Г. Əзімжанова
филол.ғ.д., профессор
АРДЫ ЖОҒАРЫ ҰСТАҒАН ҰСТАЗ
Ғылым жолында ғаламат ойларын өмірге келтірген, бірнеше
ұрпақ лингвиcтерді тəрбиелеген үлкен жүректі нағыз Ұстаз тура-
лы сөз қозғау абыройлы да қиын. Уильям Уордтың «Ұлы ұстаз
қанаттандырады, рух береді», – деген сөзі, біздің академик, филоло-
гия ғылымдарының докторы, профессор анамыз Рəбиға Ғалиқызына
арналғандай, шынында да, профессор Рəбиға Ғалиқызы – аңыз
адам. Барлық саналы ғұмыры ғылыммен, шəкірт тəрбиелеумен өтіп
жатыр. Ол – қазақ тіл білімінде, лингвистиканың көптеген саласын-
да: қазақ, түркі тілдерінде, жалпы тіл білімінде, лингвистика, типоло-
гиялық, тарихи тіл білімінде аты мəшһүр үлкен Ғалым. Оның ғы -
лыми-зерттеу саласындағы қызығушылығы кең көлемді жəне жан-
жақты, осы аталған, аталмай қалған салалардағы жетістіктерінің те-
реңдігі, фундаменталдығы, қазіргі ғылыми үрдіске ықпалы ұшан-
теңіз. Осы жетістік, нəтижелері – бір күнде келе қалған жоқ, күнде -
лікті ғылыми ізденіс, табанды еңбек жемісі. Ғалым еңбектері ше-
телдерде зерделеніп оқылады. Оларға сілтеме жасалады, теориялық
мағына, мазмұнға, сұранысқа ие.
Біз де, шəкірттері Рəбиға Ғалиқызын əр саладағы ұшан-теңіз
білімі, өмірде шыншыл, жүрегі кең адамгершілігі үшін құрметтейміз.
Əрбір ғылым жолына түскен адамның жолы болуы, зерттеушінің
үлкен ғылыми ақпараттық кеңістікте адаспай тақырып таңдауы,
ары қарай дұрыс бағыт ұстауы ғылыми жетекшіге көп байланысты.
Рəбиға Ғалиқызының көмегі – қажет əдебиет пен зерттеу əдістерін ай-
тып қою емес, ең басты мақсатқа жетудегі жағымды психологиялық
ұстанымдарды жас зерттеушіге жеткізе білуі. Менің Рəбиға Ғалиқы-
зының ғылыми жетекшілігімен кандидаттық, одан кейін докторлық
диссертацияны ойдағыдай қорғауыма осындай қозғаушы күштер се-
беп болды.
Рəбиға Ғалиқызы – зиялылық үлгісі, нағыз ғалым, талантты
Ұстаз. Осы біртуар қазақ қызының бойында өткір ақыл, бірбеткейлік,
үлкен жүректі қамқорлық бар. Əрқашан мойымас қайрат, өмірге
қызығушылық қасиеттерін көріп, қайран қаламыз. Ғылымға деген
сүйіспеншілік, мінезіндегі жарқын жүзділік, өмірге құштарлық, адам-
дарды жақсы көрушілік қасиеттері болар, Ұстазымызға осы жасқа
шаршамай келуіне көмектесіп отырған. Қазақстан, одан да тыс жер-
лердегі көптеген əріптестерім сияқты Рəбиға Ғалиқызының шəкірті
321
Тіл-ғұмыр
болғаныма мақтанамын. Айналасында не болып жатқанынан құлағ-
дар болғысы келіп отыратын белсенділігі, етітірілігі бүгінде де қолын
қусырып отыруға жол бермейді, жаңалыққа талпынысы, ғылымдағы
идеялары біздерге де қозғау болып, Ұстаз ойларын жалғастыруға
тырысамыз.
Рəбиға Ғалиқызының өмірі – ғылым жолындағы ұрпақтың үнемі
тоқтаусыз ізденістерге баруын қазақ тіл білімінің ұшан-теңіз ашыл-
маған мəселелерін зерделеуге бағдаршам, үлгі. Рəбиға Ғалиқызының
қазақ тіл білімінде көркем əдебиет тілін зерттеуге, мəтін табиғатын
түсінуге, мəтін түзетін тілдік бірліктерді зерделеуге арналған ең-
бектері лингвистерге тіл шеберлігін антропоцентристік парадиг -
маның нысаны адам арқылы тануда, керісінше, адамды тіл арқылы
анықтауда, түсінуде бағыт-бағдар береді. Шеберлік мектебі, көркем-
дік дəстүрлі жүйесі, тіл мəдениеті, рухани құндылықтар əлемі жо-
ғары деңгейдегі ғаламдық даңққа ие болған қазақтың ұлттық про-
засының қазіргі ғаламдық əдебиеттің мəдени-кəсіптік деңгейіне
сəйкес мазмұндық та, тұрпаттық та сипатта жетілген ұлттың рухани
мəдениетінің айшықты көрінісі ретінде қалыптасып отыр. Осымен
байланысты қазіргі тіл білімінде тілдің коммуникативтік қызметінің
семасиологиялық, прагматикалық, функционалдық, когнитивтік, пси-
холингвистикалық жақтарын кешенді, көпдеңгейлі зерттеу өзекті
сипатқа ие болуда.
Бұл мəселе көркем мəтін тіліндегі адам факторының көрінуіне
мұқият назар аударып талдау қажеттілігінен туындап отыр. Себебі
көркем мəтіндегі коммуникативтік тілдік акт тек қана тілдің бейне-
лік тəсілдерін пайдаланып, əсер ету арқылы ғана іске аспайды. Олар
автордың көркем əлемін сипаттайтын көріктеу құралдары ретінде
құрылымдық лингвистика негізінде лингвостилистика саласында
жан-жақты зерттелген. Соның негізінде қаламгер халық тіл байлығын
қалай сарқа қолданып, əдеби тіл нормаларын үнемі ескеріп, тілдік
құралдарды көркем дүние жасау үшін шебер пайдаланып, жүзеге
асырғанда көркем дүние туындайтыны анықталып отырған. Соған
сүйене отырып, көркем мəтін тілінің шын болмысын тану адамға
белгілі бір мөлшерде əсер ету мақсатымен прагматикалық хабардар
етуді сипаттайтын тілдік бірліктерге жаңа ыңғаймен келуді талап
етеді. Бұл тектес зерттеу тіл – қолданыстағы тіл – əлем моделі
(«ғаламның тілдік бейнесі») үштігінің прагматикалық бірлігіне не-
гізделеді. Себебі жазушы тілінің суреттеу шеберлігі, көркемдік əдіс-
терінің эмоциялық бояуы, прагматикалық əлеуеті көркем мəтін
арқылы ашылып, айқындалатын прагматикада барлық назар адамға
(субъектіге) бағытталады. Атап айтқанда, тілде мақсат түрлерін
322
Достарыңызбен бөлісу: |