Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет15/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   170
ТЕКТІЛЕР ТЕПКІН КӨРГЕН КЕЗ
– «Ата-анаң əлпештеп шақырғанда, алдымен анаңа бар», – дейді 
пайғамбарымыздың хадисінде. Сөйтсе-дағы дүниежүзінде əке атау-
лы  қыздарын  ерекше  жақсы  көреді.  Қыз  балалардың  да  əке  деген-
де  жаны  бөлек  қой.  Шығыстың  қос  Шолпаны – Мəншүк  пен  Əлия 
отаншыл  фазыл  сезімге  қоса, «37-де  ұсталып  кеткен  əкелерін  ерлік 
көрсетіп  ақтап  аламыз»  деп  майданға  кіргенін  ендігі  жерде  ашып 
айтуға ықтиярлымыз… Рəбиға апай, сіздің де əкеңіз заманында елге 
белгілі оқыған азамат болыпты, əлдеқандай себеппен 37-нің құқайын 
тартқан  екен.  Оны  «Батыс  Алашорда:  биобиблиографиялық  сөздік 
тəжірибесі»  атты  кітабым  шығып  кеткеннен  кейін, «Арыс»  бас-
пасы  дайындаған  «Батыс  Қазақстан  облысы»  энциклопедиясын 
қарап  отырғанда  білдім.  Сіз  «Сыздықова»  болып  жазыласыз,  ал  ол 
кісі – Құтқожин. Осыдан келіп жалғыз мен ғана емес, жалпы қалың 
көпшілік сіздің тегін ортадан шықпағаныңызды іштей сезгенімен, бұл 
тарихты түстеп біле бермейді…
–  Менің  бірінші  жолдасым – қазақтың  өсіп  келе  жатқан  талапты, 
талантты  жастарының  бірі,  Мəскеудегі  арнаулы  оқу  орнында  қазақ-
тан  алғаш  даярланған  дипломат – Махаш  Сыздықов  еді.  Бірнеше 
тілді жақсы меңгерген аса мəдениетті асыл азамат 1954 жылы қайтыс 
болды.  Тұрмысқа  шыққан  соң  Махаштың  фамилиясына  көшкенмін. 
Ал  өз  фамилиям – Құтқожина.  Əкеміз  Сəтіғали  Құтқожин  Қазан 
төңкерісінен бұрын оқып, білім алған зиялылардың бірі болатын. Ба-
тыс Қазақстан облысының Тайпақ ауданының 4-ауылында 1888 жылы 


32
Рəбиға Сыздық
дүниеге келген ол сол жердегі орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітір-
ген, мұсылманша да, орысша да аса сауатты, екі тілді бірдей меңгер -
ген  адам  еді.  Кезінде  жерлесі  Халел  Досмұхамедов,  Жанша  Досмұ-
хамедов, дəрігер Иса Қашқынбаев, əнші төре тұқымы Шынтас Қара-
таев,  Батыс  Алашорданың  кеңсе  қызметіне  араласқан  туысы  Рахме-
толла Қаржаубаевпен дос-жолдас болып өткен. 1937 жылы ұсталған-
ға  дейін  қазіргі  Ақтөбе  облысының  Ойыл,  Темір,  Табын  (Байғанин) 
жəне  Арал  аудандарында  (қазіргі  Қызылорда  облысына  қарасты) 
аудандық  пошта-телеграф  бөлімін  басқарған.  Темір  қаласында 
1937  жылы 10 қыргүйекте  НКВД  органдары  «ұлтшыл  контррево-
люциялық, көтерілісшіл-террористік, диверсиялық-шпиондық топтың 
басшысы»  деген  айып  тағып,  ұстап  əкетті.  Ақтөбе  облыстық  соты 
президиумы  қаулысымен 1956 жылы  ақталды.  Ақталған  құжатты 
алған бойда КСРО НКВД-сына: «Əкем тірі ме, айдалды ма, қайда ай-
далды?» – деп  сұраған  хатыма  беттері  бүлк  етпестен: «С.Құтқожин 
1942  жылы 5 мамырда  өкпесіне  салқын  тиіп,  мерзімін  өтеп  жатқан 
жерінде қайтыс болды», – деп жауап қайтарды. «Қай жерде мерзімін 
өтеп  жатты,  сүйегі  қай  орманның  қай  шұңқырында  қалды?» – деп 
еңіреп жүретінбіз. Сөйтсек, сол 1937 жылдың 14 қыргүйегінде Ақтөбе 
қаласының  өзінде  пəленбайыншы  адам  болып  атылған  екен.  Қала 
маңындағы  «Пригородный»  кеңшарының 2-бөлімшесі»  деген  жер-
де 1930–1950 жылдардың  құрбандары  лақтырылған  ортақ  шұңқырда 
жатқаны кейін анықталды. 
Əкеміз – біздер,  балалары:  мен,  ағаларым  Шафхат,  Хамит,  сіңлім 
Роза  Құтқожиндер  үшін  өксіп  өткен  арманымыз, «есіміз  кіріп,  ете-
гімізді  жиғанда  бір  көрсек-ау,  қолымыздан  келгенше  оған  қызмет 
етсек-ау» деп үздігіп өткен арманымыз еді. 
Екінші  жолдасым – халқымыздың  біртуар  азаматтарының  бірі, 
танымал  актер,  сыршыл  ақын,  ең  бастысы – үлкен  жүректің  иесі 
Шахан  Мусинмен  алғаш  танысып  жүрген  күндерімде  оның  «катор-
га»  əңгімелерін  естіп, «ұсталғанда 50-ге  де  жетпеген  əкем  де  осын-
дай  қиямет  күндерді  кешіп  жүрді-ау,  мүмкін  əлі  де  тірі  болар» (мен 
Шахаңмен танысқан 1962 жылы ол кісі бар болғаны 74-75-терде бо-
лар  еді)  деп  те  ойлайтынмын.  Сондықтан  Шахан  əкемнің  тағдырын 
бөліскен  «қандыкөйлек  жолдасындай»,  шаршағанда  иығын  төсеп 
сүйеген қамқоршы баласындай көрінді, тіпті, оны ет жақын туысым, 
əкемнің  көзін  көрген,  онымен  тілім  нанды  бөліп  жеген  жасы  үлкен 
ағамдай  сезініп  кететінмін.  Мүмкін,  Шахаңмен  дəм-тұзымыз  жара -
сып,  барлық  алшақтықтарға,  қиындықтарға,  тосқауылдарға  қара -
мастан, табысып, бір шаңырақтың астында 40 жылдай ғұмыр кешуі-
мізге бұл да себеп болған шығар. 


33


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет