Тіл-ғұмыр
Ғалымның көздеген негізгі мақсаты – қазақ өлеңі құрылымына
Шəкəрімнің де өзгеріс енгізгенін көрсету жəне бұл əрекеттің үлгісін
Абайдан алғанын, оны əрі қарай жалғастыра отырып, ұстазынан асып
түспегенмен қалыспағанын айту болған. Осы мақсатпен ол қазақ сөз
өнерінің тарихына бойлай отырып, сол тарихты жасаушылардың
бірегейі Шəкəрімді тағы бір қырынан тануға ұмтылыс жасаған. Шын-
дығында да, бүгінгі əлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар өкілдері
Шəкəрім қажыны, Шəкəрім философты, Шəкəрім ғалымды, Шəкəрім
ақынды тереңірек танулары өте қажет.
Рəбиға Сыздықованы жан-жақты талант иесі, зерделі зерттеуші
ретінде көрсететін еңбектерінің бірі – қазақтың ұлттық тіл білімінің
іргетасын қалаушы лингвист-ғалым, еңбегі ерекше ағартушы-педа -
гог, сөз құдіретін танытқан тамаша ақын, қазақ халқының рухани
дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мəдениет қайраткері, ұлтына
адал қызмет еткен ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов туралы
зерттеулері.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында 30-шы жылдардағы
зобалаңның құрбаны болған бір топ зиялыларымыз іс-əрекеттерінде
қылмыстық істер жоқ деп ақталғаннан кейін қазақ қауымы олардың
творчествосына бет бұра бастады. Көптеген ғалымдарымыз олардың
шығармашылықтарын өздерінің зерттеу объектісі етті. Осы тұста
Ахмет Байтұрсынов туралы да біраз еңбектер жазылды. Алайда оның
творчествосын бірден-бір толық зерттеген ғалым – Рəбиға Сызды-
қова. Ол өз еңбегінде Ахмет Байтұрсыновтың қысқаша өмірбаянына
тоқталып, ағартушылық, ақындық, публицистік қырларын ашады. Ең
бастысы, Ахметті тіл мен əдебиет зерттеушісі ғалым ретінде терең та-
нытып, байтұрсыновтанудың бүгіні мен болашағын сөз етеді.
Ғалым-зерттеуші Ахмет Байтұрсынов пен оның замандас-пікір-
лестері жайындағы қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан ізденістерді
жинақы бір атаумен – «ахметтану» деп атауды ұсынады. Зерттеуші
«Ахметтану – тек бір ғана қайраткерді танып-білу мақсатын көзде-
мей, тұтас бір кезеңге қатысты мəселелерге баратын таным тармағы
болуы тиіс», – деп есептейді. Ахметтанудың басты салаларын ғалым
былайша жүйелейді: біріншіден, ұлттық санамыздың ояну тарихына
көз жіберу; екіншіден, ХХ ғасырдың басынан бастап 30-жылдарына
дейінгі ұлттық интеллигенцияның тарихына бойлап бару, үшіншіден,
ұлттық ғылымымыздың мəдениеттану, философия, лингвистика, пе-
дагогика сияқты тарамдарының пайда болып, қалыптасу тарихын
зерттеу проблемаларының жүгін арқалайтын ғылым жүйесі болмақ.
Сөйтіп, ол қазақ рухани əлеміндегі Ахметтің орнын өте жоғары жəне
кең көлемде бағалап, терминнің даралық (жалқылық) ұғымын кеңей-
тіп, оған жалпылық, ортақтық мағына береді.
174
Рəбиға Сыздық
Рəбиға Сыздықова филолог ғалымдардың ішінде алғаш рет ахмет-
танудың ауқымын тек тіл-əдебиет мəселелерімен шектемей, кең
көлемде қарастыруды ұсынады. Ахметтану бойынша қолға алынар
сондай проблемалардың бірі – ұлттық сананың қалыптасу, даму про-
цесін зерттеу арқылы «Алаш» қозғалысының «Алаш» партиясы тура-
лы түсініктерімізді қайта қалыптау болса, келесі проблема қазақ ин-
теллегенциясы əлеуметтік топ, күш жəне күрескер ретінде қашаннан
көріне бастады деген сауалдарға жауап іздеу.
Қазақ зиялылары өмірінің көптеген ашылмаған тұстары бар
екендігін айта келіп, ғалым-зерттеуші бұл істе жалғандыққа барудан
сақтандырады. Сондықтан ол зерттеушілерімізді қазақ интеллиген-
циясы жайындағы əңгімеде жоқтан бар жасап асырмауға, барды қа -
зіргі сынымыз бен талабымызға сəйкеспейді деп жасырмауға шақы -
рып, бұл тұста жалған ұлттық намыс та, жершілдік те абырой əпер-
мейтінін ескертеді.
Ғалым атап көрсеткен ахметтанудың үшінші проблемасы – ұлт-
тық ғылымымыздың тарихына үңілу, бұларға əсіресе əдебиеттану
мен тіл білімі салаларындағы зерттеулер арқылы қол жеткізуге бола-
ды. Автор келесі проблемаға А.Байтұрсыновтың қазақ тіл білімі мен
оқу-ағарту (педагогика) салаларына қатысты мұраларының білім са-
ласы мен ғылыми көкжиегімізді кеңейтуге тигізген əсерін зерделеуді
жатқызады. Ол «А.Байтұрсыновтың «Оқу құралдары» мен «Тіл құ-
ралдарын» зерттеуді «тіл туралы білім» мен «тіл туралы ғылым -
ның» байланысын, арақатысын, кешегісі мен бүгінгісін танып білуден
бастау керек» деп есептейді. Сонда біз А.Байтұрсыновтың «əр тілді
өз табиғатынан шығарып сыйпаттау» туралы ғылыми концепция-
сының мəнін түсінеміз.
Ғалым-зерттеуші Рəбиға Сыздықова бұл жерде Ахмет Байтұрсы-
нов мысалында жеке тұлғаның болмысына қатысты үлкен танымдық-
тағылымдық мəні бар мəселе көтерген. Өйткені А.Байтұрсынов қазақ
тілінің фонетикалық жүйесін айыруда орыс тілінің схемасына бар -
мады, түркі тілдерінің, оның ішінде қазақ тілінің өзіне тəн ерекше-
ліктерін ескерді. Ол «Қазақ жазуы» аталған графиканы түзгенде
ана тіліміздің сингармонизм заңдылықтарын дəл тауып, сөздердің
жуанды-жіңішкелі болып үндесуін көрсете отырып, 43 түрлі дыбыс -
ты 25 əріппен таңбалауды ұсынады.
А.Байтұрсынов етістіктің түрлерін тарамдауда да орыс тілінде
етістіктер қалай жіктелсе, қазақ тілінде де солай жіктеуден аулақ
болған. Ғалымның тіліміздің өзіне ғана тəн ерекшеліктерін ескеруі
қазақ тілінің барлық салаларын тұтас қамтыған Ахаңның қазақ ті -
лінде термин түзеп беруін, ғалым-зерттеуші «тіл туралы ғылым са-
ласындағы баға жетпес тарихи мəнді қызметтерінің бірі», – деп
175
Достарыңызбен бөлісу: |