Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек


Д. Ысқақұлы  «АБАЙ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ



Pdf көрінісі
бет92/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   170
Д. Ысқақұлы
 «АБАЙ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШ
«Ердің атын елі шығарады, елдің атын ері шығарады» деген дана 
халқымыз.  Осы  сөздің  растығын  ұлы  Абайдың  тағдырынан  көріп 
отырмыз. Қазақ халқының ойшыл ақыны Абай ХІХ ғасырдың екінші 
жартысында өмір сүріп, артына өлмес өлеңдерін қалдырды. Заманы-
нан  озық  туған  дана  Абай  түрлі  себептермен  кезінде  өзіне  лайықты 
бағасын ала алмады...
«Алтынды  тот  баспайды». XX ғасырдағы  қазақ  ұрпағы  Абайдай 
асылын  ардақтап,  əлемдік  əдебиеттің  алыптарының  қатарына  қосты. 
Туғанына  жүз  елу  жыл  толуын  дүниежүзілік  көлемде  атап  өтіп, 
ат  шаптырып,  ұлан-асыр  той  өткізді.  Ұлы  Абайдың  шығармалары 
халқымыздың  рухани  қайнар  бұлағына  айналды;  шет  тілдерге  ауда-
рылып, əлем халықтарының рухани игілігіне қосылды. Сыңғырлаған 
сұлу  сөздерінен  жарқ-жұрқ  еткен  даналық  ойларын  шашып  тұрған 
ақын  поэзиясы  жайлы  мыңдаған  зерттеулер  жарияланып,  Абайдың 
ұлылығын  əлемге  паш  етуде.  Өткен  жылы  «Қазақ  энциклопедиясы» 
(бас  редакторы  Р.Нұрғалиев)  дайындап, «Атамұра»  баспасы  (бас  ди-
ректоры  М.Құл-Мұхаммед)  басып  шығарған  «Абай»  энциклопедия-
сы  Абайды  тану  жолындағы  жүз  жылға  жуық  ізденістердің  заңды 


201
Тіл-ғұмыр
қорытындысы  іспеттес,  қазақ  əдебиеті  мен  мəдениетінің,  ғылымы -
ның өміріндегі үлкен оқиға болды.
Абай артына өлеңдері мен өлмес ескерткіш қалдырса, бүгінгі зия-
лы  ұрпақ  оны  одан  əрі  биіктетіп, «Абай»  энциклопедиясын  мəңгілік 
мұра  етіп  ұсынды.  Ескерткіштің  түрі  көп.  Бірақ  осылардың  қай-
қайсысы  болса  да,  уақыт  деген  ұлы  сыншының  алдында  төтеп  бере 
алмай, өзгеріп жатады. Ал тасқа басылған жазба ескерткіш мəңгілікке 
кетеді;  ұрпақтан-ұрпаққа  өзгеріссіз  жетіп,  руханият  көзіне  айналып, 
қызмет  етеді.  Біздіңше, «Абай»  энциклопедиясы  да  осындай  айтулы 
ескерткіштердің қатарында.
«Соқтықпалы,  соқпақты  жерде  өскен»  Абайды  таныту  жолдары 
да  талай  тайғақты  жерлерден  өтті.  Абайдың  жарық  көрген  алғашқы 
өлеңі  «Жаздыгүн  шілде  болғанда», «Дала  уалаяты  газетінің» 
1889 жылғы 7-санында «Семей оязы Шыңғыс елінің қазағы Ибраһим 
Құнанбай  аулының  Бақанас  өзенінде  Көпбейіт  деген  жерге  қонып 
жатқандағы  түрі»  деген  тақырып  түсініктемемен  басылған  екен.  Ал-
ғашқы  өлең  кітабы 1909 жылы  шықты.  Ал  Абай  туралы  алғашқы 
мақаланы ақын қайтыс болған соң бір жылдан кейін Ə.Бөкейхан жа -
зады;  орыс  тіліндегі  ақынның  өмірбаяны  Семейде  шығып  тұрған 
«Семипалатинский  листок»  атты  газетте 1905 жылы  жарық  көреді. 
Абайтанудың іргесін қалаушы Алаш азаматтары К.Ысқақұлы, А.Бай-
тұрсынов,  Н.Дəулетов,  М.Əуезовтердің  есімдері  ыстық  ілтипатпен 
аталады. Кеңес өкіметі жылдарында солақай саясаттың дүлей дауыл-
дары  соққанда  қара  бұлт  алдымен  Абайдың  мұраларын  тұмшалауға 
тырысты.  Абайды  арашалап  қалу  бүкіл  қазақтың  ұлттық  рухани 
қазынасын  сақтап  қалумен  бірдей  еді.  Міне,  осындай  қиын-қыстау 
тұстарда  С.Торайғыров,  Ж.Аймауытов,  М.Əуезов,  Ө.Сағди,  Ə.Мəме-
това,  Б.Кенжебаев,  Ы.Мұстамбаев,  Қ.Жұбанов,  Қ.Жұмалиев,  Қ.Мұ -
хаметқанов  сияқты  ұлтжанды  зиялылар  ұлы  ақынға  араша  түсті; 
соңынан  осы  əрекеттері  үшін  қуғынға  да  ұшырады.  Қанша  көлегей-
легенмен  де,  күн  шықпай  қоймайды.  Заман  өзгерді,  заманмен  бірге 
адамдардың  сана-сезімінде  ілгерілеулер,  жаңарулар  жүріп  өтті. 
Абайдың  аты  қайта  жарқырады.  Қазақ  ғалымдарының  зерделі  зерт-
теулерінің  нəтижесінде  абайтану  ілімі  қалыптасып,  кемелдік  күйге 
жетті; соның нəтижесіндей «Абай» энциклопедиясы өмірге келді.
Абайтану  жүріп  өткен  жолдарды  шолып,  өткеннің  өкінішті  өмір -
лерінде  айтыңқырап  жатқанымыздың  себебі – «Абай»  энциклопе-
диясының  өмірге  оңай  келмегенін,  небір  қиын-қыстау  кездерді,  тар 
жол,  тайғақ  кешу  жолдардан  өтіп  барып,  жүзеге  асқандығына  жəне 
жекелеген  мақалалардан  бастаған  Абай  туралы  ілімнің  бұл  күндері 
энциклопедиялық  дəрежеге  жеткендігіне,  қазақтану  ғылымының 


202


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет