Тіл-ғұмыр
түзді. Атап айтқанда, ол орыс мектептерінің жоғары кластары үшін
«Қазақ тілі» оқулықтарын (1952-1953), «Үлкендерге арналған əліп-
пені» (1958, 1963), «Ересектерді оқытудың программасын» (1958),
университеттер мен институттарда «Қазақ əдеби тілі тарихын оқы-
тудың программасын» (1965, 1969, 1975) жазысуға атсалысгы.
Ғалымның ұзақ жылдар бойы аса өнімді еңбек етіп, жемісті зерт-
теулер беріп келе жатқан саласы – тіл мəдениеті мен қолданбалы
лингвистика. Бұл ретте ғалымның шешендік сөз туралы, сөз қолда-
ныс пен əдеби норма т.б. мəселелерге арналған бірқатар теориялық
зерттеулері ғылыми жинақтарда («Жазушы жəне сөз мəдениеті»,
«Қазақ əдеби тілінің ауызша түрі» т.б.) жəне ғылыми журналдарда
жарияланды. Сонымен қатар тілдік нормаға арналған «Тілдік нор-
ма жəне оның қалыптануы» (2001), деген атпен жеке монографиясы
қазақ тіл білімінде норма мəселесі» теориялық тұрғыдан арнайы сөз
еткен тұңғыш ізденіс болып табылады.
Мұнда бүгінгі əдеби тіліміздің қолданысында қалыптанған лек-
сика-грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық көркемдік заң -
дылықтарын жүйелеп көрсетумен қатар, олардан уəжді-уəжсіз ауыт-
қитын сəттерді де салалап береді. Ғалым бұл зерттеуінде тілдік
нормалардың түрлері мен типтеріне тоқтала отырып, əдеби тілдік
норманың негізінде тілдік жүйе мен заңдылықтар жатқанына назар
аударады. Əдеби тіл нормасының қазіргі қалып-күйін көрсете келіп,
басым варианттардың түрлерін айқындайды.
Сонымен бірге жұртшылықтың тіл мəдениетін көтеретін, қоғам-
дық-мəдени өмірде орны ерекше саналатын практикалық құралдар
(«Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі», 1960, 1974, 1988, 2001, 2005)
жазуға қатысып, емле ережелерін жүйелеген («Қазақ орфография-
сы мен пунктуациясы жөнінде анықтағыш», 1959, 1974, 1994, 2000),
орфоэпиялық нормаларды тиянақтаған («Сөз сазы». Алматы, 1983,
1995, 2000) еңбектер жариялады. Бұлар қазақ тілі нормаларын коди-
фикациялауда өзіндік орны ерекше еңбектер деп бағаланады.
Ғалымның тікелей басқаруымен жəне белсене қатысуымен «Қа-
зақ орфографиясы негізгі ережелерінің жаңа нұсқасы» жасалды.
Негізгі ереженің жаңа редакциясы кезінде Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1983 жылдың 25 тамызында
бекітілді.
Р.Сыздық мерзімді баспасөз беттерінде тіл мəдениетінің көкей-
кесті мəселелерін көтерген, қоғамдық ойға қозғау салған аса көлемді
мақалалар жариялаумен бірге, театр, теледидар, баспа ұжымдарында,
газет-журналдар редакцияларында, жоғары оқу орындары мен орта
мектептерде əдеби тіл нормаларын насихаттау, қалың көпшіліктің тіл
230
Рəбиға Сыздық
мəдениетін көтеретін шараларды (ғылыми-практикалық конферен-
циялар, əңгіме-дəрістер, дөңгелек үстелдер т.б.) өткізу тəрізді игі
істерге ұйытқы болып, басшылық жасап, оларға белсене қатысты.
Репрессияға ұшыраған аса көрнекті ғылым мен қоғам қайраткер -
лері, қазақ тіл білімінің негізін қалаушылар А.Байтұрсынұлы,
Қ.Жұбанов сынды ғалымдардың өмірі мен ғылыми еңбектері ту -
ралы Р.Сыздық алғашқы болып, алғаш очерк жазып, кітапшалар
шығарды. Оның Қ.Жұбанов туралы «Ғалым-азамат» (1966, 2004),
А.Байтұрсынұлы туралы «Ахмет Байтұрынов» (1990) деген кітап-
шалары жұртшылыққа кеңінен мəлім.
Осындай игі істермен қатар ғалым Қ.Жұбановтың, А.Байтұрсын-
ұлының, Халел Досмұхамедовтің ғылыми мұрасын баспаға əзірлеу
жұмыстарымен де шұғылданды. Р.Сыздық пен Е.Жұбановтың редак-
циясымен Құдайберген Жұбановтың «Исследования по казахскому
языку» (Алма-Ата, 1966, 362 с.); Р.Сыздық пен Ш.Сарыбаевтың ре-
дакциясымен А.Байтұрсынұлының «Тіл тағылымы» (Алматы, 1992,
448-б.). Р.Сыздықтың бас редакторлығымен Халел Досмұхамедовтің
«Таңдамалы» (Алматы, 1998) деген көлемді еңбектері жарық көрді.
Р.Сыздықтың жауапты редакторлығымен іргелі ғылыми моногра-
фиялар (Қ.Өмірəлиев. Қазақ поэзиясының жанры мен стилі. Алматы,
1983, 240-б.; Х.Нұрмаханов. Сөз жəне шеберлік. Алматы, 1987. 288-б.;
Б.Əбілқасымов. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ тілі. Ал-
маты, 1982. 224-б. т.б.), жекелеген ғылыми жинақтар (Жазушы жəне
сөз мəдениеті, 1983. 152-б.; Қазақ əдеби тілінің ауызша түрі. Алматы,
1987. т.б.) жəне «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі» (1988, 2001)
жарыққа шықты. Сондай-ақ Р.Сыздық «Абай тілінің сөздігі» (1968),
он томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1974-1986), т.б. көлемді
лексикографиялық еңбектерді редакциялау жұмыстарына қатысты.
Бұл салада, əсіресе, алғаш жарық көрген академиялық «Қазақша-
орысша сөздіктің» жауапты редакторы ретінде ғалым (К.Ш. Хұса-
йыновпен бірге) қыруар уақыты мен күш-қайратын жұмсады.
Өйткені академиялық екі тілді сөздіктің өз қиындығы бар. Аса терең
лексикографиялық біліктілікті айтпағанның өзінде, екі тілдің мате-
риалдарын жүйелеп, салалап, лексикографиялау көп еңбекті қажет
етеді. Əдеби тілдің лексика-фразеологиялық байлығын молырақ
қамтып, ұлттық идиоматиканы екінші тілге дəлірек беруді көздеген
бұл сөздік мемлекеттік тілді оқып үйренушілер үшін де, зерттеуші -
лер үшін де, қазақ тіліне қызығып, ден қойған жұртшылық үшін де
бағалы еңбек болды.
Р.Сыздық Үрімжі қаласында (Қытай Халық Республикасы) өткен
«Шыңжаң халықтары тілі мен жазуы» атты конференцияның (1956),
231
Достарыңызбен бөлісу: |