Қ. Шаяхметұлы
Семей университетінің кафедра меңгерушісі
МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҚҚА ҰСЫНЫЛҒАН ТУЫНДЫ
Абайтану саласында соңғы жылдарда жоталана, өркештене көрін-
ген елеулі еңбектердің үлкен тобын бұқаралық кең талқыда сарапқа
салып, солардың ішінен мемлекеттік ең жоғары, мəртебелі сыйлыққа
178
Рəбиға Сыздық
сай келгендерін, шоқтығы биік тұлпар-туындыларды «көз – таразы,
көңіл – қазы» жосығымен қапысыз қадағалай қарап, таңдау жасау
шарасы жүріп жатыр. Аталмыш сыйлыққа ұсынылған еңбектердің
бірі – «Қазақ энциклопедиясы» жəне «Атамұра» баспалары ынтымақ-
тастығымен 1995 жылы жарық көрген «Абай» энциклопедиясы. Бұл
басылым гуманитарлық ғылымның абайтануға байланысты күллі
жетістіктерін, табыстарын, олжаларын ортаға салып, ерекше ыжда-
ғаттылықпен, төтенше мұқияттықпен сығымдап, уақыт тезіне төтеп
берерлік нəр мен сөлдің түйір-тамшысына дейін есепке алып, қоры -
тып беруге тиістігін арнайы айтып ұғындырмай-ақ аңғартады. Бұл –
əліптік ақиқат.
Сонымен, алдымызда – баспагерлік өнім ретіндегі пішіннен мін
тапқысыз, көзтоярлық қалың том. Көлемі – 1720 бет. Жалма-жан
парақтай бастаймыз. Алпысыншы бетте Абайдың «Адам деп есеп
қылма Ағыбайды» деген өлеңі «Алғаш рет ақын шығармаларының
1961 жылғы екі томдық жинағына енгізілді», – делінген. Аталған жи -
нақ бір томдық 76-бетте 1909 жылғы тұңғыш жинақ небəрі бір
абзацтық мəтін ішінде екі рет қайталана 1905 жылғы болып көрсе -
тілген. 503-бетте «Сəйхали – Шығыстың ХV ғасырда өмір сүрген
ақыны» екендігі тұжырымдалған. Қай Шығыстың? Таяу Шығыс, Орта
Шығыс, Қиыр Шығыс бар. Нəсілі, ұлты, тегі кім, қай елдің ақыны?
521-бетте «Соры қалың соққы жеген пышанамыз» өлеңі мүлде қи-
сынсыз жасанды концепцияланған. 458-бетте Абай шығармалары -
ның орыс тіліндегі жеке басылымдарына арналған мақалада тақы-
рыптық тізбе 1940 жылдардан басталған, ең бірінші жеке басылым
1936 жылы жүзеге асқаны беймəлім қалған. 497-498-беттерде аудар-
машы Рождественскийге арналған мақалада да оның сол 1936 жылғы
жинақты бір өзінің тəржімесімен шығарғаны айтылмаған. Аты-жөні
қате берілген «Александрович» деудің орнына «Алексеевич» бо-
лып кеткен. Орыс тіліндегі жеке басылымдардың ішіндегі тұңғыш
толық жинақ 1954 жылы Мəскеуден шыққандығы да ұмытылған.
Абайдың бір өлеңін соқалап аударған Кривощеков туралы мақала
берілген де, Əуезовтің арнайы тапсырмасымен бірнеше өлең аудар-
ған, Абай мен Мұхтар шығармашылығын Кеңестік кеңістікте ондаған
жылдар бойында тұрақты түрде зерттеуші, танытушы, насихаттау-
шы болған З.Кедрина мүлде аталмаған. Луконин, Винокуров ау-
дармашылар ретінде бөлек таныстырылған, олардан артық болма-
са кемдігі жоқ Смеляков ауызға алынбаған. Абай шығармашылығы
бойынша еңбектенген суретшілердің ешкім естіп-білмегендері де аса
құнттылықпен тізбеленген, жеке-жеке сипаттамалар жасалған. Ал
1949 жылы Абай мен Мұхтардың портреттерін салған мəшһүр ше-
179
Тіл-ғұмыр
бер Яр-Кравченко жөнінде ешқандай мағлұмат жоқ. Сахнада Абай
бейнесін классикалық деңгейде шығарып, Əуезовті риза еткен, өнер -
тану мамандарының білікті бағасын алған, қалың көрермен жұрт-
шылықтың құрметіне бөленген халық əртісі Сілəмбек Қыдырəлин
де абайтану сарайына енгізілмеген. 505-беттегі Седельников туралы
мақалада одан басқа біреу жөніндегі мəлімет жаңылыс араласқан.
Осы тəрізді ақау-кінəраттарды: «Ондай-ондай ханның қызында да
болады», – деп жұбандырғыш мəтелмен бүркей салу қиын емес.
«Абай» энциклопедиясы айналасы үш-төрт жылдың ішінде құ-
растырылып, басылып шықты. Уақыттың тығыздылығы əрқилы
кедергілерге кезіктірмей қоймады. Жоғарыда айтылғандай кемістік-
тердің себептері де сонда ғой. Энциклопедияда екі мыңнан астам ма-
териал қамтылған, оны екі жүзге тарта маман дайындаған. Энцикло-
педияда Мұхтар Əуезов, Əлкей Марғұлан, Айқын Нұрқатов, Тəкен
Əлімқұлов мұраларынан қажетті мөлшерде пайдаланылу тұстары сəт -
тілік екендігі күмəнсіз. Басылымның шығарушылар ұжымы, арнау-
лы алқа құрамы осыншама адамның ортасынан əдебиет пен өнер
саласындағы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлыққа академик Зəки
Ахметов пен академияның корреспондент мүшесі Рəбиға Сыздықо-
ваны ұсынуы – мейлінше əділ, кіршіксіз адал шешім.
Абай шығармашылығының жан-жақты, сантарапты идеяларының
түгелі тілдік-əдебиеттік тұғырға тəуелді, барлығы сөзден жаралып,
сөзбен таралады. Осы шындыққа сəйкес орындалған жұмыстың кө-
лемі мен мазмұны жəне сапасы арқылы екі автор айрықшаланарлық
ыңғайда бірден байқалады. Бұл да – кездейсоқтық емес. Екі ғалым да
Абай мұрасын игеру жолында ғұмыр бойы жан қуаттарын жұмсап,
жүйелі мақсатты еңбек еткен. Академик Зəки Ахметов 1953 жылы
Абай шығармаларының канондық мəтінін орнықтыру мəселесі жө-
нінде абайтануда тұңғыш теориялық негіздеме жасап, ғылыми
мақала жариялады. 1954 жылы «Лермонтов жəне Абай» деген моно-
графиялық зерттеуін кітап етіп шығарды. Бұл еңбек – қазіргі күндегі
бірнеше докторлық диссертацияға молынан азық боларлық тың
жа ңалықтарға толы болатын (кандидаттық диссертация ретінде жа-
зылса да). Абайдың орыс əдебиеті классикалық байланысын аударма -
шылық кемеңгерлігін ұғыну үшін бүгін де сол артықша маңызды-
лығымен тартымды еңбек. 1964 жылы кітап болып шыққан «Қазақ-
тың өлең өнері» атты докторлық дəрежеге арнап жазған моногра -
фиясына Абайдың поэзиядағы тарихи жаңашылдығы дəлелді де
дəйекті көрсетілді. Бұл еңбек түркі тілдес елдердегі өлең өнерінің
ғылыми тұтас бағытын ашып, мектеп қалыптастырды. 1970 жылы
«Қазақ поэзиясының тілі» деген монографиялық зерттеу кітабы
180
Достарыңызбен бөлісу: |