Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет163/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   170
К. Садирова
филология ғылымдарының докторы, 
 Қ. Жұбанов атындағы 
Ақтөбе мемлекеттік университетінің
 аға оқытушысы
Р.СЫЗДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ 
ДИСКУРСТЫҚ ТƏЖІРИБЕ 
Ғылыми  зерттеулерде  аталып  жүргендей,  дискурс  фреймі  «ав-
тор»,  сөз  актісі – адресат  жəне  сөз  жағдаяты  құрылымынан  тұратын 
коммуникативтік  «уақиға» [1] немесе  «дискурс  коммуникация  мен 
мəтін қосындысы» [2], «дискурс – сөз жағдаятында коммуникативтік 


330
Рəбиға Сыздық
міндетке  сай  ақпараттық  мазмұн  алып  жағдаяттық  модельденетін 
айтылым» [3]. Дискурс  қандайда  бір  нақты  жағдаятқа  сай  коммуни-
кативтік,  əлеуметтік,  прагматикалық  факторларды  қоса  алғандағы 
мəтін [4] деп  есептесек,  ғылыми  мəтінді  де  «автор  (ғалым – мəтін) 
ғылыми  зерттеуі – оқырман»  тізбекті  құрылымында  қарастыра  ала-
мыз.  Осыдан  келіп  біз  оқырман  тарапынан  авторға  бағытталған  екі 
нұсқаны, яғни автордың мəтін түзудегі креативтік нұсқасын анықтау 
мен автор тарапынан түзіліп, оқырман қабылдауы нəтижесінде түзіл-
ген рецептивті нұсқасын салыстыруға болады деп есептейміз. 
Ол  үшін  ғылыми  мəтіндегі  ақпараттық  мазмұн  мен  мəтін  құ-
рылымына  талдау  жасалады.  Себебі  бұл  ғылыми  мəтін – белгілі  бір 
нақты  ғылыми  дискурс  өнімі.  Мысалы,  Р.Сыздықтың  «Абайдың  сөз 
өрнегі»  зерттеуіне  қатыстырып  ой  өрбітетін  болсақ,  дайындалып, 
оқырман қолына жеткен зерттеу – алдыңғы нақты дискурс өнімі. 
Осы  өнімді  берген  алдыңғы  дискурс  өзінің  нақты  қатысушыла-
рынан  жəне  сол  қатысушылардың  коммуникативтік  міндеттері -
нен,  соған  сай  түзілген  ақпараттық  мазмұн  мен  өзектелген  жағ-
даяттық  модельден,  оларды  сол  үрдісте  тасымалдаған  қозғалыс-
тағы  айтылымдардан  тұрады.  Олар:  ғылыми  ізденіс  жасаушы 
(біздің  жағдайымызда  ғалым  Р.Сыздық),  коммуникативтік  міндеті
«...ұлы  суреткердің  сөз  өрнегін  тіл  білімі  тұрғысынан  тану,  яғни 
ғылымның  «лингвистикалық  стилистика»  деп  аталатын  саласы  бо -
йынша  талдау  деп  білеміз» [5, 5], осы  мақсатқа  сай  түзілген  ақпа-
раттық  мазмұн  ғалымның  зерттеу  нысаналарын  анықтап  алу 
əрекетіне  сай  жүйеленген,  ғалымның  өз  сөзімен  берсек: «Əуелі 
«Абай тілі» деген ғылым тармағының зерттеу нысаналарын анықтап 
алуға  тура  келді,  бұл  орайда  жалпы  поэзия  тілін  танудың  мақсат-
мұраттарын  сөз  ету  де  қажет  болды.  Бұған  «Абай  тілін  танудың 
қырлары» деген тарау арналды. ...Поэзия ғимаратының негізгі «кір-
піші» – сөз. Сөздің үш түрлі ... мағыналарын ақын Абай қалай жұм-
сады  дегеннің  сырына  үңілу  керек  болды.  Ол  үшін  кітаптың  «Сөз  – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет