Морфофункциялық өзгерістердің негізінде барлық тіндердің 


(ең алдымен бас миының) өршитін гипоксиясы, ацидозы және бұзылған алмасу 
өнімдерімен уыттануы жатыр. 
Өлім  организмдегі тіршіліктің тоқтауы процесі. 
Клиникалық өлiм – жүректің қызметі, тыныс алу тоқтағаннан кейін басталатын 
және орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөлімдерінде қайтымсыз өзгерістер 
дамығанша жалғасатын терминальдік жағдай. 
Ми өлімі – бас миының қайтымсыз зардапталуы; ол жүрек қызметі және газдар 
алмасуы сақталған жағдайда да дамуы мүмкін.  
Биологиялық өлiм – организм тіршілігінің қайтымсыз тоқтауы; даралық 
тіршіліктің соңғы сатысы.
Реанимация (лат. re-қайтадан+animatio-тiрiлту) – арнайы тiрiлтетiн шараларды 
(жасанды тыныс алу, жүрек массажы, жүректiң электрлiк дефибрилляциясы) 
қолдану арқылы жойылған немесе дөрекi бұзылған, организмнiң өмiрiне қажеттi 
қызметтердiң орнын толтыру не қалыпка келтiру. 
Реаниматология (лат. re-қайтадан+animatio-тiрiлту+logos-iлiм) – организмнiң  
жаңа ғана жойылған, тіршілік етуге қажет қызметтердi қалыпқа келтiру және 
алдын алудың нәтижелi әдiстерiн өңдеу мақсатымен организмнiң өлуі және 
тiрiлуі заңдылықтарын зерттейтiн iлiм. 
 Неговский В.А. (1909) – реаниматологияның iлiм ретiнде дамуының негiзiн 
салушысы. 1936 жылы әлемде алғаш рет организм тiрiлтуiнiң тәжiрибелiк 
физиологиясының лабораториясын құрған. 
 Корпачев В.Г. (1935-1998) – Қазақстандағы тәжiрибелiк реаниматологияның 
негiзiн салушысы. Негiзгi жұмыстары тiрiлтiнгеннен кейiнгi дамитын 
энцефалопатияның даму жолдарын зерттеуге арналған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет