Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет85/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   170
Ə. Нұршайықов
Халық жазушысы
«АБАЙ» ЭНЦИКЛОПЕДИЯСЫ ТУРАЛЫ СӨЗ
Бұл  кітаптың  мұқабасының  сыртында  Абайдың  алтынмен  аптал-
ған  суреті  бар.  Сурет  көкжиектен  арқан  бойы  көтерілген  Күннің 
қызыл шеңбері сияқты алтын сызықпен қоршалған. Оның астындағы 
«Абай  Энциклопедия»  деген  екі  сөз  жəне  алтынмен  жазылған.  Ұлт -
тық  өрнекпен  əшекейленген  қазақтың  көк  шапанындай  (тіпті  Абай -
дың өз шапанындай десе де болады) мол сыртқы тысын шешіп, мұқа-
басына  көз  салғанда-ақ,  бірден  оны  «Алтын  кітап»  деп  атауға  болар 
еді.  Ал  оның 720 бетін  асықпай  ақтарып,  əр  мақаланы  ойлана  оқып 
шыққан  адамның  бұл  томды  «Мəңгілік  мұра»  деп  атамасқа  амалы 
жəне жоқ.


186
Рəбиға Сыздық
Энциклопедия жайында сөз қозғағанда, аузымызға алдымен фран-
цуздың атақты ағартушы-философы жəне жазушы Дени Дидро (1713–
1784)  мен  француз  математигі  əрі  ағартушы-философ  Жан  Лерон 
Д.  Аламбер (1717–1783) түсері  сөзсіз.  Өйткені  бұл  екеуі  дүниежү-
зіндегі  ең  алғашқы  жүйелі  энциклопедияны  жасаған  кісілер  ғой. 
Алғашқы  энциклопедия 1751–80 жылдар  аралығында  дүниеге  келді. 
Осы отыз жылдай уақыт ішінде оның 35 томы жарияланды.
Дүниежүзіндегі  бұл  тұңғыш  энциклопедияны  шығарысуға  Воль -
тер,  Кандильяк,  Гольбах,  Монтескье,  Руссо  сияқты  Францияның  ең 
ұлы ғалым, даналары тегіс атсалысқан.
Қазақстанда энциклопедияның іргетасы 1968 жылы қаланды. Осы 
жылы  Ғылым  академиясының  қасынан  энциклопедияның  Бас  редак -
циясы  құрылды.  Оған  Қазақстанның  ең  таңдаулы  ғалымдары,  жур-
налистері мен жазушылары қызметке шақырылды. Ұлт топырағында 
туған  алғашқы  энциклопедияшыларымыздың  жетекшілері  академик -
тер М.Қ. Қаратаев пен М.Қ. Қозыбаев жəне академияның корреспон-
дент-мүшесі Р.Н. Нұрғалиев болды.
Сөйтіп, қазақтың 12 томдық тұңғыш энциклопедиясы жасалды.
Іле-шала  соның  негізінде  бірнеше  салалық  энциклопедиялар  ба-
сылды. Сексенінші жылдардың аяқ кезінде төрт томдық қысқаша эн-
циклопедия қазақ жəне орыс тілдерінде жарық көрді.
Солардың  соңын  ала,  міне, «Абай»  энциклопедиясы  дүниеге  кел-
ді.  Бұл  энциклопедия  қазақ  халқының  ұлы  ақыны  Абай  Құнанбаев -
тың өмірі мен шығармашылық жолына арналды.
Тағы  бір  қуанышты  əрі  мақтанарлық  жай:  бұл – Қазақстан  ғана 
емес, бүкіл Орта Азия мемлекеттерінің мəдени тарихында алғаш рет 
жарық көріп отырған əдебиет, өнер, ғылым қайраткерлеріне арналған 
бірінші  басылым.  Шығыс  Еуропадан  украин  ақыны  Тарас  Шевчен-
ко,  белорусь  ақыны  Янка  Купала,  ал  атақты  орыс  əдебиетінен  тек 
М.Ю.  Лермонтов  туралы  ғана  энциклопедиялар  жарық  көргенін  ес-
керсек, солардың арасынан суырылып шығып, Абай жайында энцик-
лопедия  жасау  қазақ  халқының  əдеби,  рухани  мол  байлыққа  кенел-
генін көрсетпей ме? Бұған қалай мақтанбассың!
Қазақ халқының мəңгілік мақтанышы боларлық бұл кітапты дүниеге 
келтіру  үшін  Қазақ  энциклопедиясының  Бас  редакциясы,  Қазақстан 
Республикасы Ғылым академиясының М. О. Əуезов атындағы Əдебиет 
пен  өнер  институтының,  сол  сияқты  А.  Байтұрсынов  атындағы  Тіл 
білімі  институтының  жəне  «Атамұра»  баспасының  ұжымдары  ұшан-
теңіз жұмыс істеді.
Бұл  энциклопедия  Абай  жайында  көп  мəлімет  береді.  Оның 
шығармаларының қайсысы қалай жазылғанын, кейіпкерлері кім екенін 


187
Тіл-ғұмыр
айтады. Шығыс, Батыс əдебиеттерінен алған нəрін, орыс əдебиетінен 
үйренген  сабағын  түсіндіреді.  Оның  дүниетанымы  мен  дүниеге 
көзқарасының  қандай  екенін  ұқтырады.  Өнерге  қосқан  үлесін  тал-
дап, өскен ортасы, шығармаларындағы жер-су аттары, кітаптарының 
қашан,  қайда  шыққаны  жайында  мəліметтерге  қанығасың.  Қысқасы, 
Абайға қатысты қандай дерек қажет болса, соның бəрін тек қана осы 
кітаптан табасың.
Сонымен  бірге  бұл  айтылғандардан  басқа  Абайдан  бұрын  жəне 
кейін  өткен  белгілі  мемлекет  қайраткерлері,  ақын,  жырау,  шешен, 
шежірелер,  билер  мен  батырлар  жайында  да  жəне  ақын  шығармала-
рын  халық  қазынасына  айналдыру  жолында  кеше  еңбек  еткен,  бүгін 
де  қызмет  жасап  келе  жатқан  ғалым-академиктер  жөнінде  де  кере -
гіңді  осы  кітаптан  табасың. (Энциклопедияға  кірген  осы  мəселелер -
дің бəрін қамтитын 2 мыңға жуық атау бар).
Бұл  энциклопедияны  жасауға  жоғарыда  аталған  екі  институт-
тан  басқа  Ұлттық  Ғылым  академиясының  барлық  институттары, 
Абайдың  Семейдегі  əдеби-мемориалдық  қорық-музейі,  Қазақстан 
Республикасының  Орталық  музейі,  Қазақстан  Республикасының 
өнер  музейі,  кітап  музейі,  көркемсурет  дирекциясы,  республиканың 
Ұлттық  кітапханасы,  Мемлекеттік  кітап  палатасының  ғылыми  қыз-
меткерлері атсалысқан.
Осынша қауымның атсалысуымен дүниеге келген бұл энциклопе-
дия  авторларының  бəрі  «энциклопедиялық»  құрғақ  баяндаудан  бас 
тартып,  тіпті  қысқа  мақалалардың  өзіне  дейін  қызықты,  тағылымды 
етіп беруге тырысқан. Соның нəтижесінде «Абай» энциклопедиясын 
оқыған  адам  ұлы  ақын  жəне  оның  заманы  жайында  мол  мағлұмат-
тарға  кенеледі. «Абай  энциклопедиясы»  туралы  бұл  жалпы  шолудан 
кейін, ондағы кейбір жеке мақалаларға жəне тоқтала кеткеніміз жөн. 
Бұл арада энциклопедияның ең алғашқы беті М.О. Əуезовтің «Қазақ 
халқының  ұлы  ақыны»  деген  мақаласымен  ашылатынын  айту  абзал. 
Осы  мақала  ұлы  романның  прологы  немесе  үлкен  операның  прелю-
диясы десе де болғандай. Абайдың өзі айтқандай, «Алыстан сермеп, 
жүректен  тербеген»  асыл  сөз  əсем  əндей  болып, «шымырлап  бойға 
жайылады».  Осы  мақаладан  басталатын  Абайға  деген  ыстық  сезім 
энциклопедияның  аяғына  дейін  оқырманды  тебіренте  тербейді  де 
отырады.
Алғашқы  беттегі  əке  бастаған  сөзді  ары  қарай  оның  баласы  жал-
ғастырады.  Лəйла  Мұхтарқызы  Əуезова  Абайдың  дəуірі,  Абай  за -
маны, оның елі, жері туралы шежірелі сыр шертеді. Автор келтірген 
дəлелді  деректер  энциклопедияға  арналған  анықтамалар  жинағы 
ғана емес, сонымен бірге ол анықтамалар оқырманның ойын оятады, 


188


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет