Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет155/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   170
Т. Ермекова
Қазақ мемлекеттік қыздар 
педагогикалық университетінің
 профессоры, филол.ғ.д.
ҚАЗАҚ ЛИНГВИСТИКАСЫНДАҒЫ «ТҰЛҒАТАНУ» 
ІЛІМІНІҢ КӨШБАСШЫСЫ
Қазіргі  қоғамда  қай  ғылым  саласында  болмасын,  еліміздің  ру-
хани  құндылықтарының  қазынасы  іспетті  арғы-бергі  тарихымызда 
өздерінің  ой-интеллектісімен,  нақтылы  тұжырымдарымен,  тегеурінді 
əрекетімен,  қарымды  қаламымен  ықпал  ете  алған  тұлғаларды  зерт-
тейтін  «Тұлғатану»  ілімі  жаңа  серпінмен  дамып  келеді.  Еліміздің 
тарихында  елеулі  із  қалдырған  қайраткерлердің  жеке  өмірі  мен  қо-
ғамдық-саяси қызметін, шығармашылық мұрасы мен олардың ғылым 
мен  қоғамдағы  алар  орны  мен  қосқан  үлесін  саралай  отырып  зерде-
леу,  тағылымдық  жақтарын  ашып  көрсету,  бағалау,  зерттеу  келешек 
ұрпақ  үшін  де,  қоғам  үшін  де  аса  қажет.  Ел  Президенті  Н.Ə.  Назар-
баев  осы  мəселеге  айрықша  мəн  бере  отырып,  тұлғатану  ісінің  ел-
танумен,  тарих  түзумен  тікелей  сабақтастығын  былайша  көрсеткен 
еді: «Ұлы  тұлғаларын  білмейінше,  бірде-бір  дəуірді  дұрыстап  тану 
мүмкін  емес.  Адам  тағдырының  айнасынан  бір  тарих  көшінің  жүрі -
сін  ғана  аңдап  қоймаймыз,  оның  рухын,  тынысын  сезінеміз.  Сон -
дықтан да халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын 
айқын  да  анық  түсінген,  қандай  қиын-қыстау  жағдайда  да  оны  адал 
орындаудан  жалтармаған  адамдар  қай  дəуірде  өмір  сүрсе  де,  дəйім 
өз жұртының нағыз азаматы болып қала берген» [1]. 
Қазақ  тіл  ғылымы  ғана  емес,  жалпы  еліміздің  рухани  əлемінде 
өзіндік  орны  бар,  өз  бойындағы  білімі  мен  қажыр-қайратын  ұстаз -
дық, ғалымдық деңгейлер кемерімен асыра жұмсап, тілді сүю арқылы 
ұлтты  сүюдің  ғажайып  үлгісін  көрсету  нəтижесінде  қайраткерлік 
дəрежеге  жеткен  қазақтың  ғалым  қыздарының  сəулелі,  салтанат-
ты  көшінің  басында  академик  Р.Сыздықтың  есімі  аталатыны  анық. 
Түрлі  ғылыми  жиындар  мен  басқосуларда  сөйлеген  алғашқы  шешен 
сөздері  мен  баяндамалары  арқылы  қазақ  зиялы  қауымының  наза -
рына  бірден  іліккен  Р.Сыздық  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  бойы 
табиғи талант пен үлкен іздемпаздықты үздіксіз əрі шебер үйлестіре 
білуі  нəтижесінде  қазақ  тіл  ғылымы  мен  руханиятына  зор  үлес 
қосып келеді. 
Р.С.  Сыздықова  қаламынан  туындаған  сан  салалы  ғылыми  ең-
бектердің  өміршеңдігінің  негізгі  мəні  неде  деген  заңды  сұрақ  туын -


315
Тіл-ғұмыр
дайды.  Коммуникацияның  ең  басты  құралы  деп  танылатын  тіл 
болмысына  диахрондық  жəне  синхрондық  тұрғыда  астастыра  зер 
салуында,  сөз  мағынасын  халықтық  таным  тұңғиығынан  өрбітуінде, 
тілдің тарихы мен даму үрдісін адамның қабылдау, пайымдау, ойлау 
қызметімен  ұштастыруында,  дəстүр  мен  жаңашылдық  үдерістерін 
танымның динамикалық табиғатымен үйлестіре білуінде, сол арқылы 
универсалды,  берісі  түркі  жұртына,  арысы  əлем  халықтарына  ортақ 
ұстанымдар  мен  туған  тілдің  даралық  сипаты  қағидаттарын  дөп 
басып  танып,  тарихы  терең  де  тамырлас  тілдердің  жалпы  да  жалқы, 
ортақ  та  дара  даму  заңдылықтарын  ескеріп,  дəйекті  де  маңызды 
қорытындылар жасауында. Содан да болар оның есімін, ғылыми мəні 
жоғары еңбектерін Қырғыз, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Əзербайжан, 
Түркия,  Қытай  мемлекеттеріндегі  ғалымдар  ерекше  бағалайды.  Ал 
ғалымның  қазақ  лингвистикасы  тарихындағы  «Тұлғатану»  іліміне 
қосқан сүбелі үлесі абайтанумен байланысты. 
Тілді  зерттеуді  алаш  ардақтысы – Абайдан  бастауы  да  кездейсоқ 
емес.  Бір  ғылыми  кеңесте  ұлы  суреткер  М.Əуезовтің  тілшілер 
қауымына  қарата  айтылған  ескертпесінен  соң,  Абай  тілі  тақырыбы 
өз  иесін  айнымай  тапқан  еді. «Абай  қарасөздерінің  негізгі  морфо-
логиялық  ерекшеліктері»  атты  кандидаттық (1959), «Абай  шығар-
маларының  тілі»  атты  докторлық  диссертацияларының (1971) нə-
тижесі  ретінде  ұсынылған  «Абай  шығармаларының  тілі» (1968), 
«Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысы» (1970), «Абайдың  сөз 
өрнегі» (1995), «Абай  жəне  қазақтың  ұлттық  əдеби  тілі» (2004) 
кітаптары  тілші,  əдебиетші  қауымы  ортақ  таласа  оқитын  қасиетті 
кітабына,  бір  тақырыпты  сан  қырынан  ашатын  монолитті  туындыға 
айналды  деуіміздің  өзіндік  себебі  бар.  М.Əуезов  «Əдеби  мұра  жəне 
оны  зерттеу»  еңбегінде: «Тіл  мамандары  мен  əдебиетшілерге  қатар 
айтар орынды, кенеулі ойы бар жəне сол ойды таратып айта аларлық 
тіл  құдіреті  мейлінше  жеткілікті  екенін  аңғартты», – деп  Р.Сыздық-
тың  ғылымдағы  алғашқы  қадамынан-ақ,  жеке  тілші  не  əдебиетшіге 
тəн  салалық  білімнен  əлдеқайда  жоғары,  интеграцияланған  акаде-
миялық білімнің бар екенін бірден аңғарған еді.
Ғалым  бұл  зерттеулерінде  ұлы  ақын  шығармаларының  тілін  сол 
кездегі қазақ əдеби тілінің жай-күйімен, оның негізгі нормаларымен, 
басты-басты  үлгі,  үрдістерімен  тығыз  байланыста  қарастыра  оты-
рып,  ақынның  эстетикалық,  философиялық  ой-тұжырымдарын  беру-
де  тілдік  құралдарды  пайдалануын,  тілдік-стильдік  амал-тəсілдердің 
ерекше эстетикалық мəн алуын жүйелеп, саралайды. Абайды «дайын 
тұрған  əдеби  тілді  пайдаланған  қатардағы  қаламгер  емес,  сол  əдеби 
тілдің даму жолындағы жаңа дəуірін бастаушы, сапалық жаңа типінің 


316


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет