Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет84/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   170
Тіл-ғұмыр
арқылы  жан-жақты  ашылып,  данышпанның  дара  тұлғасы  туралы 
нақтылы мағлұмат, дəл ғылыми анықтама беріледі.
Осындай  ізденістердің  нəтижесінде  энциклопедия  Абайдың  ұлт -
тық жəне əлемдік тұлғасын жарқыратып биіктете түскен. Абай өз за-
маны  мен  өз  елінің  көкейкесті  арманын,  ой-парасатын,  мұң-зарын, 
сүйініп  толғанғанын  көтергенде,  соны  күллі  адам  баласы  тақырыбы 
етіп,  талдап  жырлағанын  асып-тасымай,  ғылыми  байыпты  тілмен 
жеткізген. 
Энциклопедияға  абайтану  зерттеушілерінің  барлық  буындарының 
қатыстырылуы,  сөз  жоқ,  еңбек  құнарын  арттыра  түскен.  Жəне  бір 
тиімді  тұсы – бүгінгі  абайтанушылар  осы  ғылымның  белгілі  бір  са-
лаларына  мамандануына  қарай  пайдаланылғандығы.  Бұл  ұрпақтан 
академик  Зəки  Ахметовпен  Академия  корреспондент-мүшесі  Рəбиға 
Сыздықова  секілді  белгілі  ғалымдардың  қыруар  еңбегі  ескеріліп, 
Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылуы орынды да заңды. Бұлар бас абай-
танушы Мұхтар Əуезовтің əрі шəкірті, əрі əріптесі ретінде сол кезде 
кемеңгер  ақынымыз  туралы  өнімді  еңбектерімен  танылған  ғалым -
дар санатынан. 
Абайдың  өлең  құрылымы,  аудармалары  т.б.  туралы  З.Ахметов 
мақалалары  бұл  саладағы  дəмді  дəстүрмен  жақсылық  жаңалықтарды 
ұштастыра  білгендіктің  үлгісі.  Соны  пікірлерінен  болашақ  зерттеу -
лерге  кілт  есебінде  қабылданатыны – Абай  аудармасы  дейтін  өлең-
дерінің  бірқатар  бөлігінің,  шын  мəнінде,  тəржімадан  гөрі  нəзира 
дəстүрімен жарыса жазылған деген құнды қағидасы. 
Ғылыми  энциклопедияда  жарияланған  мақалалары  былтыр  «Ана 
тілі»  баспасынан  жарық  көрген  «Абайдың  ақындық  əлемі»  атты  мо-
нографиясында кеңіре көрістетілген. 
Энциклопедия  салмағының  артуына  белді  тіл  маманы  Рəбиға 
Сыздықованың  қосқан  үлесінің  биік  бағасын  дəлелдеп  əуреленудің 
қажеті  шамалы.  Ғалымның  «Абай  шығармаларының  тілі» (1968), 
«Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» (1970), «Абайдың сөз өр -
негі» (1995) атты еңбектері жұртшылыққа кеңінен мəлім. 1959 жылы 
əдеби  мұраға  арналған  конференцияда  сөйлеген  Мұхтар  Əуезовтің 
мына  бір  мақтаныш  сөздері  құлағымызда  əлі  тұр: «Рəбиға  Сызды-
қованың  сөзіне  конференцияға  қатысушылар  айрықша  ырза  болды 
деп  санаймын.  Оның  сөзіндегі  бір  ерекшелік:  тіл  мамандары  мен 
əдебиетшілерге қатар айтар орынды, кенеулі ойы бар жəне сол ойды 
таратып  айта  аларлық  тіл  құдіреті  мейлінше  жеткілікті  екендігін  аң-
ғартты». 
Бұл өнерін Рəкеңнің үдете түскеніне енді біздер куəміз. 
Дүниежүзіне  əйгілі  атақты  энциклопедиялар  сөздігінің  молды -
ғымен,  дерек,  мағлұматтарының  дəлдігі,  сенімділігі,  анықтама  мəлі-


184
Рəбиға Сыздық
меттерінің оңай, шапшаң табылатындығы, сөздік түйіндерінің тұжы-
рымды,  ойға  жомарт,  сөзге  сараң  сипаттарымен  айрықша  өркеште -
ніп  тұрады. «Абай»  энциклопедиясын  ондай  қымбат  қасиеттерден 
жұтаң  дей  алмайсың.  Ғылыми  зерттеушілік  əдіс  жолдары,  əрлі  тал-
даулары  жағынан  қазақ  əдебиеттану  ғылымының  əжептеуір  толы -
сып, марқайып өскендігін айғақтайды. 
Əділдік  үшін  ескерте  кету  керек,  жоғарыдағы  мақтау  сөздерден 
бұл  кітаптағы  мақала  атаулының  бəрі-бəрі  төрт  аяғынан  тік  тұр 
деген  мағына  тумауы  жөн.  Өз  пікірін  айтудан  гөрі  мазмұндауды  са-
ғалап,  энциклопедиялық  түйіннің  (резюмирование)  жанрлық  ықшам 
сипатына  қайшы  сөз  бұйдаға  салыну,  тіпті  ұзақ  цитатаны  сыналап 
жіберушілік,  өлеңде  қанша  ой  айтылғанын  шотқа  қағып,  идеялық 
жəне  көркем  жаңалықты  бір  өрімде  қабыстырып  айта  алмаушылық 
ілуде болса да, шаң беріп қалатынын ашық айтқан жөн. 
Жүздеген  автор  қатысып,  екі  мыңнан  астам  мақаладан  тұратын 
120  баспа  табақтық  бірегей  басылымдағы  ішінара  болса  да  кездесе-
тін  мұндай  «əттегенайлар»  тұлғалық  энциклопедияның  тұрпатына 
көлеңке түсіре алмаса керек. 
«Абай»  энциклопедиясын  Ұлттық  Ғылым  академиясының  кор-
респондент-мүшесі,  Қазақстан  Мемлекеттік  сыйлығының  жүлдегері 
Рымғали  Нұрғалиев  басқарған  Қазақ  энциклопедиясы  Басредакция-
сы жеті жыл бойы əзірлесе, «Атамұра» баспа корпорациясы той қар-
саңында  қысқа  мерзім  ішінде  жарыққа  шығарып  үлгерді.  Кітаптың 
көркем  безендірілуі  (суретші – Н.Исабаев),  полиграфиялық  жағынан 
мүлтіксіз  орындалуы,  компьютерлік  жаңа  қарыптармен  теріліп, 
беттелуі, қазақ оюларымен əдіптелуі – бəрі-бəрі жарасып-ақ тұр. Та-
ралымы көл-көсір, 100 мың данамен жарық көріп, жұрт қолына тиген 
«Абай» энциклопедиясының бағы ашылуына барша авторлар қауымы 
қатысты. Реті келсе, сыйлық алатын авторлар қатарын көбейте түскен 
жөн болар еді. 
«Абай» – Мемлекеттік  сыйлыққа  ұсынылған  тұңғыш  энцикло-
педиялық басылым. Кезінде 12 томдық қазақ энциклопедиясы, бұдан 
соңғы төрт томдық, «Алматы» т.б. энциклопедиялар ондай құрметке 
ие болған жоқ. Нашарлығынан емес, сол кездегі қасаң идеологияның 
кесірінен 12 томдықты  Мемлекеттік  сыйлыққа  ұсынылып  жатқан 
жерден  күрт  тыйылдық.  Сол  кездегі  ұр  тоқпақ  идеолог  хатшымыз 
Мəскеу  құлағына  естірте: «Қазақ  энциклопедиясында  ұлтшылдыққа 
жол  берілген»  деп,  айғай-шу  көтерді.  Сондағы  күнəміз – қазақ  ру-
ларының  аталымын  сөздікте  қаптатып  жіберіппіз.  Бізден  көп  кейін 
шыққан  өзбек,  қырғыз  энциклопедиялары  өз  елдерінің  Мемлекеттік 
сыйлығына  ие  болды.  Біз  болсақ,  ұнжырғамыз  түсіп,  төмен  қарап, 
«байтал түгіл бас қайғыға» ұшырадық…


185
Тіл-ғұмыр
Өткен  өтті.  Оған  өкіндің  не,  өкінбедің  не.  Сонда  да 12 томдық 
«Қазақ совет энциклопедиясы» күні бүгінге дейін ел үйлерінің төрін 
босатпай тұрғанын көргенде, жасыратыны жоқ, ішіміз жылиды. Ортақ 
осындай  қуаныштарымызды  өзімізден  өзіміз  қызғанбайықшы  деген 
ой келеді. Енді бақсақ, қазақ тарихында бір де бір энциклопедиялық 
басылым Мемлекеттік сыйлыққа ешқашан ұсынылмапты. 
«Абай»  энциклопедиясы – өз  жанрында  мұратына  жеткен  басы -
лым. Қай жағынан да, материалдарының мазмұны (Əлихан Бөкейха -
нов,  Ахмет  Байтұрсыновтардың  ғасыр  басында  жазылған  мақалала-
рынан  бастап, 1995 жылға  дейінгі  абайтану  ғылымының  қол  жеткен 
табысын баянды етіп қорытуы, уəделі мерзімінде жариялануы, бүгінгі 
талап-тілек  деңгейінде  безендіріліп,  жарасымды,  əсем  кітап  боп 
шығуы  жағынан  дүниежүзінің  басылым  төресі  саналатын  қандай 
энциклопедиясынан да кем түспейді. 
Бұл  энциклопедияны  шығармашылардың  атышулы  нарық  қыспа-
ғына  бой  бермей,  ел  намысын  жыртып,  не  қиындыққа  қасқайып 
қарсы  тұрған  еңбектері  де  ескерілуі  тиіс.  Абайша  айтқанда,  жүрегі 
жылы,  бойы  құрыш,  жаңа  жолдың  басшысы  атануға  лайық  азамат-
тардың қайрат-жігері арқасында мұндай үлкен, тағлымы зор басылым-
ның шығуы тарихи ерлікке бара-бар. 
Айтылғаннан  туатын  қорытынды  біреу  ғана: «Абай»  энциклопе-
диясы  ұлы  ақынның  өз  атымен  аталатын  Мемлекеттік  сыйлыққа 
əбден лайық.
 «Егемен Қазақстан» газеті, 1996, 16 қараша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет