Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет16/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   170
Тіл-ғұмыр
– Сəтекеңнің Батыс Алашордаға қатысы болған ба?
–  Ілгеріде  айтып  өткенімдей,  Алашорда  үкіметінің  Батыс  бөлім-
шесі  Ойыл  қаласында  орныққан  жылдарда  оның  бірқатар  басшы 
адамдарымен  бірге  жүріп-тұрып,  аса  жақын  аралас-құралас  болған. 
Мұны  біз  анамыз  Жеміс  Қалуқызының  əңгімелерінен  кейін  білдік. 
«Алаштың»  көрнекті  өкілі  болмағанмен,  сірə,  біздің  əкеміз  де  бұл 
ұлттық қозғалыстан шет қалмаған болуы керек. «Алаш» партиясында 
болды-болмады не үкіметіне қызмет етті-етпеді», – деп бізге, балала-
рына ешкім айта алмады. Анамыз не айтуға қорықты, не өзі де жақсы 
білмеген  болар.  Əкеміз 1937 жылы  бірден  ұсталып,  сол  жылы-ақ 
атылып  кеткеніне  қарағанда,  оның 1917–1920 жылдары  Қаратөбеде, 
Оралда,  Ойылда  қызмет  істеуі,  Алаш  қайраткерлерімен  бірге  жүруі 
негізгі  себеп  болғаны  даусыз.  Анамыз  мұның  бəрін  көп  бажайлап 
айтып  отырудың  қауіпті  екенін  білді-ау  деймін.  Соның  өзінде  де  ол 
кісі 1965 жылға  дейін,  дүниеден  өткенше  біраз  əңгіме  айтып  кетті. 
Мысалы,  ХХ  ғасырдың  оныншы  жылдарында  Қаратөбеге  атақты 
татар  ақыны  Ғабдолла  Тоқайдың  келгенін,  оған  татар  байлары  бой-
кот  жариялап,  күндіз  терезелерінің  ағаш  қақпақтарын  тарс  жауып 
алғанда, қазақ зиялылары жақсы қабылдап, өз үйлерінде сый-құрмет 
көрсеткенін айтқан болатын. Осыларды біліп: «Тегіміз осал болмаған 
екен!» – деп, іштей əкемізді мақтан тұтатынбыз. 
– Мына деректен Сəтекең 1910 жылдары-ақ негізгі мамандығы – 
байланысшы  қызметінің  құлағын  ұстағаны  көрінеді  екен.  Себебі 
арада  төрт-бес  жыл  өткенде,  яғни 1916 жылы  Қаратөбеде  бай-
ланыс  бөлімін  басқарғаны  жайлы  нақты  дерек  бар  (оған  кейінірек 
тоқталамыз).  Ендеше, «ол  кісі  қазақтан  шыққан  алғашқы  байла-
ныс саласы мамандарының бірі» десек, қателеспейміз. Ең ғажабы – 
осы  бір  ғана  салада  отыз  жылдай  табан  аудармай,  ақтық  демі 
таусылғанша  еңбек  етуі.  Бұрын  мен  де  Сəтекеңді  «Алашордадан 
құр  емес-ау»  деп  ойлайтынмын.  Объективті  түрде  алғанда,  со-
лайы-солай:  ол  кезде  жоғары  атқару  органы – Алашорда  үкіметі 
мен жергілікті билік органы – земство мекемелерінің қызметі мидай 
араласып кеткендіктен, тек соңғы жүйеде қызмет атқарғаны үшін 
ғана  Алашордаға  жатқызылғандар  бар.  Бірақ  земстволықтардың 
«Алаш»  партиясына  мүше  болғандарынан  басқасын  «алашордалық-
тар»  деу  жөн  емес.  Алашорда – елді  Құрылтайға  дейін  басқарып 
тұру  үшін  уақытша  құрылған  орган.  Ал  ауылдық,  болыстық,  уездік 
жəне  облыстық  земство  мекемелері,  оларға  қараған  мектептер, 
ауруханалар, Қазақ Земство банкі, уақ несие серіктестіктері, баспа-
хана, «Еркін  қазақ»  газеті,  тағы  басқа  құрылымдар  дербес  жұмыс 
істеп,  шартты  түрде  болса  да,  орталыққа – Ресей  өкіметіне  қа -


34
Рəбиға Сыздық
раған. Ал енді осы «Еркін қазақты» шығарған Ахмет Мəметовтің, не 
тіпті Халел Досмұхамедовтың ресми түрде алғанда Батыс Алашор -
даға қатысы – олардың «Алаш» партиясына мүше екені. Басқа жа -
ғынан,  бұлар  –  алдымен  жергілікті  билік  құрылымының,  яғни 
земствоның  қызметкерлері.  Олай  болса,  Сəтекең  сияқты  қайрат-
керлердің  қызметін  тұңғыш  ұлттық  автономиялық  тармақ – 
əлеуметтік-шаруашылық  өзін-өзі  басқару  мекемелерінің  керегесін 
керісіп,  уығын  шаншысқан  еселі  еңбегімен  бағалау  лазым.  Мұрағат 
құжаттары  да  солай  дейді.  Мəселен,  алғашқы  қазақ  дəрігерлерінің 
бірі – қаратөбелік Бисенғали Əбдірахманов ҚР Президентінің мұра-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет