Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет166/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   170
Д. Алмағанбетова
Ақтөбе облысы, Темір ауданы 
Шұбарқұдық гимназиясының директоры
 «СЫЗДЫҚОВАТАНУ» КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ұлттық  мəдени  дəстүрлерiн  жақсы  бiлетiн,  өз  халқының  тілін 
сүйетiн,  елдiң  болашағына  тiрек  бола  алатын  ұрпақ  тəрбиелеу – төл 
тарихымыз  бен  мəдени  мұраларымыз  бүтінделіп,  толымды  зерттеу -
лер  жүргізіп  жатқан  бүгiнгi  күннің  басты  мiндеттерінiң  бiрі – 
халқымыздың  ежелден  келе  жатқан  тəлімі  мол  үрдісі – ұлт  ұлыла-
рының  өмірі  мен  тағылымы  арқылы  жас  ұрпақты  тəрбиелеу. 
Халқымыздың  осы  бір  жақсы  əдет-ғұрпын  бүгінгі  тəрбие  үдерісінде 
тиімді пайдаланудың берері мол.
Қазiргi  жаһандану  жағдайында  өз  ұлттық  құндылықтарын  сақтап, 
оны  дамыта  бiлген  ел  ғана  өркениеттi  елдер  қатарынан  лайықты 
орын  алады.  Рухани  байлығы  мол  қазақ  халқының  өрелi  өскелең 
мəдениетiнiң  түптөркiнi  сонау  Орхон-Енисей,  ежелгi  түрiк  жазба-
ларынан  бастау  алса,  төрткүл  дүние  мойындаған  ғұлама  бабамыз – 
əл-Фарабиден  бастап  түркi  тiлдес  халықтарға  орасан  мол  мұра 
қалдырған  ойшылдар – Ж.Баласағұн,  М.Қашқари,  А.Ясауи,  Дула-
ти, Жалайри т.б. шығармалары қазiргi ұрпақ үшiн таптырмас теңдесi 
жоқ  асыл  қазыналар  екендiгi  баршамызға  белгiлi.  Қазақ  əдебиетiнiң 
қайнар  бұлағы – жыраулар  поэзиясының  ұшқыр  ойлы,  шешен  тiлдi 
ақын-жыраулары  Асанқайғы,  Жиембет,  Ақтамбердi,  Шалкиiз,  Бұқар, 
Дулат,  Мұрат,  Үмбетей  Майлықожа  т.б.  тiршiлiк  туралы  терең 
толғаныстары  мен  өнегелi  өсиеттерiнiң  бүгiнгi  ұрпаққа  берiлетiн 
бiлiм мен тəрбиеге қосар үлесiнiң өзi – бiр төбе. 
Кемеңгер  ойшыл  Абай  мұрасының  бiр  өзi  ғана – ғаламат  қазына 
болса,  жарық  жұлдыздар  Шоқан,  Ыбырай,  ХХ  ғасырдың  басында 
қазақ  даласын  дүр  сiлкiндiрген  Шəкəрiм,  Ахмет,  Мағжан  туынды-
ларының  қазiргi  заман  талабымен  үйлесе  үндесiп  жатқаны  да – 
ұлттық  əдебиетiмiздiң  айқын  айғағы.  Қазақ  əдебиетiнiң  осындай 
асыл  қазыналарын  ұрпақ  үнiне  жалғастыру  мектепте  берiлетiн  бiлiм 
сапасына  негiзделедi.  Ал  бiлiм  сапасы  түпкi  нəтижемен  өлшенетiн-
дiктен, əдеби бiлiм мазмұнын жетiлдiру əлемдiк кеңiстiктегi деңгейге 
сəйкес келгені дұрыс.
Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  ғылымның  қалыптасып, 
дамуына,  оның  тарихи  кезеңдердегі  заманның  алға  тартқан  зор 
міндеттерін шешуге үлес қосқан тұлғалардың мұрасын, өмір жолын, 


336
Рəбиға Сыздық
үлгі-өнегесін пəндердің мазмұнына оңтайлы ендіре отырып, болашақ 
ұрпақтың  бойына  сіңіру – бүгінгі  күннің  өзекті  мəселесі  болып  та-
былады.  Осыған  орай  еліміздегі  ғана  емес,  əлемдегі  тілтанымдық 
ойдың  тереңдеп,  баюына  өз  еңбектерімен,  ғылыми  жаңалықтары-
мен əсер еткен үлкен ғылыми мұраның иесі, атақты ғалым, академик 
Р.Сыздықованың  мұрасын  таныту  мақсатында  «Сыздықоватану» 
курсы енгізілді. 
«Сыздықоватану» курсы арқылы қазақ əдеби тілі мен тарихын, тіл 
мəдениетін  тереңірек  қарастыруға  мүмкіндік  аламыз. «Сыздықованы 
оқу, тану, оның жазған ғылыми-зерттеу еңбектерін білу, талдау – ана 
тілінің  абыз  анасына  деген  құрметпен  қатар,  ана  тілін  сөз  мəдениеті 
талаптарына  сай  деңгейде  дұрыс  қолдана  білу  іскерліктеріне  жетіл-
дірудің  жолы»  деп  білеміз.  Курста  ғалымның  өмір  жолынан  бастап, 
туып-өскен  ортасы  мен  алған  білімі,  шығармашылығы  топтастыры-
лып  берілген.  Ғалым  еңбектерін  қазақ  əдеби  тілінің  қайнар  көздері, 
XIX ғасырдағы қазақ əдеби тілі, тіл мəдениеті жəне оның нормалары 
деп  үш  жүйеде  қарастырамыз.  Өйткені  ғалым  еңбектерінің  бір  арна-
сы  рухани  байлығы  мол  қазақ  халқының  өрелi  өскелең  мəдениетi-
нiң түптөркiнi төрткүл дүние мойындаған ғұлама бабамыз – А.Ясауи 
хикметтерінің,  Жалайыр  шежіресінің  тілдік,  көркемдік  ерекшелік -
терін  талдауға  арналған.  Ал  олардың  шығармалары  қазiргi  ұрпақ 
үшiн  таптырмас  теңдесi  жоқ  асыл  қазына  екендiгi  баршамызға 
белгiлi.  Қазақ  əдебиетiнiң  қайнар  бұлағы – жыраулар  поэзиясының 
ұшқыр  ойлы,  шешен  тiлдi  ақын-жыраулары  Асанқайғы,  Жиембет, 
Ақтамбердi,  Шалкиiз,  Бұқар,  Дулаттардың  тiршiлiк  туралы  терең 
толғаныстары  мен  өнегелi  өсиеттерiнiң  бүгiнгi  ұрпаққа  берiлетiн 
бiлiм  мен  тəрбиеге  қосар  үлесiнiң  өзi – бiр  төбе  десек,  курста  Асан-
қайғы,  Шалкиіз,  Қазтуған  секілді  жыраулар  тілінің  лексикасына 
тоқталып, тіліне талдау жасалынады.
Кемеңгер  ойшыл  Абай  мұрасын  оқытуда  ғалымның  «Абай  жəне 
қазақтың ұлттық əдебиеті» атты сүбелі еңбегі басшылыққа алынады. 
Ғалымның бұл еңбектерінің мектеп мұғалімдері мен оқушыларына да 
берері  көп.Өйткені  мектеп  оқушылары  халық  ауыз  əдебиеті,  жырау-
лар  шығармалары,  Махамбет,  Абай  шығармаларымен  қазақ  əдебиеті 
пəні  бойынша  берілген  оқу  бағдарламалары  арқылы  танысады.  Мы-
салы, 8-сыныпта  А.Ясауи  «Хикметтеріне» – 1 сағат,  Махамбет  Өте-
місұлының  «Ереуіл  атқа  ер  салмай», «Мұнар  күн»  өлеңдеріне – 
2  сағат,  Абайдың  «Өлең – сөздің  патшасы», «Адамның  кейбір  кез -
дері» атты өлеңдері мен «Он жетінші қара сөзіне» – 3 сағат, барлығы 
Махамбет, Абай шығармаларына 5 сағат берілген.
9-сыныпта  «Қыз  Жібек»  жырын  оқытуға 4 сағат,  А.Ясауидің 
«Даналық  кітабына» – 2 сағат,  Шалкиіз,  Доспамбет  жыраулардың 


337


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет