Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет114/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   170
мас...  саудырсыз  сары  қамқа...  сөзімде  жаз  бар  шыбынсыз  деген 
қолданыстарын мысалға келтіреді.
Сұлтанмахмұттың  бұл  сияқты  семантикасы  жағынан  бір-біріне 
жуыспайтын  сөздерді  Абай  үлгісімен  қиюластырып  жасаған  жаңа 
образдары  тұрмыстың  құрығы  (Тұрмыстың  ұзын  құрығы  Бұрды 
да  түсіп  мойынды),  надандықты  тебу  (Тебем  деп  тірі  болсам  на-
дандықты,  Серт  етіп  өзіме  өзім  еткем  егес),  надандық  теңізі  (На-
дандық  теңізі  тартылар),  шындықтың  ауылы  (Шындықтың  ауы-


245
Тіл-ғұмыр
лын  іздеп  түстім  жолға),  үміттің  көгі,  тағдырдың  тасқыны,  тағ-
дырдың  кермесі  (Тағдырдың  кездестім  ғой  кермесіне)  сияқты  соны 
тіркестерімен келеді.
Перифраздарды  Абайдай  молынан  келтірген  ешбір  ақын  жоқ,  бі -
рақ сөз құдіретін тани білген Сұлтанмахмұт сияқты тума талант оны 
да  сезіп,  аз  да  болса  Абай  үлгісімен  жаңа  өспірім  жас  шілік  (жас 
ұрпақ,  замана  жастары),  Шоңның,  Торайғырдың  көк  жапырақтары 
(ұрпағы)  сияқты  тұспалды  фразеологизмдерді  (перифраздарды)  ұсы-
нады.
Сұлтанмахмұттың  ақындық  таланты  поэзиядағы  сөз-символ  де-
гендерді  де  тапқызған.  Ол  жапырақ  сөзін  жеке  адамның  символы 
ретінде  келтіреді:  балғын  жас  адам  (сірə,  қыз)  бұтақтары  салбы -
рап...  көз  тартарлық  балбырап,  лебіне  де  аз  желдің  ұялып  бұққан 
қалтырап...  тұратын  гүлдеген,  біткен  жапырақ  болса,  одан  кейінгі 
жас – жұмақты  кіріп  көргендей,  сайран  етіп  жүргендей  халге  түсі -
ретін  жапырақ  болып  сыбдырлайды,  сол  жастардың  (қыздардың) 
ішінде  бақытсыздары  бар  екенін  солған,  сарғайған,  дірілдеп  жерге 
қараған  жапыраққа  көзім  түсті  деп  астарлайды.  Қысқасы, «Жа-
пырақтар»  деп  өзі  атаған  бұл  өлеңі  түгел  символмен  берілген. 
Сарыарқаның  жаңбыры  дегені  де  символ,  ол – 1917 жылғы  пат -
шаны  құлатып,  бостандық  əкелген  Ақпан  төңкерісі,  бұл  символды 
ақынның  өзі-ақ  ашып  береді:  Бұл  мысалдың  мəнісін  ұға  алсаң  сен, 
Келген  заман – бостандық  жаңбырмен  тең, – дейді.  Біздің  байқа-
уымызша, бұл фактілердің барлығы, бір жағынан, мұсылманша, орыс-
ша  оқып,  көзі  ашылған,  көп  нəрседен,  оның  ішінде  жалпы  поэзия 
сырынан  білген-түйгені  бар  ізденгіш  суреткердін  өз  таланты  болса, 
екінші жағынан, Абай өнегесі деп табамыз» [199-200-бб.].
Р.Сыздықованың  келесі  теориялық  тұжырымдары  əдебиет  тео-
риясына  да  қатысты  болып  табылады: «1) Поэтикалық  көп  (үлкен) 
ойды – «идеяны»  аз  сөзбен  берудің  үлгісін  салды,  ол  үшін  бұрынғы 
ақын-жыраулар тіліндегі көп сөзді шаблондардан, қызыл сөзді рито-
рикадан,  дидактикалық  параллельдерден  бас  тартты.  Құдайберген 
Жұбанов  көрсеткендей,  халық  жырлары  мен  ақын-жырауларда  елін 
сағынғандықтың  идеясын  айту  үшін,  арғымақтың  үйірін,  сұңқардың 
ұясын,  қараша  қаздың  көлін  қайсысы  қалай  сағынатынын  айтып 
алып  барып, «ниет  қылдым  еліме»  деген  өлең  жолын  келтіретін  тə -
сілге  Абай  бармайды,  айтпақ  ойын  дəл  əрі  жинақы  етіп  беру  үшін 
əсерлі,  тың  сөз-образдарға  иек  артады,  мұндай  образдарды  молынан 
жасайды» [203-204-бб.].
Мазмұн  мен  түрдің – поэтикалық  идея  мен  оны  білдіретін  тілдік 
механизмнің  сай  түсуіне  күш  салу  Абай  қолтаңбасының  көзге  түсер 


246
Рəбиға Сыздық
белгілерінің  бірі.  Бұл  сəйкестікте  көркем  шығарма  тілінің  «текст 
түзу»  деген  шарты  Абайда  тұңғыш  рет  айқын  көрінеді.  Ақын  текст 
түзу үшін əр алуан уəжбен сөз таңдайды...
Абай қаламына белгілі бір суретті оқырманның көз алдына бады-
райтып  көрсету  тəн.  Мұны  орысшалап  айтқанда,  кино  өнеріндегі 
«крупным  планом»  деп  аталатын  тəсілмен  салыстыруға  болады.  Бұл 
тəсілде кинода айырып көрсетілмек бір нəрсе (деталь, айталық, адам-
ның  бет-жүзі)  экранды  толық  алып,  барынша  үлкейтіліп  түсіріледі. 
Бұл амал поэзияда да орын алады. Орыс поэтикасында мұны тұңғыш 
енгізген  А.С.  Пушкин  болса  (Онегинге  хат  жазып  отырған  Татьяна-
ның  əсемдеп  шиырып  қойған  шашын – локондарын  суреттегені – 
кейіпкердің  жан  толқынын  танытатын  бет  əлпетін  үлкейтіп, «ба-
дырайтып»  көрсеткені),  қазақ  поэтикалық  тілінде  де  сөз  экранын 
толық алып жатқан суреттерді тұңғыш рет Абай ұсынды деуге əбден 
болады. «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға»  өлеңіндегі  бүркіттің 
аспанға қайқаң етіп ұшып шығуы, түлкіге түскен суреті, құсына мəз 
болып,  насыбайын  атып  тұрған  аңшынын  бейнесі – бəрі  де  «үлкей-
тіліп» бүге-шігесімен көрсетілген» [204-б.].
Сөз – өлең  тілінің  арқауы. «Поэтикалық  өрнек  сөзден  өріледі. 
Абайдың  алдындағы  Шөже  ақын  «қызыл  тілден  өрдім  өрім»  деп 
əдемілеп айтқан-ды. Бұл өрнекті салатын өткірдің жүзіндей, кестенің 
бізіндей  қызыл  тіл  болса,  оның  сол  жүзі  мен  бізі – сөз,  сөз  тірке-
сі,  сөздердің  бір-бірін  сүйеуі,  бір-бірімен  «ұжымдасуы»,  бірін-бірі 
«итеруі» түрінде көрінеді...
Абайдың  поэтикалық  тілінде  көзге  түсетін  ең  үлкен  құбылыстың 
бірі фразеология саласында болды. Мұнда да Абай қазақтың, көркем 
тіліне жаңа үлгілер ұсынды. Фразеологизмдер дегеніміз тұнып тұрған 
образ,  ал  өлең  сөз – поэтикалық  образдар  əлемі.  Сондықтан  бұл  қа -
зына Абайға дейінгі қазақ көркем сөзінде де мол болатын» [205-б.].
Бұдан  да  үлкен  «төңкерісті»  Абай  қазақ  өлеңінің  архитектони-
касында (құрылымында) жасады: мүлде тың өлшемдер мен ырғақтар 
əкелді,  бұрын  жоқ  шумақ  түрлерін  ұсынды,  шумақ  пен  шоғырдың 
құрылымын  құбылтты:  атақты  «Сегізаяқтан»  бастап,  алты  тармақты 
шумақтан  тұратын  өлең – «алтыаяқтардың»  неше  түрін,  жеті,  тоғыз, 
он  төрт  «аяқты»  өлең  құрылымын  дүниеге  келтірді.  Бұл  құрылым -
дар  қазақ  өлеңінің  синтаксисіне,  интонациясына  жаңалықтар  əкелді: 
қазақ  өлеңі  жазба  поэзия  статусына  көтерілді;  жазба  поэзияға  тəн 
«өлең тасымалы», ауызекі сөйлеу интонациясы дегендерді көрсетті...
Пушкиннің поэзиясы туралы П.И. Чайковский: «Пушкиннің өлең-
деріне  музыка  жазып  əуреленудің  қажеті  жоқ,  оның  өзі  музыка»  де-
ген екен, сол сияқты Абай өлеңдері де тұнып тұрған үн гармониясы: 


247
Тіл-ғұмыр
ол  қазақ  өлеңінің  үнін,  дыбыстық  əуенін  (фоникасын)  құбылтып, 
оның  құлаққа  жағымды  музыкалылығын  күшейтті,  ол  үшін  бұрын-
нан  бар  ассонанс,  аллитерация,  анафора,  эпифора  сияқты  дыбыстық 
үйлесімдермен  бірге,  түбірлес  сөздерді  қатар  келтіру,  ішкі  ұйқас -
тарды жиірек қолдану сияқты шеберліктің де үлгісін көрсетті.
Қазақ  тілінің  поэтикасына  Абай  əкелген  жаңалықтар  мен  ол 
жасаған өзгерістер жалғасын тапты. Абайдың тіл өрнегі бас-аяғы жоқ 
тұйықталған,  қайталанбас  феномендік  құбылыс  болып  қалған  жоқ, 
қазақтың  мəдени  көгінде  тарихи  бастама  болып  көрініп,  əрі  қарай 
ұласқан ұлттық мəнді табыс болып шықты. Оны Шəкəрімнен бастап, 
бүгінгі ең жас қазақ ақынның поэтикалық дүниесі дəлелдейді» [206-б.].
Р.Сыздықованың  бұл  теориялық  зерттеуі  бүгінгі  əдебиет  теория-
сындағы стиль мəселесін айқындап беруімен құнды болып табылуда. 
Сөздің  ырғағын,  əуенін  талдай  білу  тек  əдебиет  теориясының  енші-
сінде екені осылай айғақтала түседі.
Түркітану мен қазақ филологиясының дамуы: 
ғылыми мұра жəне ғалым феномені. – Алматы, 2014.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет