Жалпы редакциясын басқарған: А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, ҚР ҰҒА корр мүшесі, филол.ғ. д., проф. Е. Қажыбек



Pdf көрінісі
бет111/170
Дата15.04.2022
өлшемі6,86 Mb.
#31095
түріБағдарламасы
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   170
Бұлдыр қағып, асар бел. 
Кейде арындап, кейде шап, 
Адымын алыс құлаштап, 


240
Рəбиға Сыздық
Алады кейде тынысты, 
Солғындатып жүрісті, 
Осындай жырды ұнаңдар! – 
дей келіп, бұрынғы ақын-жыраулардың өлең-жырларына: 
Сырына баға берсеңіз, 
Таңғаларлық ісі бар, 
Көңілді тартар күші бар, 
Асықпай тыңдап шыдаңдар, – 
дейді.  Осы  арқылы  өзіне  дейінгі  қазақ  поэзиясының  көркемдік 
əлемін мойындайды. Мойындайды да қабылдайды. Шəкəрім тіліндегі 
қасықтай қар, тобықтай тоң, көз тойып, көңіл толу, мінсіз бақ, сансыз 
дəулет, жүзі бар айдай, мінезі майдай, дариядай мол ақыл, сұр жылан-
дай  сусылдау,  ноқталы  басқа  бір  өлім,  көз  алартып,  күресін  адырай-
ту  сияқты  образдар  мен  оларды  беріп  тұрған  сөз  кестелері  қазақтың 
көркем  тіліне  бұрыннан  кəнігі  дүниелер.  Бұлар  Шəкəрімнің  айтпақ 
ойларының,  поэтикалық  идеясының  тірегі,  негізі.  Мысалы,  ақынның 
«Өлімнің  хақ  екенін  көрсең  де», – деп  басталатын  шағын  өлеңіндегі 
сөз  өрнегі  түгелімен  бұрыннан  қалыптасқан  образдар  дүниесімен 
келген: 
Өлімнің хақ екенін көрсең де, 
Өлместей омыраулап шатасың.
Дозақтың барын біліп жүрсең де, 
Күнəға əлің келсе батасың...
Алланың адал ризығын жесең де, 
Арамды əдейі іздеп татасың...
Алланың ақ өлімі келгенде, 
Амалсыз қара тастай қатасың...
Сырт қарағанда, өлең тілінде жарқыраған əшекей сөздер де, көзге 
ұратын  тосын  қолданыстар  да  жоқ,  бірақ  ақынның  айтпағы – «біле 
тұрып, күнəға батпа, дұрыс емесін білген соң, бұрыстыққа барма» де-
ген  идеяны  оқырманына  оның  құлағы  қаныққан,  тілі  жаттыққан  сөз 
бояуларымен əсерлі етіп, əдемі жеткізген» [185-189-бб.].
Шəкəрімнің  ерекшелігі  неде?  Оған  былай  делінген: «Алайда  бұ-
дан Шəкəрім тілінде ешбір жаңалық жоқ, ізденіс жоқ деген тұжырым 
шықпайды. Керісінше, кəнігі фонда Шəкəрімнің Абайша тапқан соны 
дүниесі көріне түседі.
Абай  тілінің  өзіне  дейінгі  қазақ  көркемсөзі  поэтикасынан  ерек-
шеленетін бірнеше тұстары барын айттық. Солардың бірі – Абайдың 
өз  қолтаңбасының  (шығармашылық  контексінің)  айқын  көрінуі  бол-
са, бұл ерекшелікті танытатын белгілердің бірі – поэзия тілінде соны 
сөз-образдардың  молынан  орын  алуы.  Соны  образдар  жасауда  Абай 


241
Тіл-ғұмыр
жандандырған  тəсілдердің  бірі – мағына  жағынан  бір-біріне  жанас-
пайтын сөздерді тіркестіру екенін көрсеттік, осы амал Шəкəрімде де 
кеңінен қолданылған. Мысалы, оның: 
Улы жүрек, долы тіл сөйлеп отыр, 
Ыза қысып, тісімді байлаулымын, – 
деген  өлең  жолдарындағы  улы  жүрек,  долы  тіл,  тіс  байлау  деген 
тіркестер  мағыналары  жуыспайтын  сөздерден  жасалған:  улы  бола-
тын тамақ, ішімдік, дəрі сияқты нақты заттар, ал жүрек сөзіне тіркес -
кенде,  улы  компоненті  мағынасын  ауыстырып, «əділетсіздік  көрген, 
ызаға  толы»  деген  ұғымға  ие  болып  тұр,  долы  тіл  де  сондай:  долы 
болатын  нақты  адам  болса  керек  (долы  қатын  деген  сияқты),  ал 
адамның  өзі  емес,  тілін  долы  деп  бейнелегенде  жəне  тісімді  бай-
лаулымын  дегенінде  тағы  да  жанаспайтын  сөздердің  тіркесуінен 
жаңа  ұшқын – тың  экспрессия  пайда  болып  тұр.  Тағы  бір  өлеңінде 
Шəкəрім: 
Қайсыбірі қайғы айтып, 
Үміттің үйін құлатты, – 
дейді.  Үй – нақты  зат  атауы,  үміт – дерексіз  есім.  Деректі,  дерексіз 
есім  атаулары  тіркеспеуге  тиісті,  ақын  осы  «заңсыз  тіркес»  арқылы 
жаңа ассоциация туғызып тұр, оның үстіне осы үйді құлатып, бұл тың 
образды одан сайын күшейткен. Бұрынғы «үміт үзілу» деген образды 
үміттің үйін құлатты деп жаңаша ұсынуы – Абай үлгісі» [189-190-бб.].
«Шəкəрімнен,  Абай  сияқты,  образдар  дүниесін  теңеу,  шендестіру 
арқылы  беруде  де  жасалу  моделі  бұрынғы  болғанымен,  күтпеген 
соны қолданыстарды табамыз. Мысалы, Шəкəрімде өлең – əскер (Əс-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   170




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет