керім – өлеңім мен сөздерім), əн – өлшеуіш, ашу – келіншек, ынсап –
кəрі адам, өлең – күміс, қағазы – жолдасы, қаламы – сырласы, сөз
сөйлеу – ер қосу (Ер қосқанға ұқсайды сөз сөйлемек) тəрізді мысал -
дар ақынның образдар дүниесіне тың үлгілер енгізіп тұр...
Образдың эстетикалық өрісін кеңейтуде Абай тосын эпитеттерді
қолдануды жүйелі тəсілге айналдырса, Шəкəрім мұны да іліп əкетеді.
Жоғарыда аталған ноқтасыз ой, бояулы дін, улы жүрек, долы тіл
дегендері сияқты, жүрек, тіл, көңіл, ой сөздерінің эпитеттерін сан
құбылтып отырады. Мысалы, толқынды көңіл, өлген көңіл, жаралы
жүрек, от жүрек, аптыққан жүрек, жарық жүрек, таза жүрек, ақ жүрек,
жылы жүрек т. т.
Жоғарыда айттық, Абай шығармашылығының негізгі объектісі –
адам, оның ішкі жан дүниесі. Сондықтан ол жүрек, көңіл, ой де-
ген сөздерді адамның символы етіп алып, оларға «жан бітіріп»,
көп өлеңдерін соларға қарата айтады. Шəкəрімде де бұл атаулар –
автордың жан сарайының көрсеткіштері. Сондықтан бұлар қаратпа
242
Рəбиға Сыздық
сөз болып келеді. Мысалы, Шошыма, ойым, шошыма... Қажыма,
ойым, қажыма... Шарлайсың, ойым, шарлайсың, Алыстан мені бар-
лайсың... Қой, жүрегім, қайғырма... [191-192-бб.].
Зерттеуші өзіне дейінгі əдеби талдауларды да негізге алған.
«Бұрынғы қазақ өлең-жырларымен салыстырғанда, Шəкəрім поэзия-
сында көзге түсетін ең үлкен ерекшелік өлең архитектоникасы мен
өлеңнің ырғақтық-əуендік бітімінде көрінеді: Абай мен Шəкəрім
поэзиясының арасындағы үлкен іліктестік те осында, дəлірек айтсақ,
өлең құрауда қазақ көркемсөз тəжірибесінде бұрын-соңды болып
көрмеген, Абай ұсынған жаңа тəсілдерді (тəртіптерді) Шəкəрімнің де
саналы, сауатты түрде қабыл алуында.
Ілгергі тарауларда айтылды, архитектоника дегеніміз шығарма-
ның, айталық өлеңнің, композициялық құрылымы, екінші сөзбен
айтсақ, шығарма құрылымының сыртқы пішіні жəне оны құрайтын
бөліктердің бір-бірімен байланысуы. Абай қазақ өлеңінің сыртқы
құрылымына мүлде тың жаңалықтар əкелді, бұл ретте қазақ поэзия -
сын жоғары сатыдағы жазба əдебиет қатарына қосты. Ұлы жаңашыл-
дың бұл еңбегін үстіміздегі ғасырдың басында Əлихан Бөкейханұлы
Ахмет Байтұрсынұлын тұңғыш рет танып, атаған болатын. Одан
кейін Абайдың ақындық шеберлігін арнайы зерттеген Қажым
Жұмалиев пен қазақ өлеңі құрылысын ғылыми негізде талдаған
Зəки Ахметов Абай өлеңдерінің архитектоникасын кеңінен сөз етті»
[192–193-бб.].
«Шəкəрімнің «Бұл əн бұрынғы əннен өзгерек» деген өлеңін
біз Абайдың «Сегізаяғы» сияқты қазақ өлеңі техникасына тыңнан
қосылған жаңалық дер едік. Оның жаңалығы кейбір шумақтарының,
тіпті Абайда жоқ «бесаяқ» болып құрылуында ғана емес немесе бір
тармақтың екі-ақ буынды болып келетіндігінде де емес, ең алдымен,
бұл жаңалық өлеңнің бұрын кездеспеген интонациясында (əуенінде)
жəне Абайдан бұрынғы қазақ өлеңінде қолданылмаған, үлгісін
Абай салған өлең, тасымалы дегеннің орын алуында жəне сөйлем
түзілісінің проза синтаксисіне жақын келуінде, сондай-ақ инверсия-
ның (сөздердің орын алмасып жұмсалуының) стильдік мақсатта қол-
данылуында. Бұл көрсетілген белгілердің барлығы да күшті жетілген
жазба поэзияны сипаттайтын құбылыстар. Мысалы:
Бұл əн
Бұрынғы əннен өзгерек.
Бұған
Ұйқасты өлең, сөз керек
Өзіне орайлы.
Бұл шумақ тұтасымен тасымалдан тұрады: əрі қара сөзбен құ -
рылған сөйлемге жақын келеді: Бұл əн бұрынғы əннен өзгерек, өйт-
243
Достарыңызбен бөлісу: |