239
Тіл-ғұмыр
Əрине, бұл ізденістеріміз Шəкəрімдей зор суреткердің тілін тұ -
тастай алып, жан-жақты талдау емес, өйткені əрі ақын, əрі прозаик
жазушы, əрі публицист, əрі тарихшы, философ ғалым Шəкəрім мұ -
расының стильдік-жанрлық өрісінің кең екендігі, оның тілдік-көр-
кемдік тəсілдерді саналы түрде қолданып, өзіндік ізденістерге бар-
ғандығы, қаламына тəн ерекшеліктердің молдығы мен əр алуанды -
ғы – осылардың баршасы бұл тақырыпты өз алдына бөлек арнайы
зерттеуді қажет етеді.
Біз бұл жерде Абай мен Шəкəрім поэзиясының көркем тіліндегі
іліктестіктің бірнеше сəттерін ғана талдамақпыз. Шəкəрім де, ұлы
ұстазы сияқты, ең алдымен, қазақтың күшті дамыған байырғы поэ-
тикалық мектебінен, поэтикалық тілінен нəр алған, сол тілдің бай
мұрасын: образдар дүниесін, сол образдарды беретін сөздер мен
фразеологизмдерді орынды əрі молынан пайдаланған. Ұстазы Абай:
Шортанбай, Дулат пенен Бұқар жырау,
Сөздері бары жамау, көбі құрау, –
деп сынаса да, шəкірті Шəкəрім:
Сыпыра жырау, Шортанбай,
Үмбетай мен Марабай
Алды-артына қарамай,
Соққанда жырды суылдап
Жел жетпейтін құландар, –
деп, оларды қазақ поэзиясының ең ірі өкілдері ретінде таниды. Бұл
жерде шəкірті ұстазымен сыпайы түрде пікір сайысына барып тұр-
ау дейміз. Абай Бұқар, Дулат, Шортанбайларды сынағанда, сірə,
олардың шығармашылығынан біркелкі тұтастықты, төменнен жоға-
ры көтерілетін жүйелілікті көре алмай, «сөздері жамау, құрау» десе,
шəкірті бұл «кедір-бұдырдың» сырын өзінше дəлелдейді:
Ескі жырдың ұйқасы
Бірі қысқа, бірі ұзын.
Буындары бұзық деп,
Біз баспаймыз ол ізін.
Неге бұлай айтты деп,
Сынамаймыз негізін.
Ойлай келсең ескі жыр
Салады тұлпар жүрісін,
Міне, байқа мұнысын.
Кейде жорға, кейде жел,
Достарыңызбен бөлісу: