Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет106/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   170
Тіл-ғұмыр
II, V Бүкілодақтық түркология конференцияларының (Алматы, 1976; 
Фрунзе, 1985), «Тілдердің  диалектіден  жоғары  формалары»  деген 
бүкілодақтық  симпозиумның  (Мəскеу, 1978), Типологиялық  зертте-
улер  жөнінде  өткен  бүкілодақтық  конференцияның  (Мəскеу-Ленин-
град, 1983); 1989 жылы Элазиг (Түркия), 1990 жылы Алматыда өткен 
II, III Халықаралық совет-түрік коллоквиумының; Анкарада (Түркия) 
болған «Түркі тілдерінің тұрақты құрылтайының» (1993) т.б. ғылыми-
практикалық, теориялық конференциялардың жұмыстарына қатысып, 
əдеби  тіл,  тіл  тарихы,  əліпби  мен  жазудың  аса  өзекті  теориялық, 
типологиялық мəселелеріне арналған баяндамалар жасады.
Р.Сыздық  ғылыми  конференцияларда  жасаған  баяндамаларын-
да,  сөйлеген  сөздерінде  əрдайым  ғылыми  жұртшылыққа  ой  тастап, 
келелі мəселелер қозғап отырды. Бұл жөнінде кезінде академик жазу-
шылар  М.О.  Əуезов,  Ғ.Мүсірепов  өздерінің  жылы  лебіздерін  білдір -
ген  болатын. «Рəбиға  Сыздықованың  сөзіне, – деп  жазады  акад. 
М.Əуезов, – конференцияға  қатысушылар  айрықша  ырза  болды  деп 
санаймыз.  Оның  сөзіндегі  бір  ерекшелік:  тіл  мамандары  мен  əде-
биетшілерге  қатар  айтар  орынды,  кенеулі  ойы  бар  жəне  сол  ойды 
таратып  айта  аларлық  тіл  құдіреті  мейлінше  жеткілікті  екендігін 
аңғартты» [1, 351].
Р.Сыздық  ұзақ  жылдар  бойы  ғылыми  мамандарды  даярлау  ісіне 
үлкен  үлес  қосты.  Оның  ғылыми  басшылығымен  тоғыз  докторлық, 
жиырма  бір  кандидаттық  диссертация  қорғалды.  Р.Сыздық  Қазақ 
КСР  Ғылым  академиясының  филология  ғылымдары  бойынша  бірік-
кен  кеңесінің  ғалым-хатшысы (1969–1975), 1975 жылдан  бері  ҚР 
Ұлттық  ҒА  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институты  жанын-
дағы  докторлық,  кандидаттық  диссертация  корғау  жөніндегі  маман-
дандырылған  кеңестің, 1990–1994 жылдары  Абай  атындағы  Алматы 
мемлекеттік  университетінің  филология  ғылымының  докторы  дəре-
жесін  беру  жөніндегі  мамандандырылған  кеңесінің  мүшесі  ретінде 
осы аталған кеңестердің жұмыстарына белсенді атсалысты.
Ол  университеттер  (Алматы,  Қарағанды)  мен  пединституттар -
дың (Алматы, Семей, Ақтөбе) филология факультеттерінде абайтану, 
қазақ  əдеби  тілінің  тарихы,  сөз  мəдениеті  бойынша  арнаулы  курс-
тардан  дəрістер  оқып,  студенттердің  ғылыми  жұмыстарына  басшы -
лық жасап келеді. 
Р.Сыздық  Қазақ  КСР-інің  «Тіл  туралы»  Заңының  жобасын  жа-
сау  жөніндегі  комиссия  төрағасының  орынбасары,  А.Байтұрсынұлы, 
М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов  мұралары  жөніндегі  республика  үкіметі 
тарапынан  құрылған  комиссияның  мүшесі  ретінде  республиканың 
саяси-мəдени өміріндегі елеулі мəні бар істерге белсене қатысты.


232
Рəбиға Сыздық
Р.Сыздықтың  іргелі  ғылыми-зерттеу  еңбектері  тек  республи-
ка  көлемінде  ғана  емес,  одан  тыс  елдердегі  жұртшылыққа  кеңінен 
мəлім.  Ғалымның  Түркияның  халықаралық «Dil kurumu» лингвис-
тикалық  қоғамының  корреспондент  мүшелігіне  ұсынылуы – осының 
бір айғағы.
Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясының  акаде-
мигі,  профессор  Р.Сыздықтың  ғылыми-педагогтік  қызметі,  ғылымды 
дамытудағы,  ғылым  кадрларын  даярлаудағы  еңбектері  Үкімет  та-
рапынан  жоғары  бағаланып,  бірнеше  мəрте (1961, 1973, 1982) Қазақ 
ССР  Жоғарғы  Советінің  Құрмет  грамоталарымен  марапатталды. 
1971  жылы  «Құрмет  белгісі»  орденінің  иегері  атанды. 1984 жылы 
Қазақ  КСР-інің  еңбек  сіңірген  ғылым  қайраткері  құрметті  атағы 
берілді,  есімі  Қазақ  КСР-інің  құрметті  «Алтын  кітабына»  жазылды 
(1981), Шоқан Уəлиханов атындағы сыйлықтың (1995), ҚР Мемлекет-
тік  сыйлықтың (1996) лауреаты  атағына  ие  болды. 1945 жылы 
«1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі 
үшін» меделімен марапатталды. 
Əдебиет: 
Əуезов М. Əдеби мұра жəне оны зерттеу. – Алматы: Ғылым, 1961. – 351-б.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет