238
Рəбиға Сыздық
«Абай тілінің тағылымы» атты соңғы тарауда ғалым Абай стилі
мен Шəкəрімдікін салыстыра талдаған. Зерттеуші келесі теориялық
тұжырым жасаған. «Абайды ұлы деп танытып отырған белгі – оның
поэтикалық дəстүрінің, рухани қазынасының, көркем тілінің жал-
ғастық тапқандығынан, өзінен кейінгілерге үлгі-эталон болғанды-
ғынан көрінеді. Бұл жайында жиі айтылып, көп жазылып келеді.
Дегенмен бұл концепцияны жоғарғы талдауларымыз бен түйіндері -
мізге жанастыра дəлелдей түспекпіз. Осы мақсатпен ұлы Абайдың
ізбасары Шəкəрім Құдайбердіұлының тіл өрнегіне үңілсек.
Шəкəрім – Абайдың азаматтық ар-ұжданы мен ақындық талантын
тамаша танып, өте жоғары бағалаған, бағалай отырып үлгі тұтқан
адам. Ол өлеңдерінде Абай есімін бір емес, бірнеше рет атайды. «Жас-
тарға» деген өлеңінде Абайды ұстаз тұтуға жастарды шақырады. Ол
«мыңмен жалғыз алысқан», «өзі ермей, ерік бермей қор еткен жұр -
тын» айтқан, «сөзді ұғарлық бозбаланы көре алмай, үзілмес үмітпе -
нен бос қуарған» Абайды да жақсы таниды...
Абайды Шəкəрім барлық тұрғыдан ұстаз тұтады:
Достарыңызбен бөлісу: