«Күресерге дəрмен жоқ, іш қазандай қайнайды» деген мақалдардан
сыйлауға, сипауға, күресуге деудің орнына сыйларға, сипарға, күре-
серге тұлғаларын кездестіруімізде де бір сыр жоқ па екен?
Немесе «Ер Тарғын» жырындағы:
Асыл туған Ақжүніс,
Көкті бұлт құрсайды.
Күнді байқап қарасам,
Күн жауарға ұқсайды.
Айды байқап қарасам,
Айды бұлт құрсайды,
Түн жауарға ұқсайды, –
деген үзіндіні, тегі, «кітаби тілдің немесе түркі тілдерінің басқа
біреуінің кездейсоқ көрінісі» деуге сыя қояр ма екен? Бұл тəсілді
біраз мысал келтіріп, бұлайша тəптіштеп сөз етіп отырғанымыздың
себебі мынада: Ыбырай Алтынсарин шығармаларының 1955 жылғы
басылуында біз сөз етіп отырған тұлға бірнеше жерінде осы күнгі
у+ға (аруға) түрінде аударылып берілген. Ыбырайдың өз қолынан
49
Тіл-ғұмыр
1879 жылы шыққан «Киргизская хрестоматиясының» 1-бетінен:
«Өрмекші маса, шыбынға тұзақ құрып жүр, ұстап алған соң өзіне
азық етерге», – деп оқысақ, 1955 жылғы басылған кітаптың 73-бетінде
соңғы сөздің азық етуге деп өзгертілген түрін оқимыз.
Бұл жерде біз «Ыбырай шығармаларын бастырушы адам тілдік
фактіні бұрмалау үшін əдейі өзгерткен» деген ойдан мүлде аулақпыз.
Керісінше, құрастырушы мұны Ыбырай сияқты алып жазушының
шынайы мұрасын қазіргі оқушыға неғұрлым түсінікті, күдіксіз етіп
ұсыну тəрізді ең бір ізгі ниетпен істегеніне əсте шүбəміз жоқ.
Енді синтаксис саласынан бір ғана мысал келтірейік: «Қазіргі
əдеби тілімізде сөйлемнің бастауышы басында, баяндауышы со-
ңында» деген сияқты дағдылы нормамен келеді. Сөйлем мүшелерінің
осы норманы сақтамай, орын алмастырылып келуі фольклорлық
шығармалардың прозалық үзіктерінде, сондай-ақ өткен ғасыр мен
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ прозасы тілінде молынан кездеседі.
Ыбырай Алтынсариннің өзінде «келді əуелі шабақ» деген сөйлемдер
бар. Қазіргі басылуларда осы сөйлемді «əуелі шабақтар келді» деп
«түзетілгенін» оқимыз. Бұл тəрізді төңкеріліп жүрген сөйлемді
қазіргі жазушыларымыздың да бір-екеуінен кездестіре аламыз. Бірақ
бұл екі көріністің екі басқа себебі бар. «Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов
сияқты қазіргі шебер жазушыларымыздың тіліндегі инверсия олар -
дың индивидуалдық талғамына байланысты стильдік ерекшелігі бо-
лар» деп ойлаймыз. Ал алғашқы проза үлгілеріндегі инверсия олар-
дың ауызекі сөйлеу нормаларымен ұштастығын танытса керек.
Мұның барлығын мысалға келтіріп, айтып отырған мақсатымыз –
осы бір мəселеге, яғни өткендегі əдеби мұралардың тілінде кездесе-
тін осындай бейтаныстау немесе «əдеби» емес кейбір грамматикалық
тұлға-тəсілдерді түзету, қазіргі нормаға сəйкестендіру қажет пе?
Олардың қайсысын түзетуге болады? Қайсысын болмайды?» деген
мəселеге осы отырған жұртшылықтың назарын аудармақпыз. Сырт
қарағанда, үлкен-үлкен текстердің ішіне там-тұмдап енгізілген мұн-
дай түзетулердің пəлендей пайда-зияны жоқ тəрізді көрінуі мүмкін.
Шынында да, жалпы оқушы үшін мұндай түзетулердің үлкен мəні
жоқ тəрізді. Ал бұл жайға мəселенің басқа бір жағынан келіп, те -
реңірек қарасақ, мұндай дүдəмал тұлға-тəсілдерді түзету-түзетпеуде
үлкен гəп бар. Яғни «қазіргі əдеби тіліміздің даму тарихын зерттеу-
де бізге қазірде болмашы ғана болып көрінетін, түзете салғаннан еш
нəрсесі кетпейтіндей болып сезілетін бейтаныстау, шикілеу тұлға-
тəсілдердің сол қолданылған күйінде көрінуінің мəні айрықша»
демекпіз. Мысалға жаңағы боларға, келерге тұлғаларын алайық.
Көріп отырсыздар, бір кездерде, тіпті бертін күндерге шейін бұл тəсіл
|