Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет17/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   170
ғатында  сақтаулы  естелігінде 1916 жылы  Қаратөбе  пошта-теле-
граф конторының бастығы болып тұрған Сəтқали (құжатта солай) 
Құтқожиннің  ұйымдастыруымен  Ақпан  төңкерісінен  соң  аудандық 
кооператив  ашылғанын,  ол  халықты  мануфактурамен  жабдықта-
ғанын  жазады.  Ал  мұрағаттағы  естеліктерде  Сəтекеңнің  Батыс 
Алашордаға  тікелей  қатысын  білдіретін  еш  дерек  ұшыраспайды. 
Енді  осы  айтылғандарды  жинақтап  көрсек,  Сəтекең  бейнесінен 
еліккенге желікпейтін, желғабыз жаңашылдықтан аулақ, Құдайына 
қараған  қанағатшыл,  тақуа  жанның  қалыбы  аңғарылады.  Жаңа 
туысы  –  Рахметолла  Қаржаубаевты  ауызға  алдыңыз.  Мұрағатта 
бұл кісі жөнінде біршама мəлімет сақталған: мамандығы – мұғалім, 
1916  жылғы  дүрбелеңде  қарулы  көтеріліс  ұйымдастырушылардың 
бірі, 1917 жылы Жымпиты уездік земствасының мүшесі, Жымпиты 
офицерлер  мектебін  бітірген, 1918 жылы  желтоқсанда  сондағы 
қазак жасақшыларының бүлігін басуға белсене қатысқан, елден салық 
өндірген,  бір  сөзбен  айтқанда,  Батыс  Алашорданың  ең  қарекетті 
қайраткерлерінің  бірі. 1920 жылдары  Орынбордағы  Қазақ  Халық 
ағарту  институтында  (КИНО)  сабақ  берген. 1938 жылы  он  жыл 
түрмеге  кесіліп,  оны  өтеп, 1948 жылы  босанып  келгеннен  кейін 
Меркеде  май  шайқайтын  кəсіпорында  есепші  болып  жүреді.  Одан 
соңғы тағдыры мəлімсіз. Мұны тəптіштеңкіреп айтып отырғаным: 
37-нің  қарасуық-қатқағында  бəз  біреулерге  шоқпар  дəлдеп  тимей, 
«тобығын»  ісіргенде,  бірқатар  адам  сол  бойда  сотсыз  атылып, 
қосақ  арасында  кеткенін  аңғарту.  Сəтекеңнің 10 қыргүйекте  тұт-
қындалып, 14 қыргүйекте  үкімнің  орындалғанын  өзіңіз  құжат 
тілімен айтып өттіңіз… Біз үшін осындай нақты фактілер көмегі-
мен  тарихымыздың  бүгінде  асыра  дəріптеліп  те  кететін  кейбір 
қилы  кезеңдеріне  ой  көзімен,  сын  көзімен  де  қарап  отыру  керек. 
Қазіргідей не демократияда жоқ, не таза дінде жоқ, шөре-шөре за-
йырлы  жүйеде  өмір  сүруге  мəжбүрленіп,  айнала  қаптаған  иман-
сыздықты  көріп,  балаларымыздың  болашағына  алаңдап  отырған 


35
Тіл-ғұмыр
сын  сəтте  кешегі  алашшыл  қайраткерлеріміз  қадасын  қағып  кет-
кен  «заманауилықтың  (модернизм)  пайдасынан  зияны  көбірек  бо-
лып шыққан жоқ па?» деп еріксіз ойланады екенсің. Құдайшылығын 
айтайық,  əсірежаңашылдыққа  салынып,  діннен  ада  зайырлы  қоғам -
ның  сойылын  соққан  солардың  көпшілігінің  нəсіл-несібінің  алды 
ту-талақай  болып,  соңы  азып  кетті  ғой…  Бұл  жағынан  келгенде, 
Құтқожиндер  əуелі – керісінше,  көсегесі  көгерген  ұрпақ. «Өзі  жоқ -
тың  көзі  жоқ»,  –  дейді  қазақ.  Олай  емес.  Адамның  көзі – ұрпағына 
беріп  кеткен  тəрбиесі,  көрсеткен  үлгісі,  арқа  тұтқызған  өнегесі. 
Үлкен  ағаңыз  Шафхат – 30-жылдары  Мəскеудегі  Авиация  инсти-
тутында  оқыған  қазақтың  алғашқы  авиаторларының  бірі.  Ол  кісі-
нің  қолынан  Əлкей  Марғұлан  ұйымдастырған  Беғазы-Дандыбай 
археологиялық  экспедициясының  суреттері  шыққан.  Ұзақ  жылдар 
оқу-ағарту,  мəдениет  саласының  ірі  маманы  болып  қызмет  еткен 
Хакеңді  (тете  ағаңыз  Хамитті)  жұрт  «өте  мəдениетті,  мейлінше 
іскер  адам»  деп  танитын.  Соңғы  буыннан  маңдайы  жарқырап  Па-
расат  Құтқожиндей  заңгер  өсіп  келеді.  Өзіңіз  болсаңыз,  қазақтың 
белгілі  ғалым  қызына  айналдыңыз.  Зəуімде  қалам  қозғаған  кісі  те -
рең нен  ойлап  сөйлем  құрап,  сөз  қолданар  алдында: «Бұл  жайында 
Сыздықова не айтты екен?!» – деп, жазғандарыңызға бір қарап ала-
ды.  Осының  бəрі  ата-ана  үлгісі  деп  білу  керек.  Негізінде  бір  салада 
қажырмен,  қанағатпен  тарлан  аша  еңбек  етіп,  ел  құрметіне  бө-
лену – Аллаға  үрей  мен  үміт  арасында  жалбарынып  отыратын 
ата-ананың  тақуалығы  арқылы  балаға  жылжып  қонатын  қасиет. 
Мұнда бір ғибрат бар…
– Бүгінде аттары қалың жұртшылыққа мəлім, аса көрнекті қайрат-
кер болмағанмен, халқымыздың мəдениеті мен ұлттық рухына азды-
көпті  қызмет  еткен  біздің  əкеміз  сияқты  қатардағы  зиялы  азаматтар 
қаншама! Олардың есімдері көп аталып та жатқан жоқ, тіпті, облыстық 
энциклопедияларға  да  енбей  жатыр,  балалары – біздер  де  танысты-
ра  алмай  отырмыз,  өйткені  олардың  істеген  істері  мен  еңбектерін 
білетіндер  бұл  күнде  жоқ,  материалдар  да  сақталмаған.  Жаңағы  өзің 
айтып  өткен  тұспалды  ойлар – өте  күрделі  мəселе, «оның  ақ-қара -
сына  қолда  жеткілікті  дерек-құжат  болғанда  ғана,  соларды  салыс-
тырып-салғастырып,  ой  қорыту  арқылы  ғана  көз  жеткізуге  болады» 
деп ойлаймын. 
–  Жөн  айтасыз,  бұл  күнде  Алашорда  кезеңін  білетін  көнекөздер 
қалмады,  Жаңа  дəуірдегі  тарихымыздың  осы  сіргежияр  соңғы 
кезеңі  қазірде  ертегі  сөз  сықылданып  ұмытылып  барады.  Бір  ғана 
үміт – мұрағаттарда сақталып қалған сипат қағаздарда. Олардың 
дені  Орынборда  еді,  білетіндердің  айтуынша, 1925 жылы  астана 


36
Рəбиға Сыздық
ауысқанда бумаларды бір жерге үйіп, ортасынан жіп керіп қақ бөл -
ген  де,  жартысын  Қызылордаға  əкеткен.  Ондағы  Алашордаға  қа-
тысты  дерек  жарытымсыз.  Неде  болса  бізге  қажеттісі  Орынбор-
да  қалған-ау.  Одан  кейін  бұл  кезеңге  қатысты  құжаттар  Мəскеу 
мұрағаттарында,  ондағы 11 фондыда  тұнып  жатыр.  Көбі  күтім 
көрмегендіктен,  жазуының  мөрі  өшіп,  малталанып,  көрінбеуге 
айналған.  Əсіресе  телеграф  таспаларын  оқу  əлден  мүмкін  емес.  Бұл 
құнды  қазына  енді  бірер  жылда  компакт-дискілерге  көшірілмесе, 
беті  «хош,  есен-сауға»  анық  бұрылады.  Бұрын  да  сұрағаныңды 
ұрсып-жекіріп  əрең  беретін  ресейлік  мұрағатшылар  осы  кезең  құ-
жаттарының біз үшін аса қадірлі екенін байқап қалып, бұлан тері-
сіндей бұлдайтын болды. Жүре-бара сары алтынға сатады. Осының 
алдын  алып  қаражат  қарастыру,  археографиялық  экспедиция 
шығару  айтылудай-ақ  айтылып  жүр,  əйтсе  де  мəдениет  жағын 
қарайтын  шенеуніктер  пəруəйына  да  ілер  емес.  Соның  салдарынан 
білім  беру  саласында  Алаш  кезеңі  сияқты  жаңа  дəуір  тарихы  жа-
рытымсыз  оқытылады,  есесіне  ура-патриоттық  ыңғайдағы  архаик 
тарихқа  ол  қажет  еткеннен  де  артық  орын  беріледі  жəне  тарих -
ты  мифке  айналдырып,  идеологияға  қызмет  еткізу  ниеті  бар.  Со-
нан  соң  жебесі  «тоғыз  жүз  қадамға  дейін  ұшатын»,  əрі  тиген 
жерін  «тесіп  өтетін»  сақ  жауынгерінің  қасына  барып  келгендей 
етіп  жазатын  жүйріктер  бергі  заманның  тарихына  жоламайды: 
кешегі  дəуір  жайында  дерексіз,  құжат  айғағынсыз  сөйлеп  көр – 
қарабайырлығың,  өтірігің  бірден  ашылады.  Кейінгі  тарихты  зерт-
теу  жағынан  «Мəдени  мұра»  бағдарламасы  да  үмітті  ақтамады. 
Көркемдік  дəрежесі  орташа  ғана  Нобель  сыйлығы  шығармаларын, 
көзі  қарақты  жұрт  онсыз  да  орысшасынан  оқып  алатын  Батыс 
культурологтарының ойжоруға толы кітаптарын қыруар қаражат 
жұмсап,  том-том  қылып  аударып  шығару  кімге  керек?!  Академия -
лық  мекемелер  бұрыннан  даярлап  отырған,  не  шығарып  қойған  сар-
тап  томдарды  қайыра  желпілдете  беру  де  тарихи-мəдени  мұраны 
зерттеудің тəрбиелік, танымдық функцияларына жауап бергенімен, 
өткеннің  сабағы  арқылы  бүгінімізді  талдау,  ертеңімізді  болжау 
ділгерлігін  толық  қанағаттандырмайды. «Көне  тарих  зерттелме-
сін,  ежелгі  жəне  орта  ғасырға  тəн  заттай,  жазба  айғақтар 
іздестірілмесін!»  –  демейміз.  Гəп  –  қандай  мақсатпен  зерттеуде. 
Алла  тағала  көне  құландыларды,  жылнама-қолжазбаларды  бүгінгі 
ұрпақ  ашып  көріп,  бір  кездегі  құдіретті  қалалар  мен  мемлекеттер 
неден  харап  болғанын,  бастарына  неліктен  нəубет  орнағанын  жі -
тірек тексеріп ұғыну үшін қалдырған. Бұл қатардан ХХ ғасыр басы-
ның  тылсым  «көмбелері»  де  өз  орнын  алуы  тиіс.  Оларда  бүгінгі 


37
Тіл-ғұмыр
заманға  қиюласатын  көп-көп  ұқсастық  бар.  Оларда  аздың  көпті 
билеуінің қыр-сырын аңғартатын ащы шындық жатыр. 
– Иə, «кешегі күннен алыс жоқ», – деп дана халқымыз дəл айтқан. 
Сəт  санап  алыстап  бара  жатқан 37-нің  нəубетіне  түскен  тұлғаларды 
еске алу күнінде олардың үлкен-кішісіне де, атақтысы мен қатардағы 
қаһармандарына да, Алла қаласа, рақымы түсуін сұрайық. 
– Əңгімеңізге рақмет. 
Сұхбаттасқан: Мақсат Тəж-Мұрат
 «Жас Алаш» газеті, 2003, 31 мамыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет